Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Mindmeister сервисы



Интеллект карта дегеніміз-әртүрлі типтегі ақпараттарды схема түрінле бейнелеу немесе құрастыру.Бұл жайлы сурет және видео сабақ арқылы толық түсінуге болады.

Егер, сіз mindmanager программасын сатып алғыңыз келмесе, http://www.mindmeister.com сервисін қолдана аласыз.

Ақпаратты құрастыру қазіргі кезде маңызды болып табылады,себебі ақпаратты құрастыру арқылы ақпаратты сұрыптауға және жүйелеуге мүмкіндік береді.Бұл көбінесе,электронды ақпаратты ресурстарға тиесілі. Құрастырылған ақпарат ЖОО-да білім алатын болашақ мамандарға маңызы зор,бұны меңгеру арқылы, олар практикада ақпаратты тез өңдеуге және анализ жүргізуді үйренеді.

Қазіргі кезде ақпараттың көбеюіне байланысты,оларды өңдеуде көп уақыт жұмсамас үшін және дұрыс қабылдауда бүгінгі уақытта интеллект-картаны құрудың ақпараттық әдісі кеңінен қолданылады.Осы әдісті 1974 жылы Т.Бьюнзен ұсынды.Ағылшын психологы Т.Бьюнзен өзінің кітабында бұл әдістә толығымен сипаттап жазған.Т.Бьюнзен психиканың іргелі ұстанымдарына негізделе отырып,адам миының жұмыс істеуінің тиімділігін арттыратын ерекше әдісін ұсынды.Интеллект-карта әртүрлі тапсырмалардың шешімін табуда көптеген салаларда қолданыла бастады және компьютердің таралуы арқасында ең алғаш рет интеллект-картаны электронды түрде жасайтын программалар шықты.

ИК құру «ми шабуылы» әдісін олданумен тығыз байланысты,ол нақты мақсатқа жету үшін естің эвристикалық қызметіне сүйенеді.ИК-да мұндай мақсатқа жету үшін,алдымен оған жетудің жолдарын бейнелеуден басталады.ИК ережесіне сәйкес,басты ой парақтың ортасында орналасады.Оқуды сағат тілі бағытымен,оң жағының жоғарғы бөлігінен бастайды.Бұл ереже барлық ИК-ға тиесілі,бірақ өзге нәтижеге қол жеткізу көзделсе,тізбекті санмен белгілейміз.ИК-да түрлі түсті қоолданумыз керек,себебі әртүрлі түспен берілген ақпарат есте жақсы сақталады және ақпараттарды бір-бірінен айыра білуге мүмкіндік береді.

ИК- әрбір адам жеке қолданса болады,яғни кез-келген адам ИК арқылы ақпаратты графикалық түрде және түрлы-түсті етіп безендіре алады.Ең маңыздысы-орталық бейне (образ),өйткені ол ИК құрудың басты себебі болып табылады және жұмыс нәтижесіне әсер етеді.Сондықтан,соңғы мақсатты анық құрастыру керек және басты бейнені құру кезінде қанық түстерді қолдану керек.

Егер карта қағазға құралса,онда сөздермен қатар суреттер де берілуі де мүмкін.Яғни,кез-келген сөзге визуальды(көру) ассоциация туындайды.Картадағы суреттер анық берілсе бір қараған кездеақ,ассоциативті ақпарат пайда болуы мүмкін.

Картада кілттік сөздер қолданылады,олар аяқталған ойды білдірмеуі керек,керісінше келесі кілттік сөздерді құрастыруда,жаңа мақсаттар қоюда және оны шешу жолдарын анықтау кезінде қиындық тудырмауы тиіс.Кілттік сөзді оқу кезінде ойымыз тиянақты болмаса,мақсатқа жету жолында жаңа ассоциативті ойлардың пайда болуына әкеледі.ИК мақсатқа жету әдісі ретіндеқолданылады.ИК-көптеген қызмет атқаратын құрылым,белгілі бір мақсатқа жету үшін карта ортасында орналасқан бірнеше кілттік сөздерден тұрады.Жаңадан пайда болған ассоциациялық ойлар картаның тармақтарына немесе қағазға жасаған кезде стикерге жазып карта объектісінің жанына қоямыз.

