Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Топырақтану гыльшының XX гасырда Ресейдегі дамуы



XX ғасырда Ресейде топырақ зерттеу жұмыстары негізінен топырақтың географиялық жұмыстарымен байланысты болды. Топырақтану саласында кейін аса белгілі тұлғаларға айналған В.В. Докучаевтың шәкірттері Л.И. Прасолов, С.С. Неуструев, А.И. Безсонов, Н.А. Димо, Б.А. Келлер, М.М. Филатов сияқты ғалымдар шықты. 1908 жылы Ресейдің бас көші-қон басқармасы Сібір мен Орта Азияға да (Қазақстанды қоса) топырақ-ботаникалық экспедициялар ұйымдастырды. Бұл жұмыстарды К.Д. Глинка басқарды. Экспедиция мақсаты - Ресейдің Еуропалық бөлігінен халқы аз Азиялық бөлігіне көшіру, топырақ жер жағдайын зерттеу еді. Бұл материалдардың бастапқы есептері арнайы еңбектерде, ал ең соңғы нәтижелері 1920 жылдары К.Д. Глинканың авторлығымен бірнеше монографияларда жарияланды. (К.Д. Глинка, 1923). Бұл аймақтарда бұрын топырақтанушылар кездестірмеген топырақтар типтері (құба, қара қоңыр, сұр, сортаң және сор топырақтар) кездесіп картаға түсірілді. Бұл зерттеулер ауылшаруашылық өндірісіне жаңадан жер қорларын игеруге мүмкіндік берді. 1913 жылы Еріктік экономикалық қоғамның топырақ комиссиясы өз алдына жеке Докучаев топырақ комитетіне айналды, оны К.Д. Глинка, Л.И. Прасолов пен С.С. Неуструев басқарды. Комитет топырақтану саласында экспедициялар ұйымдастырып еңбектерін жариялап тұрды. Сонымен қатар топырақтанумен Петербург университетінде профессор С.П. Кравков, орман институтында профессор П.С. Коссович, академик К.К. Гедройц шұғылданды. XX ғасыр басында Мәскеу университетінде топырақтану кафедрасын талантты ғалым А.Н. Сабанин басқарды, кейін профессорлар В.В. Геммерлинг, М.М. Филатовтар жалғастырды.

Мәскеудегі топырақтанудың тағы бір орталығы Тимирязев атындағы ауыл шаруашылығы академиясы болды. Мүндағы аса көрнекті тұлға - академик В.В. Вильямс (1863-1939) еді. Ол топырақтанудың биологиялық бағытын қолдады. Топырақтың құнарын арттырудың егіншіліктегі шөптанапты жүйесін ұсынды. Егіншіліктің бұл жүйесі ТМД елдерінің көп аймақтарында осы күнге шейін қолданылып келеді.

5. Топырақтану ғылымының кеңес кезінде дамуы. 1925 жылы Докучаев атындағы топырақтану комитеті, КСРО Ғылым академиясының В.В. Докучаев атындағы топырақтану институты болып қайта құрылды. Оның директоры болып академик К.Д. Глинка тағайындалды. Кеңестік заманның әр кезендерінде КСРО-ның әр республикаларында да арнайы топырақтану және агрохимия институттары ұйымдастырылып, жемісті зерттеу жұмыстарын бастады. Бұлардың барлығына В.В. Докучаев атындағы Топырақтану институты методикалық жетекшілік етті. Кең байтақ Кеңестік елдердің басым территорияларында топырақ-географиялық зерттеулер өріс алса, кейбір республикаларда топырақты мелиорациялау бағыттарында зерттеулер жүргізіле басталды. Еліміздің ылғалы мол батыс аймақтарында топырақты құрғату, ал Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан, Кавказдың оңтүстігінде топырақты суару мелиорациялары дамыды.

