Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дезинсекциялық шаралар



Биттермен күресудің дизенсекциялық шаралары жәндіктері және олардың жұмыртқаларын жою үшін төмендегідей тәсілдер қолданады:

  1. Механикалық тәсіл.
  2. Физикалық тәсіл.
  3. Химиялық тәсіл.

І. Адамдар биттенуі онша көп болмаса жәндіктерді және олардың жұмыртқаларын тарақпен тазалау,шашты кесу немесе алып тастау жолымен жәндіктерді және олардың жұмыртқаларын жоюдың механикалық тәсілін қолданған орынды.Шашты жинау үшін үлдір немесе қағаз төсеп,оны шашпен және жәндіктермен қоса өртейді.

ІІ. Шаштағы сіркені тарамастан бұрын шашты жуады,жылы сірке суымен немесе сірке қышқылының жылы ерітіндісімен шаяды.Содан кейін сіркелерден шашты тарақ арқылы арылтады,алдын-ала тарақтың тістерінің арасына ширатылған мақта өткізіп,оны сірке суымен шылап тарайды.

ІІІ. Адамның терісінде бит табылған жағдайда оған санитарлық шаралар жүргізіп-денесін сабынды ыстық сумен және жөкемен ысқылап,киімдерін ауыстырады,қажет болған жағдайда түктерін қырып тастайды.

ІV. Адамдар киімдерінде биттер анықталса және оны жоятын заттар болмаса ішкі және сыртқы киімдердің тігістерін,қатпарларын,белдіктерін ыстық үтікпен үтіктейді.

V. Ауруханаларда, қарттар үйінде,интернаттарда,сәбилер үйінде,

Жатақханаларда,балалардың сауықтыру лагерлерінде,мектепке дейінгі ұйымдарда биттеу орын алғанда осы ұйымның битке қарсы қолданатын дәрмектерден жабдықталған қобдишаны медициналық қызметкері осы ұйымда адамдарды санитарлық-шаралар жүргізу үшін пайдаланады.

VI. Орта және үлкен дәрежедегі биттенуі жою үшін химиялық дәрмектер пайдалану ұсынылады.Биттері бар 5 жасқа дейінгі балаларды,бала емізетін аналарды,жүкті әйелді терісін (микрожарақат,дерматиттер,терінің созылмалы ауруы)битке қарсы дәрмектермен өңдеуге болмайды.

VII. Дененің шашты бөліктерін өңдеу үшін осы нұсқаудың қосымшасына сай биттерді жоятын химиялық дәрмектерді пайдаланады.

VIII. Шашты өңдегеннен және жуғаннан кейін сірке қышқылының 5-10% жылы сулы ерітіндісімен шаяды.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 1427 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...