Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

КӨк тамырҒа иньекцияны жасау алгоритмі



Мақсаты: емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінімен енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы. Қарсы көрсетілімдері: дәрілік затқа аллергиялық реакцня, болжаған инъекция жасайтын жердің терісінің және тері шелмайының закымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит).

Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік, аяқтың сыртқы беткейлік, бастың (балаларға) беткейлік веналары.

Асқынулар: гематома (қан ісік), некроз (өліеттену), флебит (көк тамырдың қабынуы), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы жэне қабынуы), дәрлік затты қате енгізу, дәрілік және ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын 10-20 мл шприцті (иненің ұзындығы 4 мм), лотокті, салфеткаларды, мақта шариктерін, 70% этил спиртін, ампуладағы дәрілік ерітіндіні, резеңке қолғапты, клеенкалы валикті, резеңке бұрауды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, шокқа қарсы арналған жиынтықты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алып, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беріңіз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, спирттелген мақта шариктерімен өндеңіз, демперде мен қолғапты киіңіз.

3. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).

4. Ампуланы ашар алдында, ондағы дәрілік ерітіндінің атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түрін караңыз (дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз).

5. Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қара).

6. Дәрілік ерітіндіні сорып алуға арналған инені алып, контейнерге салыңыз.

7. Көк тамырға инъекция жасауға арналған инені кигізіп, инеден қалпақты алмай түрып ауасын шығарыңыз.

8. Шприцті бір рет қолданатын шприцтің орауының ішкі бетіне салыңыз.

9. Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.

10. Наукастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).

11. Резеңке бүрауды иықтың ортаңғы (үштің бір) бөлігіне салфетканың

немесе ішкі киімінің үстінен байлаңыз.

12.Бүрауды былай байлаңыз: оның бос үштары жоғарыға бағытталған болады, ал ілгері төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек.

13.Науқастыңжұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұрап, сосын оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін).

14.Науқастыңбілегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқалаңыз, колдың ұшымен сәл ғана шапалакпен шынтақ шұңқыры аймағын ұрыңыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін).

15.Көктамырды зерттеңіз. Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды табыңыз.

16.Шынтақтыңбүгілген жерінің ішкі бетінің терісін спирттелген мақта шаригімен екі рет тазалаңыз (мақта шариктерін контейнерге тастаңыз), үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақтар арасына салыңыз.

17.0ң колға шприцті алып: II саусақпен - иненің канюлясынан үстап V саусақ - шприңтің поршенінде, III, IV, I - саусақтармен цилиндрді үстаңыз.

18.Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз.

19.Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген жері аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып, көк тамырға қатарластыра үстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір үзындығын көк тамырға енгізіңіз, «қуысқа» түскенін сезгенше.

20.Поршенді өзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

21.Сол қолмен бүраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз.

22.Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз.

23.Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, жаймен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз. Шприцтің поршенін апармай.

24.3алалсыздандырылған, спирттелген мақта шаригін тесілген жерге басыңыз, инені шығарыңыз.

25.Тесілгенжерді спирттелген мақта шаригімен 3-5 минуттай басып, науқастың шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сүраңыз.

26.Мақташаригін контейнерге салыңыз.

27.Шприцтіинесімен, қолғапты арнайы контейнерге салыңыз.

28.Қолыңыздыжуып, қүрғатыңыз.

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Көктамыр пункциясы туралы түсінік.

2. Көктамырішілік инъекция жасаудын көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.

3. Көктамыр пункциясының анатомиялық орындары және көктамыр типтері.

4. Көктамыр пункциясына медбике мен пациентті дайындау ережелері?

5. Дәрілік заттарды көктамырішіне еңгізу техникасы.

6. Көктамыр пункциясын жасау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау.

7. Егуден кейін болатын асқынулар.Алдын алу және емі.

8. Қолданылған құралдарды өндеу.

7.5. Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., ЕшоваГ.А. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С.А., Тарновская И.И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С.А., Тарновская И.И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И.И., Шикорова Н.В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т.Морозова Г.И. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. – М., 2008год

3. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 33790 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...