Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

СҮйегін тесуге дайындау



Мақсаты: диагностикалық: қан ауруларыныи диагнозын айқындау жэне диагнозды дұрыс қою үшін сүйек миын зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: қан өндіру жүйесінің аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: инфаркт миокардісі, бронхиалді астма үстамасы, көлемді күйіктер, тері аурулары, тромбоцитопения (тромбоциттердің азаюы).

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, 10-20 мл шприцтерді, Кассирский пункциялық инесін, 8-10 дана заттық әйнектерді, мақта жэне дэке шариктерін, корнцангты, қолғапгы, 70% спиртті, 5% спирттелген йод ерітіндісін, лейкопластырьді, таңғыш материалды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекег алгоритмі:

1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мэліметті беріп, оның рүқсатын алыңыз.

2. Төс сүйегін тесуді дэрігер емшара кабинетінде жүргізеді.

3. Төс сүйегі ІІІ-ІУ қабырға аралық деңгейде тесіледі.

4. Мейірбике манипуляция жүргізгенде дэрігерге комектеседі.

5. Науқасты емшара кабинетіне шақырыңыз.

6. Науқасты беліне дейін шешінуін сүраңыз. Науқасқа кушеткаға арқасымен көпшіксіз жатуына көмектесіңіз.

7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

8. Науқастың кеуде торының алдыңғы бетін, бұғанадан төс шеміршегі мен кіндік аймағына дейін 5% спирттелген йод ерітіндісінде суландырылған макта шаригімен, сосын 70% спиртке ылғалдатылган мақта шаригімен 2 рет тазартыңыз.

9 Ю.Кассирскийдің пункциялық инесін, сосын залалсыздандырылған шприцті дәрігерге беріңіз.

П.Дэрігер төс сүйектің сыртқы пластинкасын теседі. Оның қолы иненің ойыққа түсіп кеткенін сезеді, мандренің шығарып, инеге 20 мл шприцті жалғастырып, оған 0,5-1 мл сүйек миын сорып алып, заттық әйнекке қүяды.

12. Заттық әйнекті кептіріңіз.

13.Инені алған соң тесілген жерді 5% спирттелген йод немесе 70% спирт ерітіндісімен оңдеңіз, залалсыздандырылған дәке таңғышын салып, лейкопластырьді жапсырыңыз.

14.Қолғапты шешіңіз.

15.Қолданған қолғапты, шприцтерді жэне мақта шариктерін қауіпсіз жоюга арналган контейнерғе салыңыз.

16.Қолыңызды сабындап жуып, қүрғатыңыз.

17.Науқасты палатаға апарыңыз.

18. Заттық эйнектегі материал кепкеннен кейін жолдамамен зертханага апарыңыз.

Ескерту: Кассирский инесі - бүл қысқа қалың қабырғалы ине мандреннен және қалқаншадан түрады. Қалқанша иненің өте терең төс сүйегіне енуінен сақтайды.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 3546 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...