Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Су кезіндегі алғашқы көмек



Алғашқы көмек көрсеткенде усіген адамды бірден жылы жерге кіргізіп, жылытып, ыстық шәй немесе кофе беру керек. Жансызданған жерін жылы суға малып, денесі қызарып, жылынып, сырттан тиген қолды сезетін болғанша жайлап ысқылайды, содан соң таңып тастайды. ҚҚ-ҚV дәрежелі үсікке шалдыққан адамды алғашқы көмек көрсетіліп болғаннан кейін жылы орап, ауруханаға апару қажет. Үсік шалған жерді суық жерде тұрып ысқылауға және суық суға түсіруге болмайды. Үсіген организм көп уақытқа дейін сезімтал келеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Радиациялық зақымдану кезіндегі алғашқы көмек

2. Сәулелі күйік дегеніміз не?

3. Адам ағзасына қышқыл немесе сілті түскен жағдайдағы әрекет ету тәртібі

4. Құрамдастырылған зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіледі?

5. «№ 1 бактерияға қарсы зат» дегеніміз не?

Глоссарий:

Үсу- суықтың әсерінен денедегі тіндердің зақымдануы. Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де болуы мүмкін. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, су болған әрі тар киім, қолғап немесе мастық, организмнің жалпы әлсіздігі әсер етеді.

Сәулелік күю- ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болады, сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді. Зақымдау дәрежесі біршама кейінірек анықталады.

Құрамдастырылған зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмекті қоршаған орта мен киім бактериялары және радиоактивті заттардың күйікті және жараланудың мүмкін болатын қажетті өлшемін қолдануды ортақ ережемен көрсетеді.

Күйіутегі бейтарап ерітінділер:

• қышқылдармен - 1 шәй қасық ас содасын стакан суға;

• сілтілермен - 1 шәй қасық бор қышқылын стакан суға;

Блиц тест:

1. Күйік неше деңгейге бөлінеді?

A. 4

B. 5

C. 2

D. 9

2. Күйіктің бірінші деңгейі немен мінезделеді?

A. Терінің қызаруы мен ісінуі

B. Су көпіршіктері

C. Қанды сұйықтықты көпіршіктер

D. Терінің күйуі, бұлшық еттердің, сіңірдің, сүйектің зақымдануы

3. Қызудың төмендеуі жағдайындағы терінің зақымдануы деп нені айтады?

A. күйік

B. үсу

C. сынық

D. шығарып алу

4. Жасақталған радиацияға қарсы дәрі қорапшасының салмағы

A. 130 гр

B. 200 гр

C. 160 гр

D. 100 гр

5. Теріге қышқыл немесе сілті түскенде неше минут аралығында теріні жуады?

A. 15-20

B. 20-25

C. 10-15

D. 20-30

Қолданылған әдебиеттер:

1. Агаманкж В.Г. и др. Гражданская оборона. Москва. 1986 г.

2. Белозеров Я.Е. «Внимание! Радиоактивное заражение»//МО, 1982г.

3. Гайдамак В.А. «Ликвидация последствий радиоактивного

заражения» Москва, 1991 г.

4. Дуриков А.П. «Методика оценки радиационной и химической

обстановки по данным разведки» изд. 1986 г.

Практикалық жұмыс №8





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1264 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...