Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Лі вакциналар



Өлі вакциналарадың әсер ететін заты- физикалық, не химиялық тәсілдермен өлтірілген патогенді бактериялар мен вирустардың бүтін жасушалары, не олардан алынған протективті антигендік комплекстері (субжасушалық, субвириондық вакциналар). Бактерия мен вирустарды бейбелсендіру үшін формалдегид, спирт, фенол, тем-пературамен,, ультракүлгін сәулесімен әсер ету және ионизациялайтын радиация қолданылады.

Бактерияның, вирустардың антигендік комплексін (гликопротеин, ЛПС, ақуыздар) алу үшін үшхлорлысірке қышқылы, фенол, ферменттер, изоэлектрикалық тұндыру, ультрацентрифугалау, хроматоргафия және де басқа тәсілдер қолданылады.

Өлі вакцинаны алу үшін алғашында микробтар мен вирустардың таза дақылын өсіреді содан кейін белсенділігі жойылады. Препаратқа міндетті түрде консервант, кейде адъювант қосылады.

Өлшемі бір антигендік көрсеткішпен есептеледі. Әдетте терінің астына, не бұлшық ет ішіне бірнеше рет егіледі.

13.2.2.3. Молекулалық вакциналар.

Молекулалық вакциналар да антиген, олардың спецификалығын анықтайтын молекулалық немесе молекуланың бөлшегі түрінде болады (эпитоптар, детерминанттар). Иммунитет туғызатын протективті антигендерді табиғи патогенді микробтарды өсіру кезінде биологиялық синтез арқылы алуға болады (мысалы, экзотоксині бар күл, сіреспе, ботулизм микробтарынан). Токсинді молекула түрінде бөліп шығарғаннан кейін, формалинмен өңдеп оның улығын жойып антигендік және иммуногендік қасиетін сақтайды. Гендік инженерияның дамуы неше түрлі рекомбинанттық вакциналарды алуға мүмкіншілік тудырды. АИВ-қа, вирусты гепатиттерге, полиомиелитке, тағы басқа көптеген ауруларға қарсы вакциналарды айтылған тәсілмен дайындаудың зор болашағы бар. Молекулалық вакциналарды алудың тағы бір жолы оларды лабораторияда химиялық синтез арқылы жасау, бірақ бұл жол өте күрделі және мүмкіншілігі шектеулі.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1099 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...