Мағынасы бір топқа жататын ақпаратты белгілеу және осындай мағынасы ұқсас картаны оңай қабылдау үшін әр объектте (әр бағана) 5-7 тармақтануға дейін ғана қолдану керек.Шетелдік ғалымдар қағазға картаны бейнелеу үшін баспа әріптерді қолдануды ұсынады,себебі,баспа әріптермен жазылған жазу анық,жинақталған және визуальды жақсы есте сақталады.

Шешімдер ағашында сағат тілі бағытымен бірінші бағана рақылы,содан кейінтармақтарымен жылжу арқылы ақпаратты іздеу алғашында жалпы ақпарат берсе,кейінірек нақты және толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.Интеллект-картаның жүру бағытымен жылжи отырып, «шешімдер ағашы мен тармақтарына» жетіп,негізгі проблеманы шешу үшін өзімізге қажетті ақпараттық ресурсты тауып,ол жердегі маңызды ақпаратты белгілеуіміз қажет.

Интеллект-карта әдісімен оптимальды зерттеу бағытын ұйымдастыруғ ажәне нақты мақсатқа жетуге болады.Сонымен қатар, «шешімдер ағашы» әдісімен зерттеу бағытын бейнелеу ақпаратты құрастыруға және бөлуге көмектеседі,ол мақсатка жетуде біртұтас тиімді жолды қалыптастырады.

Іздеудің бағытын бейнелеуде «шешімдер ағашы» әдісін қолдану арқылы ақпаратты саралауға,құрастыруға,сонымен қатар, мақсатқа жету жолында біртұтас бейнені қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Шешімдер ағашы» әдісі ақпаратты жинақтау және нақтылау әдісімен бірге қолданылуы мүмкін.Соңғысының,бейнелік сипатын «шешімдер ағашы» түсіндіреді:ағаш бағанасымен жылжуы ақпаратты жинақтаумен байланысты болса,жеке тармағы оның нақтылығын бейнелейді.

Нәтижесінде,инновациялық екі әдісті (ИК және ША) біріктіру мүмкіндігі туады,бұл негізнен студенттің эвристикалық қабілетін дамытуға,ассоциациялық ойлау қабілетін арттыруға септігін тигізе отырып,ізденіс бағытын оңтайландыру және қойылған мақсатты толық іске асыруға,яғни негізгі идея-ізденіс эпицентріне әсер етеді.

Интеллект-карта әдісі адам миының жұмыс істеуінің 2 түріне байланысты жүргізіледі:

А)мидың оң және сол жартышары арқылы ойлау (ИК әдісінің бұл түрі ақпаратты мидың оң және сол жартышары бір уақытта қабылдай алатындай етіп жасайды)

Б)ассоциациялық ойлану,ізденіс траекториясын бейнелік сурет арқылы ынталандырады.

Интеллект –карта күйіндегі ақпарат- түсінуге, әрі жаттауға да оңай болады, себебі ол адам ойының психо-физиологиялық және ассоциативтік табиғатымен сай келеді.

Жоғарыда айтылып кеткендей, интеллект-карта өзінің қайталанбас ерекше миға шабуылымен ерекшеленіп, оны мақсатты, технологиялық ұйымдастырушы, эффективті етеді.

Шынайы мақала проблематикасының байқауында интеллект-карта – ол жеке құрылымдық белгілі бір мақсатқа бейнелі түрлендіру қозғалысын қамтитын миға шабуыл болып табылады.

Мысалы: оқытушы-музыкантқа интеллект-карта құру керек. Басты мақсаты ретінде – музыканы оқытудың инновациялық жолдарын қарастырамыз. Бұл жағдайда интеллект-карта келесідей түрде бола алады.

