Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ртті жағдайды бағалау



Өртті жағдайда стихиялық апаттар жағдайы, авария(катастрофа) тағы сол сияқты нәтижелер жиынтығы әсерінен өртті жағдайлар орын алады. Қорыта келгенде жұмыстың тұрақтылығына көңіл аударатын халықтық шаруашылықтың объекттеріне және тұрғын халықтың тіршілік ету әрекетінің жиынтығына кері әсерін тигізеді.

Өртті жағдайды бағалаукелесідей жүргізіледі:

· Масштабын және өрт минездемесі түрін(бөлек ошақтар, жаппай өрт, үйіндідегі өрттер, жерасты, далалық өрттер) жылдамдығын және өрт бағытын, ауаның сақталу уақытын анықтау;

· Жұмыс тұрақтылығына анализ жасай білу яғни әр элементтің және объекттің жалпы тұрақтылығы тұрғын халықтың тіршілік ету әрекетінің жиынтығы;

· Тұрақтылық нәтижелері және оның жоғарылауына ұсынылатын кепілдемелер;

Өрттік жағдайды бағалау өрттік барлау мен болжамдарға сай жүргізіледі.

Негізгі болжам жағдайлары келесідей болады: стихиялық апаттар жағдайы, авария(катастрофа), өртті қауіпті объекттер мазмұны, қоршаған ортаның және тұрғын халықтың пункттері, метеорологиялық жағдайлар және жер рельефі.

Инженерлік жағдайды бағалау келесідей жүргізіледі:

- объекттер мен элементтердің бұзылу дәрежесін және масштабтарын анықтау;

- Жұмыс тұрақтылығына анализ жасай білу яғни әр элементтің және объекттің жалпы тұрақтылығы тұрғын халықтың тіршілік ету әрекетінің жиынтығы;

- Тұрақтылық нәтижелері және оның жоғарылауына ұсынылатын кепілдемелер;

Өрттік жағдай – тұрғын халық пункттерінің өрттік тығыздығы мен масштабы, орман массивтері мен объекттері тұрғын халыққа әсері, халық шаруашылығының объектті жұмыстары, құтқарушы және жедел жұмыстардың да жүргізілуіне әсер етеді.

Орманды өрт қауіпті материалдардың мінездемесін біл тұра, ядерлік жарылыстың аумағындағы өрттің қауіптілік дәрежесін анықтай аламыз. Бұндай бағалау барлау жүргізу кезінде жұмысты қауіпсіз ұйымдастырылуын қадағалайтын жұмыстар жиынтығынан тұрады.

Өрттік жағдайды бағалау алдын ала бағалаудан тұрады, ол өрттік жағдайда да орындала береді немесе ол алдын – ала тыныш уақытта да дайындалып қойылуы мүмкін. Өрттік жағдайдың дәлдігі жалпы және арнайы өрттерге арналған мәліметтерде қарастырылады.

Жалпы жағдайдағы мәліметтер яғни бастапқы бағалау кезінде келесілер қарастырылады: ядерлік жарылыстың қуаттылығы, түрі, уақыты және жарылыс орыны, оталдырғыш қарудың масштабы мен мінездемесі, ғимараттың отқа беріктілігі, метеорологиялық деректер.

Орманның жанғыштық қасиетіне байланысты келесідей категорияларға бөлінеді:

I – жоғары – құрғақ және өте құрғақ отырғызуларда.

II - қатты – дымқыл және ылғалды топырақтарға қылқан жапырақтыларды отырғызу.

III - аз – жер қыртысында ылғалды, дымқыл жапырақтылардың отырғызылуы.

Массалық ауданда болып жатқан өрттің тығыздығы биіктік бойынша бірдей болмауы қажет, ең көп дегенде қалыңдықта жерден 0,5м-ден 5-10м-ге дейін болады.

Өрт болған аймақтың радиуысын анықтау үшін 4.1 кесте бойынша қарастырылады. Жалғыз фактордың бірі атмосфераның мөлдірлігін төмендететін су буы, түнде ылғалдығы 80% ға дейін жетсе сәйкесінше (до 20-25%)-ға төмендейді 16 сағат ішінде.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1490 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...