Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

РадиациялыҚ жӘне ҚҰрамдастырылҒан заҚымдану кезіндегі алҒашҚы медициналыҚ кӨмек



Жұмыстың мақсаты: Радиациялық және құрамдастырылған зақымдану кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді уйрену.

Жұмыстың жоспары:

1. Практикалық жұмыстың материалдарын оқып білу

2. Радиациялық және құрамдастырылған зақымдану кезіндегі қабылдаулармен танысу

Радиациялық зақымданудан сақтану жеке дәрі – дәрмек қобдишасындағы радиациядан қорғау құралдарымен жүргізіледі. Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы өз-өзіне және дара көмек көрсетуге және өткіш радиациямен, улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудың алдын алуға арналған. Ол медициналық құралдар тұратын массалық пеналдарды орналастыруға арналған жеті ұясы бар қорапшадан тұрады.

Радиациялық зақымдану қауіпін алу қауіпіне байланыстс жергілікті жердегі радиация деңгейінің жоғарылығына орай халыққа медициналық көмек көрсетуге болмайды. Бұл жағдайда зардап шегуші халықтың өз-өзіне және өзара көмек көрсетуінің зақымданған аумақта өзін-өзі ұстау тәртібін сақтаудың маңызы зор.

Сәулелік күю- ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген мен күн сәулесінен пайда болады, сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді. Зақымдау дәрежесі біршама кейінірек анықталады.

Белгілері:

-теріңіздің қызаруы

-температура

-құсық

-бас ауру

Алғашқы көмек.

Күйік оттан, будан, қайнап тұрған судан, химиялық заттардан, күн сәуледен болуы мүмкін.

-күйген жерді мүмкіндігінше таза жаймамен жабу. Терінің күйген бөлігін байлап тастауға немесе қатты түйуге болмайды;

-целлофан пакеттерін, пластикалық шөлмектерді қармен, мұзбен немесе суық сумен толтыру және оларды құрғақ жайма төселген күйген жердің үстіне қояды;

-күйік алған адамға 1-2 таблетка анальгин беру;

-зардап шегушіге жылы сусынды көп ішкізу және толық тыныштықта қалдыру.

4 дәрежелі күйік болады:

1 дәрежелі – терінің ісінуі мен қызаруы;

2 дәрежелі – сұйықпен толтырылған көпіріктер;

3 дәрежелі- қанды сұйықпен толтырылған көпіріктер;

4 дәрежелі - терінің күйуі, бұлшық еттердің, сіңірдің, сүйектің зақымдануы.

Күйік болады:

• Термиялық (отпен, бумен, металлмен);

• Электрлі (1000 В немесе одан да жоғары токпен зақымдану);

• химиялық.

Термиялық күйік – денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған металдардың әсерінен болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарылығына, әсер етудің ұзақтығына, зақымданудың көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын мен қысымда тұрған будың әсерінен пайда болады. Аяқ-қол, көз, дененің басқа мүшелеріне қарағанда күйікке жиі ұшырайды.

Термиялық күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек зардап шегушіге жоғары температураның ықпалын тоқтатуға, яғни жанған киімді сөндіруге, оны жоғары температура аймағынан әкетуге, оның денесінен күйген киімді шешуге бағытталады. Күйіктің асқынуын болдырмау үшін күйіктің бетіне таза таңғыштар жабу керек. 1-дәрежедегі күйік кезінде таңғышты спиртпен, арақпен, калий перманганатымен ылғалдап қоюға болады. Көпіршіктерді қыздыруға, алуға немесе қандай да бір май жағуға болмайды. Жағылған май ауруды жазуға көмектеспейді. Есесіне жұқпалылардың енуіне жол береді. Бұл өз кезегінде алғашқы медициналық көмекті көрсетуге, теріні алғашқы хирургиялық емдеуге кедергі келтіреді.

Химиялық күйік- денеге жинақталған қышқылдардың және сілтілердің, фосфордың және ауыр металдардың кейбір тұздарының әсерінен пайда болады.

Химиялық күйік кезіндегі алғашқы көмек химиялық заттың түріне байланысты. Концентрлі қышқылдар күйдірген кезде күйіктің бетіне 15-20 минут бойы суық сумен шаяды. Күкірт қышқылы сумен қосылып жылу шығарады. Бұл күйікті асқындыруы мүмкін. Сілтілермен болған күйікті сумен жақсылап шайып, соңынан сірке қышқылының әлсіз ерітіндісімен тазалау қажет. Фосформен күйген күйік қышқылмен және сілтімен күйген күйікке қарағанда ерекшк болады.

Үсу- суықтың әсерінен денедегі тіндердің зақымдануы. Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де болуы мүмкін. Үсуге суық жел, ауаның ылғалдылығы, су болған әрі тар киім, қолғап немесе мастық, организмнің жалпы әлсіздігі әсер етеді. Үсікке көбінесе саусақ, бәшпайлар, мұрын, құлақ шалдығады. Үсудің 4 дәрежесі ажыратылады. Бірінші дәрежелі үсу кезінде терінің сезімталдығы нашарлап, үсіген жер ісінеді, ауырып қышиды. Екінші дәрежелі үсу біршама ауыр өтеді, терінің асты суланып күлдірейді. Үшінші дәрежелі үсу түрінде терінің астына қанды су жиналып, күлдірейді, бірнеше күннен соң олардың орны жансызданып, жарылады да, тыртық пайда болады. Төртінші дәрежелі үсу кезінде барлық жұмсақ тіндер, кейде тіпті сүйек тіндері де жансызданады. Бұл үсудің ең ауыр түрі. Жансызданған жер тырысып кеуіп қалады, қара қоңыр түске боялады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2463 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...