Осы кездегі топырақтанудағы ірі тұлға К.К. Гедройц (1872-1932) болды. Ол топырақтану химиясы саласында, дәлірек айтсақ топырақтың сіңіру комплексін, сор топырақтар мен сортаң топырақтарды зерттеуде аса ірі теориялық жетістіктерге жетті (К.К. Гедройц, 1933). Топырақтану, жалпы жер қыртысы геохимиясы саласындағы ірі ғалым Б.Б. Полынов (1877-1952) болды. Бұл екеуінің кейінірек академик болып сайлануы кездейсоқ емес екені анық. Кеңестік заманда топырақтың органикалық бөлігі туралы ірі жетістіктерге академик И.В. Тюрин жетсе, топырақтың географиясы саласында академиктер Л.И. Прасолов, И.П. Герасимов, ал топырақ агрохимиясы саласында академиктер Д.Н. Прянишников пен Я.В. Пейве терең зерттеулер жүргізіп, көптеген жаңалықтар ашты. В.В. Докучаевтың шәкірті академик В.И. Вернадскийдің айтуынша топырақ - аса күрделі, әрі өлі, әрі тірі («биокосное тело») дене. Сондықтан оны зерттеу де оңайға түспейді. Бір жағынан оған геологиялық ғылымдар әдісі қажет болса, екінші жағынан биологиялық ғылымдар әдістерін қолдану қажет. Алайда топырақ таза геологиялық та, таза биологиялық та дене болмағандықтан оны зерттеу әдістері үнемі дұрыс нәтижелер бере бермейді. Топырақ сияқты күрделі денеге екі әдіс жеткіліксіз.

Топырақ осындай күрделі дене болғандықтан осы күндерге шейін оны белгілі бір ғылымдар қатарына жатқызу туралы әлемде біртүтас пікір жоқ. Мысалы біздің елімізде (бұрынғы Одақта) 1948 жылға шейін топырақтану ғылымы Жер туралы ғылымдарға жатқызылып, ол саладағы мамандар жоғарғы оқу орындарының геология-топырақтану факультеттерінде дайындалды. 1948 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясының тамыз сессиясынан кейін Топырақтану ғылымы бірауыздан биологиялық ғылымдарға жатқызылды. Мамандарды да дайындау оқу орындарының биология-топырақтану факультеттерінде басталды.

Сонымен топырақтану ғылымы аса күрделі және өте қажетті ғылым. Халық санының күн сайын өсуі, олардың әл-ауқатының көтерілуі үшін топырақтанудың маңызы жылдан-жылға арта бермек.

Топырақтану ғылымы жалпы табиғаттану ғылымдарының қатарына қосыла тұрып, оның қолданбалы ғылымдар ішінде және халық шаруашылығының басқа салаларында да алатын орны ерекше.

Топырақтану ғылымыныңхалықаралық мәселелерін шешу үшін Халықаралық топырақтанушылар қоғамы бар. Бұл қоғам 1924 жылы ұйымдастырылған. Содан бері топырақтанушылардың Халықаралық XV конгрестері болып, оның екеуі бұрынғы Одақ кездерінде Мәскеуде (1930, 1974 жж.) өтті.

Топырақтанушылардың Одақ кезінде бүкілодақтық қоғамы жұмыс атқарды. Бұл қоғамның Одақ кезінде VIII съездері өтті. ]Бұл форумдарда Топырақтанудың бүкілодақтық мәселелері талқыланып, съезд өткен аймақтардың топырақтарымен бірнеше күндік экскурсиялар арқылы танысатын. Кезінде Алматыда 1971 ж. Бүкілодақтық топырактанушылардың IV съезі өткен. Одақтың әр бұрышынан және шет елдерден келген мыңнан аса ғалымдар жер шарындағы табиғаттың биіктік белдеу зоналығының бір үлгісі болып саналатын Іле Алатауының топырак-климаттық зоналығымен көзбе-көз танысқан еді.

