Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жатыр мойнының эрозияланған жерінен биопсия алуға әйелді дайындау



Мақсаты- студентті жатыр мойнының эрозияланған жерінен биопсия алуға әйелді дайындауға үйрету.

Көрсетулері- жатыр мойнының эрозиясы.

Қарсы көрсетулері- инфекция.

Мүмкін болатын асқынулары- жоқ.

Ресурстары- гинекологиялық орынтақ, Симпсонның қынаптық айналары көтергішімен, корнцанг, анатомиялық пинцет, биотон, оқтық қыспақтар, стерилді шариктер, 70% этил спирт немесе 40% формалин құйылған пенициллиндік шиша, зертханаға жолдама, ыдыс сауыт, клеенка, жаялық, гемостатикалық губка, 3 % хлорамин ерітіндісі, марганец қышқыл калийдің ерітіндісі (1:6000), бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, тығындар, инесі бар инеұстағыш және кетгутті тігістер, сабын, орамал, 1% йодонат немесе 5 % йодтың тұнбасы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге емшараның орындалу мақсатын, қажеттілігін және барысын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2. Зәр қуығын босату қажеттілігін ескертіңіз.

3. Әйелді гинекологиялық орынтаққа әдеттегідей астына клеенка төсеп жатқызыңыз.

4. Жыныс мүшелерін және сандардың ішкі беткейін марганец қышқыл калийдің ерітіндісімен жуыңыз және құрғатыңыз.

5. Жыныс мүшелерін және сандардың ішкі беткейін 1% йодонатпен немесе 5 % йодты тұнбамен тазалаңыз.

6. Құйрық астына жаялық төсеңіз.

7. Қолдарыңызды гигеналық деңгейде жуыңыз.

8. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

9. Ресурстағы барлық көрсетілгендерді дайындаңыз.

10. Стерилді үстелшені жабыңыз.

11. Дәрігерге биопсияны жүргізу кезінде көмектесіп (ассистенция), оған құрал-саймандарды және стерилді материалдарды керек уақытында алып беріп отырыңыз.

12. Емшарадан кейін стерилді пинцетпен биопсия кезінде алынған тіннің кішкене кесегін спирт немесе формалин құйылған шишаға салыңыз, тығынмен жабыңыз.

13. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды КҚҚ салыңыз. 14. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

15. Зертханаға келесі үлгіде жолдама жазыңыз:

Жолдама 1. Ата-тегі, аты, әкесінің аты------------------------------------------------------------- 2. Жасы--------------------------------------------------------------------------------------- 3. Диагнозы---------------------------------------------------------------------------------- 4. Мақсаты-жатыр мойнынан биопсия кезінде алынған тіннің кішкене кесегін зерттеу. 5.Күні----------------------------------------------------------------------------------------- 6.Қолы ----------------------------------------------------------------------------------------  


16. Әйелді қоларбаға ауыстырып жатқызыңыз, астына таза төсегіш төсеңіз, оны жатқан бөлмесіне апарыңыз және кереуетке ауыстырып жатқызыңыз.

17. Ауру әйелге, оған 2 сағат бойы төсектен тұруға болмайтынын түсіндіріңіз.

18. Бүкіл қолданылған құрал-саймандарды және таңғыш материалдарды 1 сағатқа 3% хлорамин ерітіндісіне салып қойыңыз.

Ескерту. Биопсия- бұл гистологиялық зерттеу мақсатында патологиялық өзгерген тіннен кішкене кесекті кесіп алу болып табылады. Бұны жүргізу үшін қандауыр, конхотом, немесе электрокоагуляция үшін қолданылатын аппараттың электродының ілмегі пайдаланылады. Жатыр мойнының биопсиясын жүргізу алдында Вассерман реакциясын қояды, инфекцияға үрпіден, мойын каналынан және қынаптан жағынды алады.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 1307 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...