Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Патогенді, сапрофитті және шартты-патогенді микробтар туралы түсінік



Адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің макроорганизмі үшін патогенділік (син.: ауру қоздырғыштық) дәрежесіне қарай барлық микробтарды үш топқа бөледі: патогенді, сапрофитті және шартты-патогенділер.

Патогенділер (грек: pathos азап шегу, зиян шегу; genis - туылу) – бұл адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы ауруларының қоздырғыштары. Эволюция барысында патогенді микробтардың адаптациялануының тереңдегені сонша, олар белгілі бір уақытта макроорганизмнен тыс жағдайда бола алатынына қарамастан, макроорганизмде тіршілік етуі микробтың биологиялық түр ретінде сақталуына қажетті шарт болып табылады. Осыған орай, олар үшін ауру – бұл эволюция барысында макроорганизммен симбионттық қатынас қалыптасуының нәтижесі болып табылады.

Сапрофиттер (грек: sapros – шіріген, phyton - өсімдік) немесе патогенсіздер – бұл өсімдіктердің және жануарлардың өлі тіндерімен немесе олардың тіршілік ету кезіндегі өнімдерімен қоректенетін микробтар. Әрбір түрлердің қоректік субстраттарға талғамдылық дәрежесі әртүрлі болады. Олар макроорганизмге байланысты емес, оларға тек қана дайын органикалық заттар қажет.

Кейбір микробтар, мысалы, күйдіргі және сіреспе қоздырғыштары топырақта сапрофиттер ретінде тіршілік етеді. Метаболиттер көзі және тіршілік ету ортасы ретінде пайдалану үшін макроорганизмге енгеннен кейін олардың патогенділігі көріне бастайды.

шартты-патогенділер (син.: потенциалды патогенділер немесе оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары) – бұл макроорганизмге тиісті жағдайда, яғни макроорганизмнің резистенттілігі күрт төмендеп, көп мөлшерде макроорганизмнің ішкі ортасына түскенде (пассивті енгенде) ауру туғызушылық әсер ететін микробтар. Олар патогенді микробтар мен сапрофиттердің аралық жағдайында орын алады. Шартты-патогенді микробтарға адамдардың қалыпты микрофлорасының өкілдері немесе жұқпалы аурулар тудыра алатын еркін өмір сүруші микробтар жатады. Өйткені олар эволюциялық даму барысында сапрофиттік, әрі паразиттік өмір сүру қабілеттілігін сақтаған. Патогенді микробтардың ерекшелігі сол макроорганизмнің ауруы олар үшін биологиялық түр ретінде тіршілік етуге қажетті шарт емес, тек қана симбионттық қатынастардың бұзылуының нәтижесі болып табылады. Патогенді және шартты-патогенді микробтардың арасындағы түпкі айырмашылығы осында.

Қазіргі кезде микробтарды патогенді және шартты-патогенді деп бөлудің салыстырмалы екендігі жалпы танылған түсінік.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 4958 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...