Топырацтану гылымының Қазаңстанда дамуы. (Бұл бөлімшедегі мәліметтер Қазақ ССР Ғылым академиясының топырақтану институты туралы еңбектен алынды, 1980)

Қазақстанда топырақтану ғылымының негізінің қалануы Өмірбек Оспанұлының есімімен тікелей байланысты. Мәскеудегі Тимирязев ауыл шаруашылық академиясының топырақтану және агрохимия мамандығын алған (1932 ж.) Ө. Оспанұлы КСРО Ғылым академиясының В.В. Докучаев атындагы Топырақтану институтының аспирантурасына түсіп, 1936 жылы геология-минералогия ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғап шықты. Бұл кезде Ө. Оспанов топырақтану саласынан қазақ ұлтынан шыққан, алғашқы ғылыми дәрежесі бар ғалым болғанын мақтанышпен айтуға болады.

Ғылыми дәрежесі бар ғалым алғаш КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалында геология секторында аға ғылыми қызметкер, кейінірек филиал төралқасында қызмет атқарды. Осы кездері филиал төралқасының төрағасы К.С. Сәтбаевтың орынбасары бола жүріп, болашақ Қазақ Ғылым академиясының негізін қалауда көптеген ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Ө. Оспанұлы Қазақстанда топырақтану секторын ұйымдастыру мәселесін көтеріп, оған басшылық ету үшін елімізге аты белгілі профессор А.И. Безсоновты шақырды.

Сонымен республикамызда топырақ зерттеуші алғашқы ғылыми ұжым пайда болды (1939). Бұл топқа Отан соғысы жылдарының басында Алматыға көшіп келген КСРО Ғылым академиясы Докучаев атындағы Топырақтану институтының директоры Л.И. Прасолов бастаған, кейінірек академик болған И.П. Герасимов, профессорлар М.А. Глазовская, Е.В. Лобова т.б. қосылды. Сонымен Қазақстан топырақтары жан-жақты ғылыми негізде зерттеле басталды. Дегенмен сектор ұйымдастырылғанға дейін Қазақстан жерінің топырақтары туралы ешқандай мәліметтер болмады десек шындыққа үйлеспейді.

Қазақстан жерінде ХVIII-ХІХ ғасырларда Ресей ғалымдары тарапынан жасалған ғылыми экспедициялар: Лепехин, Гмелин, Паллас, Краснов, Миддендорф, Пржевальский, Уәлиханов, Семенов т.б. негізінен жалпы табиғаттану мақсатындағы географиялық сапар-саяхаттар еді. Ал тікелей топырақ қыртысын Қазақстанда зерттеу осы үстіміздегі ғасырдың басында, Ресейдің халық тығыз мекендеген Еуропалық бөлігінен шаруаларды шығысқа, Қазақстан мен Сібірге көшіру мақсатымен кұрылған Қоныстандыру басқармасы қолға алғанды.

Бұл жұмыстар Докучаевтың дарынды шәкірті, топырақтану саласындағы алғашқы академик К.Д. Глинканың басқаруымен жүргізілген. Бұл экспедицияларға Докучаевтың ізбасары, кейінірек еліміздің көрнекті топырақтанушы ғалымдары: С.С. Неуструев, Л.И. Прасолов, А.И. Безсонов, Р.И. Аболиндер өте құнды материалдар жинады. Осы еңбектердің нәтижесінде ел қоныстанып, жерлерін егіншілікке пайдалануға жарайтын көптеген аймақтар анықталды. Ескеретін жай, осы кездегі зерттеулер еліміздің топырақтану саласына үлес қосып, кейбір осы аймақтағы анықталған топырақ аттары бүкіләлемдік топырақтану терминдеріне енді. Мәселен С.С. Неуструевтың Шымкент уезіндегі тау етегіндегі топыраққа қойған алғашқы аты - «сұртопырақ» (серо-зем), Перовск (Қызылорда) уезіндегі

Казалы маңындағы топырақтарға қойған аты "сұрқұба" (серо-бурые) қазірде әлемдік терминдерге айналған (Неуструев С.С., 1910).