№1 Схема. Инновациялық жолдарын іздестірумен бейнеленетін

музыкалық оқытудың интеллект-картасы

Берілген интеллект- картада біз алдымен «шешімдер ағашын» пайдалана отырып, нысананы табу үшін ақпарат алу аймағын анықтаймыз. Нәтижелерді «шешімдер тармағына» жазып аламыз.

Одан кейін интеллект картаны оқу ережесіне қарап, сағат тілі бойымен жылжып, жалпы педагогикалық әдістерді анықтаймыз. Ол барлығымызға белгілі оқу-әдістемелік және қабылдау әдістемелік болып екіге бөлінеді. Картаның келесі тармақтары: инновация-педагогикалық әдіс және қазіргі заманғы музыкалық оқыту инновациялық әдісі.

Интеллект –картаны құрған кезде, біз Ю.КБабанский, И.Я. Лернер, М.Н. Скатина(3,4,5) классификагиялық оқу –әдістемесі мен Г.И.Щукина (6) классификациялық тәрбиелеу әдісін пайдаланатынымызды ұмытпау керек.

Қазіргі заманғы музыкалық оқыту инновациялық әдістері ретінде біз келесі авторлық әдістерді таңдадық: Д.Б.Кабалеквскийдің музыкалық а\ойлары, А.Б.Абдуллиннің музыкалық жинағы, Л.В. Горкованың көркем контекстін құру, Л.В.Школярдың көркем шығармашылық процессін модельдеу, Л.В.Горюкованың композициясын құру, В.А.Школярдың аспап туындысының маңызды анализі.

Осылайша, берілген картада төрт «ағаш» пайда болды. Оның діңдері интеллект-картаның тәртібімен көшіріліп, белгілі мақсатқа жетуіне жол көрсететін біреуінен-екіншісіне қарай нұсқағыш қойылған. Сонымен қатар, бұл карта бойынша жаңа инновациялық педагогикалық әдістерді табу үшін Интернет- ресурсты қолдануға болады, себебі музыканы оқытудың инновациялық әдістерін студенттердің тек өз бөлігі ғана карта тармақтарын «жаттап» ала алады. Басындағы екі «ағаш картасы» жалпы педагогикалық курста алынған және Интернет-ресурсқа арнайы шығынды қажет етпейтін бід\лімімен байланысты.

Инновациялық – педагогикалық әдістер, мүмкін студенттердің Интернет-ресурсқа кіруін талап етеді. Бұл студенттердің қазіргі заманғы музыкалық оқытудағы қолданылған арнайы әдістерін іздестіруде үлкен дәрежеде актуальды болды.

Сол себепті интеллект-картамен жол жүру- Интренет- ресурсты қолдануды және арнайы ақпаратты іздеуде эффективті болады.

Айтылғандарды қорытындылайық. Интеллект – карат- ол жеке құрылымдық миға шабуыл нәтижесі болып табылады және ол белгілі бір мақсатқа бейнелі іске асуы қозғалыс жолын қамтиды. Интеллект-карта мақсатқа жетуінің оңтайлы технологиясын жүзеге асырды және оның бір мезгілде қол жеткізуге тиімді әдісі болып табылады. Көзбен қарап көргенде, интеллект-карта өзімен тұжырымдама желісі мен идеясын ұсынады, және ол басты мақсаттың ортасында бейнеленіп, логикалық қадамдарды байланыстырып, белгілі бір жолмен жету картаның эффективті жұмысы және «ағаш шешімі» интеллект –карта әдісімен кешенді қолданылуымен жоғарылайды. Сонымен қатар ол оқтушы- музыкантты дайындауға ақпарат іздеу траекториясын түзетеді.

Рецензенты:

Анықтамалық кітап тізімдері:

1. Бехтерев С. В. Майнд-менеджмент: решение бизнес-задач с помощью интеллект-карт. - М.: Альпина Паблишер, 2009. - 308 с.

2. Бьюзен Т. и Б. Супермышление URL: http://lib.rus.ec/b/95122/read (дата обращения: 15.02.2007).

3. Коджаспирова Г. М., Коджаспиров А. Ю. Педагогический словарь: Для студ. высш. и сред. пед. учеб. заведений. - М.: Издательский центр "Академия", 2001. - 176 с.

