Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жұқпалы аурулар



Жұқпалы аурулар көбінесе вирустардың, бактериялардың, саңырауқұлақтардың әсерінен дамиды. Олардың көбі организмге сыртқы ортадан (экзогендік инфекция) тағамдармен, ауамен бүтіндігі бұзылған тері және кілегей қабықтар арқылы түседі. Көпшілік жағдайда ауыз іші организмнің инфекциямен бірінші рет қатынасқа түсетін ортасы болып саналады. Сонымен қатар ауыз ішін жайлаған микроорганизмдер (сапрофиттер)- резиденттер де ауру тұдыруы мүмкін (эндогендік немесе аутоинфекция). Бұл микробтар иммундық жүйенің қорғаныс қасиеті төмендеген кезде патогендік қасиетке (ауру тұдырушы) ие болады. Инфекциялық ауруларға тән ортақ белгілер:

1) Ауру тұдырушы агент лабораториялық зерттеулердің көмегімен қалтқысыз анықталады.,

2) Арудың жұқпалылығы немесе ауру туындатушы микробтың сырқат адамнан төңірегіндегі адамдарға берілуі.

3) Ауру туындатушы микробтың өзіне тән қасиеті немесе барлық адамда бір-ақ түрлі ауру тұдыруы.

4) Клиникалық белгілерінің тек осы ауруға ғана тән заңдылығы.

Жұқпалы агент организмге енгеннен кейін қабыну үрдісі дамиды және ол кезде көбіне толықтану (экссудация), өліеттену немесе кәрілік белгісіне ие болу (альтерация), көбею (пролиферация) белгілері орын алады. Тіндердегі дами бастаған қабынудың сипаты енген инфекциялық агент пен оған беретін организмнің иммундық жауабымен тығыз байланысты болады.

Ағым ерекшелігіне байланысты жедел және созылмалы инфекциялық аурулар деп бөледі. Көптеген жұқпалы аурулардың алғашқы белгілері ауыз кілегей қабығында көрініс береді және тек сол ауруға тән ерекшелігімен сипатталады.

Көпщілік жағдайда жұқпалы аурулардың ауыздағы белгілері аса ерешеліне қоймағандықтан, олардың диагнозын нақтылау қиынға түседі. Сонымен қатар олардың ауыздағы клиникалық белгілерінің өзгеруіне жергілікті ыңғайсыз ықпалдар (екіншілік инфекция, зақымдаушы факторлар, ауыз гигиенасы) сақтамау әсер етеді.

Жедел және созылмалы жұқпалы аурулар өз кезегінде организмнің жалпы жағдайын өзгертіп, иммунитет және витаминдер жетіспеушілігін туындатады. Ал осының өзі жұқпалы аурудың клиникалық көрінісінің өзгеруіне әкеліп соғады. Осының барлығы дәрігер-стоматологтың жұқпалы ауруды нақтылау мүмкіндігін төмендетіп, дәрігерлік қателік жіберуіне және емдеу шараларын тиімді жүргізбеуіне мүмкіндік тұғызады.

Диагнозы дұрыс нақтыналып, емі дұрыс жүргізілмеген кез-келген ауру әртүрлі асқынуларға әкеп соғады.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 1821 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...