Топырақтану секторының, Мәскеу мамандары қолдаған алғашқы жемісті еңбектері енді Топырақтану институтын ұйымдастыруға негіз болды. Мұндай институт Ғылым академиясының құрамында 1945 жылы ашылды. Институтты әр кезенде мына ғалымдар басқарды: Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ө. Оспанов (1945-1968), академик З.М. Боровский (1968-1984), Ғылым академиясының корреспондент мұшесі Ж.У. Ақанов (1984-2000), биология ғылымының докторы Т. Жаланкөзев, (2000-2003). Қазір ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор А. Сапаров басқаруда.

Институт осы салада республикадағы ғылыми-методикалық орталығы бола тұрып, топырақтану ғылымының дамуына өте үлкен үлес қосты.

Халық шаруашылығының дамуының әр түрлі кезеңдерінде институт өндірістің талаптарына сәйкес топырақтанудың іргелі және қолданбалы мәселелерімен шұғылданып ауылшаруашылық өндірістің өрге басуына көп септігін тигізді. Осы еңбектері үшін Институт 1974 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ескеретін жай, топырақтану саласы және оған қоса топырақ агрохимиясы ғылымы Қазақтың В.Р. Вильямс атындағы егіншілік институтында, Қазақтың А.И. Бараев атындағы астық шаруашылық институтында, Қазақтың Ұлттық аграрлық университетінде көптен өріс алып, дамып келеді.

1996 жылы Қазақ республикасының Ғылым академиясының кұрылуына 50 жыл толуына байланысты, Топырақтану институтын ұйымдастыру мен дамытудағы аса ірі еңбектері үшін және ғалымды мәңгі есте қалдыру мақсатында, институтқа Ө. Оспанов аты берілді.

Негізгі әдебиеттер:

11. Жамалбеков Е.У., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы. Алматы. «Қазақ университеті», 1997.

12. Почвоведение (под ред. В. А. Ковды, Б. Г. Розанова). –М.: Высш. шк., 1988. –Ч. 1-2. – 400 с.- 368 с.

13. Ковда В.А. Основы учения о почвах. – М.: Наука 1973. – Кн. 1-2. –448 с.

14. Почвоведение. Учебник. / Под. Ред. И.С. Кауричева. М. ВО Агропромиздат, 1989. 720 с.

15. Таргульян В.О. Почвообразование и элементарные почвообразовательные процессы //Почвоведение. 1985. №11. С.36-45.

16. Соколов И.А. Основные законы почвообразования /1 100 лет генетического почвоведения. М.: Наука. Соколов И. А. Об основных закономерностях экологии почв//Почвоведение. 1990. № 7. С. 117-128.

17. Самойлова Е. М. О понятии «элементарный почвообразовательный процесс» //Вестник МГУ. Сер. почвовед. 1986..

18. Лозовская М.А. Проблемы эволюции почвообразования в трудах П.П. Герасимова// Почвоведение. 1988. №6. С.77 - 83. '

19. Ершов Ю.И. Основы теории почвообразования. Красноярск: Ин-т леса СО РАН. 1999.

20. Шаушеков Т.К. Электронный курс лекций по почвоведению, 2007 Изд. КарГУ им. Е.А.Букетова

Қосымша әдебиеттер:

9. Розанов Б.Г.Морфология почв. М.: МГУ. 1983- 320 с.

10. Методические указания по полевому описанию почв (с использованием базовых шкал морфологических свойств почв). Составители: О.Г.Растворова, Г.Л.Касаткина, Н.Н.Фёдорова. Санкт-Петербург. 2002. 50 с.

11. Добровольский В.В. «География почв с основами почвоведения», изд-во Вш. 1989

12. Кауричев И.С «Почвоведение», М., В.ш., 1989

13. Чижевский М.Г. «Земледелие с основами почвоведения»

14. Глазовская М.А. «Общее почвоведение и география почв», М., Вш., 1981.

15. Ежемесячный научно-теоретический и научно-практический журнал «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана», Алматы, Изд. «Бастау»

16. Научно-практический журнал «Почвоведение» Российской академии наук, Изд. «Наука», Москва





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2111 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...