4. Педагогика: Большая современная энциклопедия / Сост. Е. С. Рапацевич - Мн.: Современное слово, 2005. - 720 с.

5. Российская педагогическая энциклопедия: В 2 т. / Гл. ред. В. В. Давыдов. - М.: Большая Российская энциклопедия, 1993. - Т.1 (А - М). - 608 с., ил.

6. Щукина Г. И. Педагогические проблемы формирования познавательных интересов учащихся. - М.: Педагогика, 1988. - 208 с.

Как читать интеллект-карты?

Автор: Администратор 02.09.2012

Менің кеңестерім оқырмандарыма өзінің бірінші интеллект-картасын құруға көмегін тигізеді деп ойлаймын.. Мүмкін, сіз сонымен қатар интеллект картаның басқа авторларымен дайындалып, интернетке шыққан үлгілерімен танысқан шығармыздар. Осы этаптардан өткеннен кейін, көп адамдар келесі жаңа қиындықтарға тап болады: интеллект-картаны қалай оқуға болады?, солдан-оңға немесе жоғарыдан-төмен? сағат тілі бойымен, немесе қарсы?

Ой карталары білім ұйымдастыруының түбегейлі жаңа дісі, сол себепті оларды күнделікті оқып жүрген кітап, журнал, өзіміздің конспекттеріміз сияқты оқуымыз керек.

  1. Интеллект –картаны оқу- ортасынан басталады- басты идеяны белгілейтін суреттен назар фокусы әрқашан басты идеяға тірелу керек. Көз алдынан көп уақыт бойы кетпеуі керек.
  2. Келесі қадамда, басты тақырыптарды шешу керек.
  3. Басты тақырыптардың ретін белгілеу керек. Рет – авторменнөмірлердің немесе басқа да жолдармен берілуі мүмкін. Егер реті туралы ақпаат болмаса, өзімңіздің қалауыңызша қоюыңызға болады. Көбінесе интеллект-картаны сағат тілінің бойымен, «біренші сағаттан» бастап оқыған дұрыс.
  4. Енді ұғымдар иерархиясына қараңыз, ол әрбәр тармақта беріліп, басты идеядан ауытқыған. Картаның ортасынан – шетіне қарай жылжи бастаңыз- ең басты мәселеден маңызы төмен мәселеге дейін. Әрбір мәселеге тоқтап, оның интеллект-картадағы орнын білуге тырысыңыз. Осы сөзбен / суретпен байланысты сізде қандай ассоцияция бар және қандай бейнелер мен идеялар сізде шақырады.
  5. Ұғымдардың арасындағы байланыстарды ұмытпаңыз- сызықты ұмытпаңыз.
  6. Асты сызылған ұғымдарда ерекше назар аударыңыз. Өзіңіз түсі, қалыңдығы, толқындылығына байланысын түсіндіріңіз.

Әрбір білім картасының тармағын тармағын жетік меңгеріп, басты мақсатқа оралыңыз және «жоғары кетуге» ұмтылыңыз. Барлық картаға бір рет көз салыңыз, оның мәнін түсініңіз. ондағы мағыналы гормонияны көріңіз.

Осы тақырыпқа байланысты:

Бұл ғасырды – интеллект ғасыры деп айтауымызға да болады, және бұл заманға ақпарат көлеміне өңдеу жылдамдығына жаңа аспап керек, тез арада байланыс тобын білуіне жауап беерді.

Дислексия (орыс психологиялық мектептерінде дисграфияны бөледі) бұл саланың оқудағы қиындықтар туындауындағы жұмыс істеу ерекшелігі. Қиындықтар көбінесе мына жағдайда пайда болады.

Сіз өзіңіщ\здің жоспарлау шеберлігіңізді ми қыртысыңыздың фронтальды бөлігін жаттықтырғыңыз келе ме? Жұмбақ «жолдағы айырықтар» Все Кэролл, дәл осы мақсатқа тура сай келеді.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2782 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...