Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жергілікті емдеу



1. Ауру сезімін басу – анестетик ертінділерін (1% тирмекаин, 1-2% пиромекаин, 1-2% лидокаин ертінділері) жарақат ошағына бастырма қою немесе аэрозолдық препараттарды («Лидокаин»-эорозоль, «Лидестин» және «Xylostesin» аэрозольдарын) қолданып уақытша жансыздандыру.

2. Антисептиктер және ферменттермен өңдеу (өңдеуді әрбір 3-4 сағат сайын жүргізген жөн). Антисептиктерден 0,25-0,5% сутегінің асқын тотығын, 0,25% хлорамин, 0,5% этоний, 0,1% госсипол, хлоргексидиннің 0,06% ертінділерін, ферменттерден дезоксирибонуклеазаның 0,2%, лизоамидазаның 1%, трипсин, химотрипсиннің 1% ертінділерін қолданған тиімді.

3. Алғашқы күндері (3-4 күн ұдайы) тазаланған және өңделген жарақат ошақтарына вирусқа қарсы дәрілерден (ертінділерден және жақпалардан) аппликат қойған жақсы нәтиже береді. Олар - 1% бонафтон, 5% ацикловир, 0,5% флореналь, 3% госсипал, 2-5% алпизарин, 3% мегасин, 1-5% хелепин немесе хедилеспин, 50% интерферон жақпалары.

4. Қабынуға қарсы жақпалар мен гельдерді де (бутадион жақпасы, мундизаль гелі, пиралвекс) пайдалануға болады.

5. Эрозия ошақтарының тез жазылуын қамтамасыз ететін дәрілік заттарды – А витаминнің майлы ертіндісі, 0,2% тездан линименті, итмұрын және шырғанақ майлары, каротолин, актовегин және солкосерил жақпалары, денталды адгезивті пастаны «Ливиан», «Спедиан», «Олазоль», «Гипозоль» сияқты аэрозольдық препараттарды қолданады.

6. Ерін жиектеріндегі, тері бетіндегі бөрткендерді 1-2% бриллиант жасылының спирттегі ертіндісімен, фукарцинмен, вирусқа қарсы жақпалармен өңдейді.

Аурудың диагнозы дер кезінде анықталып, емдеу шаралары дұрыс жүргізілсе, сырқат адам 1-2 жетінің ішінде сауығып кетеді. Ал емі дұрыс жүргізілмеген жағдайда ауру созылмалы қайталамалы түрге ауысады.

Аурудың алдын алу. Ауыздың жедел герпестік қабынуы жұқпалы ауру болғандықтан, сырқат адамды оңашаландырған жөн. Тұрмыста қажетті заттарын (сүртінетін сүлгілер, ыдыс-аяқтар) арнаулы өңдеуден өткізіп, өзі жеке пайдаланған жөн.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 743 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...