Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

АХҚЗ-тың негізгі сипаттамалары



3.10-кесте

АХҚЗ атауы АХҚЗ тығыздығы, т/ Қаунау температурасы, Табалдырықты токсодоза, мгмин/л
Газ Сұйықтық
Аммиак 0,0008 0,681 -33,42  
Сутегі 0,0016 1,191 -85,10  
Метиламин 0,0014 0,699 -6,5 1,2
Хлорлы метил 0,0023 0,988 -23,76 10,08
Күкіртті ангидрид 0,0029 1,462 -10,1 1,8
Күкіртті сутегі 0,0015 0,964 -0,35 16,1
Фосген 0,0035 1,432 8,2 0,6
Хлор 0,0032 1,553 -34,1 0,6

Химиялық жағдайды бағалау кезінде студенттермен алынған нәтижелерді тексеру электронды нұсқа арқылы оқытушымен жүзеге асырылады.

Химиялық объект маңында тұратын тұрғындар АХҚЗ лақтырысымен жүретін апат туралы радиодан (теледидардан) немесе дабыл қағушы қозғалмалы құралдардан жарияландыру дабылдарын ести салысымен противогаздар киюі, терезелерді жабуы, электрқыздырушы және тұрмыстық құралдарды сөндіруі, газды жабуы (пештерде отты сөндіру), балаларды киіндіріп, жылы киім мен азықты алуы (бұзылмайтын азықтың үш күндік қоры), көршілерді ескертіп, тезірек, бірақ, абыржусыз тұрғылықты жерден көрсетілген бағытта немесе жел бағытына перпендикуляр, мүмкіндігінше көтерілген жақсы желдетілген бұрыңғы жерден 1,5 км жақын емес жерге шығуы қажет және сол жерде әрі қарай нұсқау алмағанша қалуы керек. Противогаз болмаған жағдайда улану аймағынан максималды түрде тез шығып кетуі керек. Тыныс алу мүшелерін қорғау үшін суға малынған матаны, сонымен қатар киімнің жұмсақ және мақталы бөліктерін пайдалануға болады. Егер олармен тыныс алу мүшелерін жапсақ, онда демалатын газ мөлшері азаяды, сәйкесінше залалдануы да аз.

Уланған жерде қозғалыста болғанда келесі ережелерді қатаң сақтау керек:

- тез қозғалу, бірақ жүгірмеу, шаңды көтермеу;

- ғимараттарға жоламау және қоршаған заттарға жақындамау;

- жолда кездесетін сұйықтықтардың тамшыларын немесе ұнтақ тәрізді белгісіз заттардың түйіршіктерін баспау;

- нұсқау берілгенге дейін жеке қорғану құралдарын шешпеу;

- теріде, киімде, аяқ киімде, жеке қорғаныс құралдарында АХҚЗ тамшыларын байқағанда оларды қағаздан жасалған тампонмен немесе бет орамалымен алып тастау, содан соң мол сумен жуу;

- мүмкіндікке қарай өз бетімен қозғала алмайтын зақымданған балаларға және қарт адамдарға қажетті көмекті көрсету.

Улану аймағынан шыққаннан кейін санитарлық өңдеуден өту қажет. Мардымды зақымдану (жөтел, жүректің айнуы және басқалар осының белгілері) алғандар зақымдану дәрежесін анықтау үшін және алдын алу, емдеу шараларын жүргізу үшін медициналық мекемелерге қаралуы керек.

Химиялық улану қаупін жою және келесі әрекеттер тәртібін тұрғындарға азаматтық қорғаныс штабымен немесе төтенше жағдайлар министрлігімен, полиция органдарымен хабарланады. Барлық жағдайларда тұрғылықты және өндірістік ғимараттарға, жертөлелерге және басқа да құрылыстарға кіру тек қана сол ғимарат ауасын АХҚЗ құрамына қорытынды тексерістен кейін рұқсат етіледі.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1042 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...