Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Буынды тесуге даярлау



Мақсаты: диагностикалық: буын ішіндегі сары суды анықтау; емдік: сары суды алу, буын қуысын жуу, дәрілерді буынға енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: буын аурулары, буын ішілік сынық, гемоартроз.

Қарсы көрсетілімдері: тесетін жердің терісінің іріңді қабынуы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған ұзындығы 7-10 см пункциялык инені, 10, 20 мл ширицтерді, пинцетті, дэке тампондарын, асептикалық таңғышты, салфеткаларды, қолғапты, 5% спирттелген йод ерітіндісін, 70% спирт ерітіндісін, 0,5% новокаин ерітіндісін, шыны түтіктерді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгори гмі:

1. Емшара кабинетінде асептика ережесін қатаң сақтай отыра, тесуді дэрігер жүргізеді.

2. Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мэліметті берір, оның келісімін алыңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

4. Науқастың орындыққа ыңғайлы отыруын немесе ыңғайлы жағдайды алуын сүраңыз.

5. Болжап тесетін жерді өңдеу үшін 5% спирттелген йод ерітіндісімен, сосын 70% спирт ерітіндісін, инфильтрациялық анестезияны жүргізу үшін шприцке сорып алынған 0,5% новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

6. Дәрігер сол қолымен буынның тесетін жерін қамтып алып, сары суды тесетін жерге қарай сығады.

7. Инені буынға енгізіп, шприцпен сары суды сорып алады.

8. Зертханалық зерттеуге шприцтің ішіндегі сүйықтықтын бірінші порциясын шыны түтіктің қабырғасына жанастырмай шыны түтікке қүйыңыз.

9. Тескеннен кейін буын қуысына антибиотиктерді, стероидты гормондарды енгізеді.

Ю.Инені алған соң, тесілген жерге 5% спирттелген йод ерітіндісін жағып, асептикалық таңғышты қойыңыз.

11.Шприцтерді, салфеткаларды, қолғапты, дәке тампондарын қауіпсіз жоюга арналған контейнерге салыңыз. Қолданылған пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

12.Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 3229 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...