Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстандағы аграрлық реформалар (тәркілеу, ұжымдастыру, ортырықшыландыру): мақсаты, барысы, салдары



Бай шаруашылықтардың тәркіленуі. 1927 жылы желтоқсанда ірі бай шаруашылығын тәркілеу жөніндегі заң жобасын әзірлейтін арнайы комиссия құрылды. Комиссияның төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О.Исаев, Н.Нұрмақов, Г.Тоғжанов, О.Жандосов және т.б. кірді.

«Кіші қазан» саясатының келесі қадамыірі байлардың дүние-мүлкі тәркілеп, өздерін тұрғылықты жерінен аластап жер аудару болды. 1928 жылдың 27 тамызында ОАК мен Халық Комиссарлары Кеңесінде “Байлардың шаруашылықтарын тәркілеу туралы” Декреті қабылданды. 1928 жылы тамыздың 30-да Қазақ АКСР ХКК-нің “Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарын белгілеу туралы” арнайы қаулысы қабылданып, соған сәйкес аудандар белгіленді. Науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды, яғни бір ай ішінде бітіру керек деп шешті. Кейінірек ол тағы 10 күнге ұзартылды.

Республиканың барлық аудандарына тәркілеуді өткізу жөнінде нұсқаулар жіберілді. Байлар “өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды” деп саналды. Жартылай феодал байларды тәркілеу заңсыз жүзеге асырылды. Уәкілдер кедейлерді қорқытып, байларды көрсетуге күшпен мәжбүр етті. Заң бойынша малы, дүние-мүлкі тәркіленіп, өзі жер аударылуға тиісті ірі байларға: көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400-ден астам малы бар (ірі қараға шаққанда), жартылай көшпелі аудандарда 300-ден астам малы бар, отырықшы аудандарда 100-150-ден астам малы барлар және бұрынғы сұлтандар мен хандардың ұрпақтары жатқызылды.

Республика көлемінде барлығы 700-ге жуық бай-феодалдар тәркіленіп, 145 мың бас мал алынды. Оның бір бөлігі (84,6 мыңы) кедей шаруаларға, қалған бөлігі жер шаруашылығы мекемелеріне, коммуналар мен кеңшарларға таратылды.

Бұл реформаның мәні кедей шаруаның қолына мал беріп, орташа шаруа деңгеіне дейін көтеру болатын. Бірақ оны жүзеге асыру барысында тәркілеу ісіне басымдық беріліп, шаруаларға мал беру кейінгі жаққа ысырылып, жөндеп орындалмады.

Көптеген қазақ партия-кеңес қайраткерлері тәркілеуге қарсы шықты. Т.Рысқұлов тек малды тартып алу жеткіліксіздігін ескертіп, шаруаға осы мезетте басқа көмек түрлерін де беруді ұсынды. Бірақ ұсыныстар іске аспағандықтан реформаның экономикалық тиімділігі төмен болды. Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының бастамасы іспетті. Байларды тәркілеуден қазақ кедейлері материалдық жағынан да, рухани жағынан да ештеңе ұтқан жоқ. Дегенмен қазақ ауылының ұйым-берекесін бұзып, таптық қарсылықты қоздырды. «Шолақ белсенді» кедейлерден шыққан әлеуметтік топ мүшелері Кеңес үкіметінің ауылды жерлердегі тірегіне айналды.

Тәркілеуге байланысты Декретте байлардың бүкіл Қазақ АКСР аумағында ауылды кеңестендіруге қоғамдық кедергі келтіретін ірі байларды қоныс аудару мәселесі нақтыланды. Бұл іспен билікті асыра пайдаланып, асқан қаталдық танытуға жиі баратын арнайы құрылған комиссиялар айналысты. Орташа және кедей шаруаларды да байлар қатарына жатқызып, жазалау жиі кездесетін. Тәркілеу туралы ереже бойынша жер аударылғандардың бәрі сайлау құқығынан айырылды. Қазақстандағы ауқатты шаруа қожалықтарын тәркілеу мал шаруашылығының даму қарқынын тежеді.

