Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Иммундыферменттік тәсіл немесе талдау ИФТ



ИФТ дегеніміз антигендерді соларға сәйкес ферментпен (пероксидазасы, бета-галактозидаза, сілтілік фосфотаза) белгіленген антиденелермен анықтау. Антиген ферментпен таңбаланған иммунды сарысумен қосылғаннан кейін, сол қосындыға ферментпен ыдыратылатын зат (хромоген) құйылады. Зат ферментпен ыдыратылып реакциядағы сұйықтың түсін өзгертеді. Байланысқан антигенмен антиденелердің саны неғұрлым көп болса соғұрлым сұйықтың түсі күреңдеу болады.

Қатаңфазалық ИФТ – реакцияның кең қолданылатын тәсілі. Принципі-антигенді, немесе антиденені қатаң тасымаладаушының үстіне, мысалы, полистрол планшетасының шұңқүрларының бетіне қондыруға негізделген.

Антиденелерді анықтағанда планшетаның шұңқұрына ретімен аурудың қан сарысуы, ферментпен өңделген антиглобулиндік сарысу, фермент ыдырататын хромоген құйылады. Әрбір компонент қосылғаннан кейін шұңқұрдан байланбаған заттарды мұқият жуып-шайып отырады. Реакцияның оң нәтижесінде шұңқырдағы сұйықтың түсі өзгереді. Катаңфазалық тасымалдаушыға антиденлерді қондырып антигендерді анықтауға болады, ол үшін тек қана антиглобулиндік сарысудың орнына, ферментпен өңделген антигенге қарсы иммундық сарысу қосылады.

ИФТ-ның басқа да түрлері бар, мысалы, бәсекелік ИФТ.

ИФТ вирустық, бактериялық, паразитарлық ауруларға диагноз қою үшін, сонымен қатар гормондардың, дәрі-дәрмектің, биологиялық белсенді препараттардың зерттеліп отырған заттаардағы ең төменгі өлшемін анықтау үшін колданады.

12.6.3. Радиоиммунды тәсіл (РИТ)

Радионуклидпен (J125, C14, H3, Cr51) белгіленген антиген, немесе антидене арқылы антиген-антидене реакцияларын анықтауға қолданылатын өте жоғары денгейдегі сезімталдығы бар тәсіл. Антигенмен антидене тығыз байланысқа түскеннен кейін құрылған радиоактивті комплексті жекелендіріп оның родиоактивтігін арнаулы санағышпен өлшейді. Радиоактивті сәулелендірудің қарқыны құрылған комплекстің санына тікелей пропорционалды байланыста болады.

РИТ-ның ИФТ-ға ұқсайтын қатаңфазалық және бәсекелік түрлері бар. Жүргізу прициптері бірдей.

РИТ микробтардың, антигендердің, гормондардың, ферменттердің, дәрілердің, иммундыглобулиндердің тағы да басқа заттардың ең төменгі өлшемін анықтау үшін қолданылады. Бірақ, тәсілдің белгілі экологиялық кауіптілігі бар.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 3222 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...