Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бас атыс-шабыстың картасы



Көздерінізге мына жағдайды елестетіңіздер: штабта әскер басшы қабырғаға жақын орналасқан, ол қабырғада барлық әскер жайлы ақпарат енгізілген, тек сан және әріптер көмегімен: координаттары және танк жайлы (саны, жағдайы), әсери-әуе, жаяу әскер, артиллярлы, бөлімшелерді қамтамасыз ететін, дұшпандардың тыншылары туралы дәл осындай ақпараттар, жалғаулы қосындылар туралы жаңа ақпараттар. Ешқандай картасыз, ешқандай оналасу көрсетілмеген, тек қана координат сандары мен әріптер белгіленген. Елестету қиын, солай емес па?

Барлық ақпаратты талдау және стартегия жасап ақырғы шешімді қабылдау үшін әрбір секундттың маныздылығын түсіну қиын емес.

Әскерлердің сызбаларды, карталарды, дивизиялардың белгілерін, әскерлер мен бөлімшелерді, өзіндікін және өзгенікін ескі заманнан бері қолдануы таңғаларлық жайт емес. Себебі, өте көп келіп түскен ақпараттардың координаттары: жаңа жоғалтулар жайлы, кері шегіну мен шабуыл жасау, бірінін артынан бірі тез жүретін координаттар жайлы айту мүмкін емес. (сурет 8)

Сурет 8. Бас атыс-шабыстың картасы. Әскер штабының өндірім стратегиясы.

Екінші қағида. Ассоциалды ойлану.

Сіздер «ұғу» деген сөздің мағынасы туралы ойландыныздар ма? Біз көптеген адамдарды ұғады деп айтамыз, бірақ ол дегеніміз не? Бұл сөздің тереңдігі қайда жатыр?

Тәсілқой адам- түскен ақпараттарға байланысты миында дұрыс ой қалыптастыра білетін, яғни ақпараттың авторы сияқты, айтушы сияқты ойлай білетін адам (дәрісте, немесе кітап оқығанда, статья, хат, маңызды кездесулерде т.б.). Керсінше, тәсілқой емес адам деп-жеңіл түрде егер ол түскен ақпаратты түсіне білмесе, немесе мүлде түсінбейтін адамды айтамыз.

Мына анекдотты есімізге түсірейк, Жоғары математика мен тәжірибиелі физика мұғалімі.

- Әріптес, осы топтан шыққаннан кейін жақсы көңіл күйде қалайболасыз? Ол жақта тек ақымақтар ғой!

- Солай ма? Менімше олай емес, ол жақта бәрі ақылды. Әсіресе оларға айтып емес, көрсетіп түсіндіргенде...

Барлық түскен ақпараттар бірінші миымызда қалыптасу керек. Қалай біз бір нәрсе ұға бастаймыз, солай сол ақпаратты жеңі түсініп және миымызда ұзақ уақытта сақтап қаламыз. Миымызда қалыптаспаған ақпарат бұл- «бос» ақпарат болып табылады. Оның ешқандай мағынасы жоқ және тез ұмытылып қалады.

Александр Романович Лурия, атақты психолог және физолог, ол былай деген, «ауызша есте сақтауда барлық айтылған ақпарат оқылады, бірақ оған біз болмаған жағдайларды және маңызды ақпараттарды қосып аламыз...»

Наталья Петровна Бехтерева, үздік отандық ғалым, кестелік ақпаратты түсінуді былай деген: «Кесте әртүрлі болады... Біз адамды дарынды тіпті дана дейміз, егер оның берілген кестесі дұрыс болса... сонда шашыранған фактілер тізбектелген жүйеге келеді және қиын жағдайларды баяндау оңайға түседі, және сол кестедегі ақпарат бойынша түсінігімізді айтсақ болады.» Біздің миымызда түсінік қалай пайда болатынын түсіну үшін, бізге ол ақпараттың ойымызда сақталуының ерекшелігін білсек жетіп жатыр. Бұл үшін біздің миымыздың үлкейген суретін көрейік (сурет10)

Барлығына белгілі, біздің миымыз шамамен 1 000 000 000 000 нейрон клеткаларынан тұрады. Олардың саны ешқашан көбеймейді, бірақ, қатты күйзеліс кезінде, алкогольдік интоксикация кезінде, травма және сондай жағдайларда олардың саны бірнеше есеге азаюы мүмкін. Осыдан, егер нейрон саны адам туылғаннан көбеймесе, адамға түскен ақпарат қайда сақталып қабылданады деген сұрақ туындайды.