Нәтижесінде Голощекин мен оның айналасындағылардың алға қойған «Кіші қазанның» негізгі мақсаты орындалып, қазақ ауылында азаматтық қарсылық күшейді, байлардың беделі түсіп, ықпалы азайды.

Елдегі дүрлігудің алдын алу мақсатымен 1928 жылы 21 маусымда ҚазОАК «қазақстанның барлық еңбекшілеріне» үндеу жариялады. Онда тәркілеу туралы заң 1928 жылғы 1 сәуірден мыңдаған малы бар, Кеңес өкіметіне «анық жау» ірі бай қожалықтары дүниелерін тәркілеу және оларды жер аудару бағытында жасалып жатқандығы; алғашқы кезекте бұл бұрынғы хан, сұлтан тұқымдарынан шыққан ірі байларға қатысты жүргізілетіні атап көрсетілді.

Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру саясатының алғашқы баспалдағы іспетті болды. Байларды тәркілеуден материалдық жағынан да, рухани жағынан да қазақ кедейлері ешнәрсе ұтқан жоқ. Дәстүрлі мал шаруашылығының табиғи ортаға бейімделген түрі – ірі бай қожалықтарын күйрету – қазақстандағы мал шаруашылығының даму қарқынының тежелуіне, тауарлығының күрт төмендеуіне негіз жасады. 1927 жылы желтоқсанда өткен ВКП(б)-ның ХҮ съезі ұжымдастыру бағытын ұсынды. Партия шешімі бойынша өте қысқа мерзім ішінде, 1932 жылдың көктеміне дейін елдің ауыл шаруашылығы ұжымдасқан колхоздарға айналы тиіс болды. Ұжымдастыру барысында жергіліті халық ерекшеліктері ескерілмей, кұштеу әдістері қолданылды.

Қазақстандағы ұжымдастыру да 4 4 кезеңмен жүзеге асырылуы тиіс болды: 1) 1929 ж. мамыр – 1930ж. наурыз ұжымдастыруды жеделдете жүргізу; 2) 1930 ж. наурыз – 1932 ж. тамыз ұжымдасқан шаруашылықтарға әр түрлі тәжірбиелік шаралар жасауды аяқтау; 3) 1932 ж. қыркүйек – 1934 ж. қараша шаруалықта ТОЗ – ын пайдалану; 4) 1934 ж. желтоқсан – 1938 ж. желтоқсан ТОЗ-ын қайта құру, ауыл шрушылық артельдеріне айналдыру. Ұжымдастыру басталғанда халық алдына мынадай екі жауапты міндет қойыды: бірінші – ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, екінші – көшпелілерді отырықшыландыру. Өнім дайындау мөлшерін жоғарыдан бегіледі. Әр аймақтың өзіндік ерекшеліктері, қолда бар мүмкіндіктер ескерілмегендіктен өнім дайындау мөлшерін орындау қиын болды. Ауқаттының малын еріксіз алып болып, енді халықтың қолында күн көрісі үшін қалған малға, астыққа қол сала бастады. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасы» ұрандары тарады.

Отырықшыландыру екі жолмен жүргізілді:

Ÿ жүздеген шаруашылықты бір жерге шоғарландырып, малын өнім дайындау қорына өткізу;

Ÿ көп халықтың киіз үйлерін көше секілдендіріп тігіп, поселкелер құру, солардан колхоз жасау.

Мұндай әдіс Ресей секілді егіншілікпен айналысатын өңірлердің колхоздастыру түрі болатын. Өкінішке орай бір партиялық өктем саясат көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын өңірлерге де осы әдісті енгізбек болды. Қазақстандағы аграрлық реформалар негізінен әкімшілдік әдістермен жүргізілді. қазақ байларын тәркілеу – Коммунистік партия мен Кеңес өкіметінің дөрекі де қате саясатының бірі болды. Қазқ зиялыларынң, ауыл шаруашылығы мамандарының байлар қожалықтарын күшпен тәркілемей-ақ оларды салықпен және басқа да экономикалық әдістермен тежеп ұстау бағытын қабылдамады. ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және отырықшыландыру науқандарының зардаптары «ақтабан шұбырындыдан» асқан нәубет әкелді.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 10872 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...