Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бұйрық № 684. 26. Хіі. 2008ж



“Қ.Р-да вирусты гепатиттермен сырқаттанудың алдын-алу жөніндегі шаралар туралы”. Вирустық А гепатиті – бауыр қабынуына алып келетін жедел жұқпалы ауру.Бұл ауру біздің республикамызда,әсірісе балалар арасында көп таралған.

Жұғу жолдары:

1. Тұрмыстық контакт жолдары-кір қолдар, ыдыстар,ойыншықтар арқылы жұғады.

2. Су арқылы- ластанған су қоймаларында шомылғанда, абайсызда суды жұтып қойғанда.

3. Тағамдық жолы-жуылмаған көкөніс, жеміс-жидектерді тұтынғанда.

1. Сырқаттан бөлінген нәжісті,зәрді,құсықты гипохлорид ұнтағымен себеді.200 грамм – 1 кг-ға- 1сағат.

2. Ыдыстар (дәрет ыдысы,шелек,бак) 0,1% деохлор ерітіндісіне 1 сағат салынады.

3. Сырқаттың шай қасығы,кесе,шанышқы 0,06% деохлор ерітіндісінде 1 сағат қояды,сосын жуып-шаяды.

4. Сырқаттың тамақ қалдықтарын,ыдыстан қалған жуынды суын 1кгға-200 гр гипохлорид Са саламыз.

5. Сол науқасқа қолданылған мұз торсықты,астына салған клеенканы 1 сағат-0,2% деохлор ерітіндісіне салады немесе арасы 15минуттан екі рет сүртіледі,шайылады,кептіріледі.

6. Сырқаттың кірлеген төсек орнын 2% ас содасында қайнатады немесе

0,2% деохлор ерітіндісінде 1 сағат қоямыз,сосын жуып –шаю.Сырқаттың

жатқан бөлмелерін 0,2% деохлор ерітіндісімен жуады.

7. Ванна,раковина,унитаз екі рет 0,2% деохлор ерітіндісімен сүртеді.

8. Еден жуатын құралдар 0,2% деохлор ерітіндісімен залалсыздандырады.

9. Қолданылған резеңке қолғаптарды 0,2% деохлор ерітіндісінде 1 сағат салынады.

10. Медициналық құралдарды резеңке қолғап киіп тазарту керек.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 1316 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...