Рис. 10. Иллюстрация,Нейрондардың өзара байланысын демонстрациялауы. Рисунок упрощен тысячекратно и соответствует микроскопической части мозговой ткани3

Әрбір нейрон адамның бүкіл өмір бойына басқа нейрондардың көптеген мөлшерімен байланысады. Неғұрлым адамның ақпараттық өмірінің интенсивтілігі жоғары болса, осыған байланысты мидағы нейрон клеткаларының өзара сондай байланысы көбейеді. Интеллектуалдық өмірінің интенсивтілігі жоғары болса, нейрондық байланыстардың құрылымы жоғарылайды, осыған байланысты, адамның миы жақсы дамыған, адамның өзі де жақсы дамығандығы байқалады.

Мидағы таралған барлық ақпарат ассоциацивті түрде нейрондар арасында бір біріне электр тогының жылдамдығымен беріледі, осындай байланыстардың саны көп болған сайын — жаңа ақпаратты қабылдау оңай болады.

Біз ақпаратты кітап оқып немесе дәріс тыңдап қабылдасақ, миымызда барлық көптеген нейрон байланыстары образды қалыптастыруға көмектесу үшін жұмыс жасайды. Біз образды қалыптастырып болған соң ғана ақпаратты түсіне аламыз. Егер біз қабылданып жатқан ақпараттан жедел образ қалыптастыра алмасақ кітап та оқи алмаймыз, біреудің айтып жатқанын да түсіне алмаймыз. Мысалы, қаржылық семинарда дәрісті түсіну өте қиын болады, егер адам санауды, көбейтуді, бөлуді білмесе.

ОБРАЗДЫҚ ЕЛЕСТЕТУ АРҚЫЛЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ЕСТЕ САҚТАУ

Мектепте қанша сөзді, сөйлемдерді, анықтамаларды жатқа жаттап бірақ мағынасын түсінбегендерді, еске түсіріңдер. Сөздік ес дегеніміз не? Ол өзі бар ма? Психолог Лурия сөздік еске мынадай анықтама береді «Сөздік ақпаратты ала отырып адам, оган текстуалдық жеткен әсерді сақтап қаламын деп, сөзде ең аз мөлшерде есінде сақтайды».

Сөздің есті көру үшін, келесі 10 сөзді есте сақтаңыз:

түн—орман—үй—терезе—мысық—үстел—нан—дыбыс—ине—от.

Қиын, солай ма? Қиындатайық. Енді оқиғаны есте сақтап көріңдер.

«Ормада түн, үйге мысық терезеден кірді де үстелге қарап секірді, нанды жеп тәрелкені сындырды, содан қатты дыбыс шықты. Ол әйнектің аяғына ине секілді шаншылғанын сезді, аяғында қатты отқа күйген секілді қатты ауырсынуды сезді»

Қызық, сөздер көбейді, бірақ оларды есте сақтау жеңілдеді. Неге? Себебі, біз тілді образдыққа және әсерге ауыстырдық, ол біздің миымызға түсінікті және жеңіл қабылданады.

Осыдан біздің неге сызықты ойлай алматынымыздың себебі айқын болды. Біздің ойымыз біреуінен келесісіне «секіреді», одан келесі моментте біз мүлде басқа нәрсе жайлы ойлай аламыз.

Мысалы, біз ойланып отырғанда ойымызда сол нәрсемен баййланысты көптеген ассоциациялар туындайды. Біз Жаңа жылды өткізу жайлы ойлаймыз, осыдан ойымызда көптеген идеялар туындайды: «көбірек коньяк сатып алу! Көптеген түрлі ойындар құрастыру! Мастарды қайда жіберуді ойластыру. Жүргізуші ретінде кімді кою?» — біз машиналды түрде,бар нәрсені реттеу үшін, қағаз бен қаламға жүгінеміз.

Ассоциациялық ойлаудың принципы, біздің ақпаратты сызықтық емес белгілі бір нәрсеге ассоциация құру арқылы ойлау. Содан ойымызда образ қалыптасып, ақпаратты түсіне аламыз.

Осы принцип негізінде Тони Бьюзен информатияны сызықтық емес, ассоциациялық бекітуді енгізуді ұсынды, яғни алынған ақпаратты түсінуді.

Интеллект-карта түрінде берілген ақпарат: тез қабылданады, тез және ұзақ уақытта есте сақталады, себебі бул біздің ойлауымыздық нақты ассоциациялық табиғаты. Себебі біздің миымыз солай құралған.

Сонымен, жоғарыда айтылған екі принципқа сүйене отырып, кез келген ақпарат бізге образ ретінде қабылданады, ол қабылданған ақпаратқа қарай қалыптасады. Неғұрлым миымызды көп жұмыс жасатсақ, сол ғұрлым ақпараттан образды қалыптастыру миымызда тез жүреді.

Мидың осы ерекшеліктері негізінде майнд-менеджмент технологиясы құрастырылды.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 770 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...