Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Арсы тәртіпті ұйымдастыру



Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіп аурухана ішілік инфекцияны болдырмауға бағытталған,санитарлық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жиынтығын қамтиды. Санитарлық – эпидемиялық тәртіп профиліне сәйкес емдеу–профилактикалық ұйымдарында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен инструкциялық -әдістемелік құжаттарға және бұйрықтарға сәйкес жүргізіледі:

· 630 (720) бұйрық (18.08.2004) -«Хирургия саласы бойынша аурухана мекемелеріне (бөлімшелерге қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар мен нормалар».

· 684 бұйрық (26.XІI.2008ж) - «К.Р вирусты гепатиттермен сырқаттанудың алдын-алу жөніндегі шаралар туралы».

· 916 бұйрық (04.08.83) - Жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлерінің еңбегін қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар тәртібінің нұсқауларын бекіту туралы».

· 236 бұйрық (11.03.2004ж) «Қазақстан Республикасы Бөртпе сүзегінің және Брилл ауруының алдын-алу шараларын күшейту туралы».

· 466 (471) бұйрық (03.VІІІ.2007 ж) - «Қазақстан Республикасында туберкулезге қарсы күрес жөніндегі кейбір нұсқауларды бекіту туралы».

· 467 бұйрық (18. Ү.2001ж)- « Қазақстан Республикасында туберкулезді күшейту шаралары».

· Санитарлық ережелер мен нормалар № 8.01.013.03(01.01.2003)-«Медициналық заттарды залалсыздандыру және зарарсыздандырудың сапасына иқойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар».

· 420 бұйрық (17.VIІ.1998ж) - «Перзентханадағы санитарлық жұмыстарды ұйымдастыру,жабдықтау және індеттің алдын-алу».

· 742 бұйрық (19.12.2007ж)- «Ана мен баланы қорғау мекемелерінде ауруханаішілік инфекцияның алдын-алу ережелері».

· 766 бұйрық (20.10.2003)ж –Медициналық қызметкерлерін міндетті түрде медициналық тексеруден алдын-ала және кезең сайын өткізу».

· 349бұйрық (15.08.2006ж) – «Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында аурухана ішілік жұқпалы ауруларға инфекциялық бақылауды жүргізу кезінде жұмыс жағдайымен медицинадлық қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» саритарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары.

· 575 бұйрық (11.07.2000)- «АҚТҚ-мен(СПИД) жұқтырғандығын анықтаудың медициналық куаландыратын ережесін бекіту туралы».

· Санитарлық ережелер мен талаптар 3.10.083.02 «Ана мен бала мекемелерін және ауруханалық мекемелерді құру және қалыптастыруы талап ету».

· № 801011 (6.ІІІ.2001) –« Операциядан кейінгі іріңді асқынулардың алдын-алу шараларын ұйымдастыру және жүргізу».

· 224 (288) бұйрық (11.05.2005)- «Қазақстан Республикасында залалсыздандыру қызметін жетілдіру туралы шаралар».

· 533 (362) бұйрық (23.07.2010) –«Медицина қалдықтарды жинауға тасымалдауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.

Асептика және антисептика ережелерін қатаң сақтап емдеу – профилактикалық ұйымдардағы санитарлық – эпидемияға қарсы тәртіптің негізі болып саналады.

Асептика –қоршаған ортадағы, аурухана ішілік жұқпалы аурулар қоздырғышын болдырмауға бағытталған іс-шаралар жинағын айтады,сапалы жүргізілген залалсыздандыру және зарарсыздандыру тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.

Антисептика деп жарақаттанған жердегі микробтарды жоюға және дамуына жол бермеуге бағытталған іс –шаралар жинағы.

Алдын-алуға бағытталған антисептикаға манипуляция алдында қолды және егу аймағын антисептик ерітіндісімен тазарту жатады.

Емдеу бағытталған антисептика келесі түрлерге бөлінеді:

· Механикалық антисептика-жарақаттан қанды іріңді, өлі еттенген тіндерді,бөгде заттарды жоюға бағытталған.

· Физикалық антисептика-жарақатты кварц лампасымен емдеу,турунда,дренаж қою,гипертониялық ерітінді қолдану.

· Химиялық антисептика –микробтарды жою мақсатында дәрілерді қолдану (антисептиктер –этил спирті,калий перманганат,сутегі асқын тотығы, йод және т.б;).

· Биологиялық антисептика- антибиотиктер, сары су, вакциналарды, бактериофагтарды қолдану.

· Аралас антисептика медицинада кеңінен қолданылады,жоғарыда айтылған антисептиканың түрлері бірігіп жүргізіледі.

Емдеу- профилактикалық ұйымдарда санитарлық-эпидемиялық тәртіпті ұйымдастыру және бақылау бас дәрігерге,бас мейірбике мен аға мейірбикеге жүктелген.

Медицина қызметкерлері санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды дұрыс жүргізбеген жағдайда әкімшілік алдындағы жауапкершілікке тартылады.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 1843 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...