Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі



Мақсаты - жүкті және босанатын әйелдерден сұрау кезінде студенттің тәжірибелік

ептілігін бағалау.

Көрсетулері - әйелдер консультациясына және акушерлік стационарға жүкті және

босанатын әйелдердің алғашқы қаралуы кезінде.

Қарсы көрсетулері- жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары -жоқ.

Ресурстары – үстел, орындықтар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, қазіргі сұраудың қажеттілігі мен маңызын әйелге түсіндіріңіз

және оның ризашылығын алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

3. Жүкті және босанатын әйелдерден сұрау әдістемесі келесі мәліметтерден тұрады:

а) төлқұжаттық мәліметтерін, анықтаңыз (ата-тегі, аты, әкесінің аты, жасы, жұмыс орны, мамандығы, мекен жайы, үй телефоны, күйеуінің жұмыс орны және оның телефоны). Жасы туралы мәселе- өте жас қызбала және жасы үлкен бірінші жүкті әйелдерде жиі жүктіліктің асқынулары болады, ал ең соңғысында балаларының даму ауытқулары жиі кездеседі.

Б) жүкті және босанатын әйелдердің барлық шағымдарын мұқият түрде тыңдаңыз.

Жүкті әйелдер еттеккірдің тоқтауы және жүктілікке күдікті, жүктіліктің белгілері және басқа бұзылыстар, сонымен қатар жыныс жолдарынан қанды бөлінділер (түсік, жатырдан тыс жүктілік, көпіршікті тығын, плацентаның жатуы және басқалары) болған кезде қаралады. Кейбірде жүктіліктің токсикоздары, жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу мүшелері, асқорыту және тағы басқа бұзылыстар бар болған кездеде қаралады.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 1863 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...