Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Адъюванттар



Жоғарыда айтылғандай вакциналардың иммуногендік дәрежесін көтермелеу үшін адъюванттар қолданылады (лат. adjuvant – көмекші). Адъювант ретінде минералдық сорбенттер, полимерлі заттар, күрделі химиялық қосындылар (ЛПС, мурамилпептид); бактериялар мен оның компопенттірі (мысалы Фрейнд адъювантына қосатын БЦЖ -ның сорындысы); қабыну тудыратын заттар (сапонин, скипидар) қолданылады. Жоғарыда айтылғанға сәйкес адъюванттардың барлық түрі организмге бөгде заттар болып келіп, әртүрлі тектен және құрамнан тұрады, ал ұқсастығына қарай –олардың барлық түрі антигенің иммуногендігін күшейтеді. Адъюванттардың әсер ету механизімі өте күрделі. Олар антигенге де ағзаға да әсерін тигізеді. Антигенің молекуласын ұлғайтып, ерітілетін антигендерді корпускулярлыққа айландырады. Соның нәтижесінде олардың фагоциттермен өңделуі және басқа иммунды жауапты жасушалармен өзара қатынасқа түсуі жеңілдейді. Сонымен қатар, антигендер организмге енген жерінде фибринозды капсуласы бар қабыну тудырып, антиген көп уақытқа дейін сақталып, антигендік тітркендірудің уақытын ұзартады. Сондықтан, адъювант қосылған вакциналарды «деполанған» («сақталған») деп атайды. Адъюванттар иммунитеттің Т-, В-, А –жүйелерін тікелей демейді және де организмнің қорғаныс ақуыздарының түзілуін үдетеді. Адъювант антигендердің иммуногендік қасиетінің дәрежесін бірнеше сатыға көтереді.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 902 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...