Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сер ету механизмі бойынша антимикробты химиопепараттардың жіктелуі



Жасуша қабырғасы синтезінің ингибиторлары Ақуыз синтезінің ингибиторлары Нуклеин қышқылы синтезінің ингибиторлары Жасуша мембранасы (ЦПМ) қызметінің ингибиторлары
*Бета-лактамдар (пенициллиндер, цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдар) *Гликолипидтер *Аминогликозидтер *Тетрациклиндер *Хлорамфеникол *Линкозамидтер *Макролидтер *Фузидиев қышқылы Нуклеин қышқылының ізашары синтезінің ингибиторлары *Сульфаниламидтер *Триметоприм ДНК репликациясының ингибиторлары *Хинолондар *Нитроимидазолдар *РНК полимеразаның ингибиторлары *Рифампициндер   *Полимиксиндер *Полиендер *Имидазолдар

Жасуша қабырғасы синтезінің ингибиторлары. Жасуша қабырғасы синтезін ингибирлеуші антибиотиктердің бір-бірінен химиялық құрылымы бойынша айырмашылығы бар. Бұл топтардың маңызды препараттары-бета-лактамдар және гликопептидтер (олардан басқа циклосерин және бацитрацин бар, олр өте уытты). Пептидогликан-бактериялардың жасуша қабырғасының негізі - әмбебап және прокариоттар үшін аса қажетті, жасуша қабығы бар бактериялардың барлығында болады. Пептидогликан ізашарының синтезделуі цитоплазмада басталады. Олар ЦПМ-дан өтіп, гликопептидті тізбектер құрады(бұл кезеңді гликопептидтер ингибирлейді). Пептидогликанның толық түзілуі ЦПМ –ның сыртқы беткейінде жүреді. Бұл кезең ақуызды ферменттердің қатысуымен жүреді, олрды пенициллинмен байланыстырушы ақуыздар деп атайды, олардың өзі пенициллин және т.б. бета-лактамды антибиотиктер үшін нысана болып табылады. Пеницллин байланыстырушы ақуыздарды ингибирлеу бактерия жасушасында пептидогликан ізашарларының жиналуына әкеледі. Мұндай ізашарлардың көп мөлшерде жиналуы нәтижесінде, бактерия жасушасында оларды жоятын жүйе аутолитикалық ферменттер шығады. Олар қалыпты жағдайда бактерия жасушасының бөлінуі кезінде пептидогликанды ыдыратады. Аутолитикалық ферменттер әсерінің нәтижесінде бактерия жасушасының лизисі (еруі) жүреді.

Ақуыз синтезінің ингибиторлары. Бірқатар белгілеріне қарай прокариоттардың ақуыз синтездеуші аппаратының эукариотты жасушалардың рибосомасынан ерекшеленеді, оларға әсер ететін препараттардың селективті уыттылығына төтеп беруге қолданылуы мүмкін. Ақуыз синтезі-көпсатылы процесс, оған көптеген ферменттер мен құрылымдық суббірліктер қатысады. Әртүрлі препараттардың әсерінің бірнешеуі белгілі: 70 S рибосомаға инициальды кешен түзіп т-РНК-ның қосылуы (аминогликозидтер),т-РНК-ның акцепторлық сайттан донорлық сайтқа ауысуы, акцепторлық сайтқа т-РНК-ның жаңа аминоацилының қосылуы (тетрациклиндер), пептидилтрансферазамен катализденетін пептидтің құрылуы (хлорамфеникол, линкозамдтер), пептидил т- РНК –ның транслокациясы (эритромицин), пептидті тізбектің ұзаруы (фузидий қышқылы), пептидті тізбектің босауы және терминациясы. Осылай, аминогликозидтер мен тетрациклиндер 30 S –суббірлікпен байланысып, ақуыз синтезі басталғанға дейін процесті тежейді. Тасымалдау РНК –ның қосылу процесін аминогликозидтер қайтымсыз ингибирлейді, ал тетрациклиндер тасымалдау РНК-ның рибосомаға қосылуының келесі сатысын қайтымды тежейді. Макролидтер, хлорамфеникол, линкозамидтер 50 S суббірлігімен байланысады. Бұл пептидті тізбектің ұзаруын үзеді. Бұл антибиотиктерді алып тастаса процесс қалпына келеді, яғни бактериостатикалық әсер етеді.

Нуклейн қышқылдары синтезінің ингибиторлары. Нуклейн қышқылдарының қызметтері мен синтезінің бұзылуы үш жолмен қамтамасыз етіледі:1) пурин –пиримидин негіздерінің ізашарларының синтезін ингибирлеу (сульфаниламидтер, триметоприм), 2) ДНК қызметтері мен репликациясын тежеу (хинолондар, фторхинолондар, нитроимидазолдар, нитрофурандар) және 3) РНК- полимеразаны ингибирлеу (рифампициндер).

Бұл топқа көбіне синтетикалық препараттар (антибиотиктерден рифампициндер) осындай әсер ету механизмге ие, олар РНК- полимеразамен байланысып мРНК синтезін тежейді. Фторхинолондардың әсері негізінен ДНК-гираза ферментінің белсенділігін жоюмен байланысты, ол бактерия хромососмасын суперспиральдеуді қамтамасыз етеді. Сульфаниламидтер – парааминобензой қышқылының құрылымдық аналогтары – парааминобензой қышқылын пуринді және пиримидинді негіздердің ізашары фолий қышқылына айналдыруға қажетті ферментті ингибирлеп және бәсекелі байланысуы мүмкін. Бұл негіздер нуклейн қышқылының синтезіне қажет.

ЦПМ қызметтерінің ингибиторлары. ЦПМ барлық тірі жасушаларда бар, бірақ прокариоттар (бактериялар) мен эукариоттарда оның құрылымы әртүрлі. Саңырауқұлақтардың ЦПМ-сының макроорганизм жасушасының ЦПМ-сына ұқсастығы көп, айырмашылығы да бар. Сондықтан саңырауқұлаққа қарсы препараттар- антимикотиктер адам организміне өте уытты келеді, тек кейбір препараттарды ішке қабылдауға рұқсат етілген. Бактериялар мембранасына арнайы әсер ететін антибиотиктер саны көп емес.

Ең танымалдысы полимиксиндер(полипептидтер), оған тек грам теріс бактериялар ғана сезімтал. Олар жасуша мембранасындағы фосфолипидтерді зақымдап, жасушаны лизистейді (ерітеді). Уыттылығына байланысты оларды тек жергілікті процестерді емдеуге қолданып, парентералды енгізбейді. Қазіргі кезде тәжірибеде қолданбайды. Саңырауқұлаққа қарсы препараттар (антимикотиктер) эргостеролдарды (полиенді антибиотиктер) бұзады және эргостеролдар биосинтезінде маңызды ферменттердің бірін ингибирлейді (имидазолдар).





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1799 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...