Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

уысты операцияға дайындық



Мақсаты- студентке қуысты операция үшін барлық қажеттіні дайындауды, ауруды дайындауды және операция кезінде дәрігерге көмекті қамтамасыз етуді үйрету.

Көрсетулері- акушерлік және гинекологиялық қуысты операциялар.

Қарсы көрсетулері- жоқ

Мүмкін болатын асқынулары- операция кезіндегі асқынулар.

Ресурстары- операциялық үстел,тігістік материал,операциялық киім- кешектер, қуыстық операция үшін құрал- саймандар, дәкелік сүрткілер, кәріздік түтіктер, сорғыш, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, дәрі-дәрмек заттар, шприцтер, 1 йоданат немесе 5 йод тұнбасы, сабын, орамал.

Іс – әрекет алгоритмі:

Медбикенің міндетіне кіреді:

1. Зарарсыздандыру және миркобжойғы ережелерін орындау.

2. Тігістік материалды дайындау.

3. Киім – кешектерді дайындау.

4. Құрал – саймандарды дайындау.

5. Операция кезінде хирургтің реттілік іс – әрекетін білу.

6. Қолдарын жууды қамтамасыз ету, стерилді халатты кию.

7. Хирургті киіндіру.

8. Стерилді операциялық үстелді дайындау және дұрыс жабу (реттілігмен қою).

9. Қолданылған құрал – саймандардың санын білу және оларды операция алдында және операция соңында санау.

10. Сүрткілер тек қыспа арқылы беріледі, оларды іш қуысына қалдырып қоймау

үшін.

11. Операциялық медбике операцияға дейін керекті құрал – аспаптарды, кәріздік түтіктерді, сорғышты және басқалары туралы мәселелерді хирургпен шешеді.

12. Операция кезінде медбике дәрігерге қажет болса ассистенттік көмек береді.

13. Дәрігердің тағайындауына сәйкес ауруды операцияға дайындайды.

14. Операциядан кейінгі кезеңде медбике организмнің өмірлік маңызды функцияларын бақылап отырып, ауруды күтуді қамтамасыз етеді, құжаттардағы керекті көрсеткіштерді тіркейді және операциядан кейінгі кезеңнің ағымының қай ауытқулары болсада дәрігерге хабарлайды, сонымен қатар аурудың тазалығын және тамақтануын қадағалайды.

Ескерту. Қуысты операцияға дайындық әйелдің жоспарлы және шұғыл ауруханаға жатуына байланысты.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 1428 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...