Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жж. зиялыларға қарсы қуғын-сүргін шараларының күшеюі



Ф.Голощекин билікке келген уақыттан бастап ұлттық басқарушы топ өзара қарсы екі ұстанымға бөлініп кетті. Кеңестік мемлекеттік автономияға жалпыұлттық сипат, мазмұн беруге күш салушы бірінші топ Голощекин ұсынған бағдарламаны қазақ ауылында жасанды түрде “азамат соғысын” тудыру әрекеті ретінде бағалады. Ал келесі екінші ұстанымдағы басшы қызметкерлер Қазақстандағы жағдайға сталиндік орталықтың көзімен қарап, мұнда да басымдылық ішкі Ресей губернияларындағыдай таптық мәселелерді шешуге берілгенін жөн санады. Уақыт бірінші топтың болжамының дұрыс екендігін көрсетті. 1930 жылдары жаңа биліктің экономикалық және әлеуметтік саясатына қарсылық танытқан шаруалардың бас көтерулері бүкіл қазақ даласында өріс алды. Қарулы қарсылық сонымен бір мезгілде ауқаттылар мен орташалардың негізгі байлықтары – малдарын жаппай аяусыз қырып салуға немесе көрші елдерге қоныс аударуға ұласты. Қазақ даласында мал басы күрт кеміп кетті.

Ф.Голощекиннің саясатты билік басындағы ұлт жанды зиялылардың ашу-ызасын, қарсылығын туғызды. Мәселен, С.Сәдуақасов Ф.Голощекиннің бұл саясатын “қазақ ауылына бағытталған азамат соғысы” деп бағалап, оның қате екенін, ең бастысы, дәстүрлі көшпелі мал шаруашылығының тамырына балта шабылатынын, орташаларды жоюға бағытталғанын атап көрсетті.

1925 жылы 1-7 желтоқсан аралығында Қазақстанның бесінші Өлкелік партия конференциясы өтті. Осы конференцияда Ф.Голощекин орыс ұлтшылдығы мен жерглікті ұлтшылдық туралы және қазақ коммунистері арасындағы «жершілдік» туралы сөз сөйледі. Ф.Голощекиннің алғашқы күндерден бастап алға қойған мақсаты – ұлттық мүддені, елдің экономикалық ерекшелігін ескере отырып жұмыс жасауды ұсынған ұлт коммунистерінің белсенді бөлігін биліктен ығыстыру болса, екінші бір көздегені Алашорда құрамында болған қазақ оқығандарын партия басшылығындағы жауапты қызметтерден қуу болатын. Оның бұл ойын жүзеге асыруына қазақ зиялыларының бетке ұстарларын, Алаш қозғалысының құрамында болған белсенділерін «сенімсіз әлеуметтік саяси элементтер» ретінде сипаттап, оларды алдымен қоғамдық саяси жұмыстардан аластатып, одан соң тікелей қуғындаға 1925 жылдың 29 мамырында Қазақстан партия басшылығына жолданған И.Сталиннің «Ақжол» газеті туралы хат Алаш қозғалысына белсене қатысқан қазақ зиялыларын Кеңес үкіметімен ықтиярсыз болса да, бірлесе отырып, туған халқының мүддесі мен мақсаты, болашағы үшін қайткен күнде де қызмет ету мүмкіндігінен айырды.

Ф.Голощекин осы саясат аясында мүмкін болар ауыр зардаптарды, соның ішінде адам шығынын да заңды құбылыс деп есептеді. Ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алған ол оның ауыр зардаптарға соқтыратынын біле тұра өз идеясын жүзеге асыруға белсене кірісті. Ф.Голощекин басқа пікірмен, әсіресе оппозициямен санасуды ойламады. Оның бұл идеясына қарсы болғандар Т.Рысқұлов, т.б. Орталыққа шақырып алынды, ал басқалары С.Сәдуақасов, С.Қожанов, Ж.Сұлтанов, Ж. Мыңбаев және т.б. 1926 жылы «ұлтшыл-уклонистер» ретінде айыпталды. С.Сейфуллин, М.Мырзағалиев, Н.Нұрмақов, С.Меңдешев, т.б. қуғынға ұшырады. Оның зұлым саясатының кесірінен қазақ ұлтының бетке ұстар азаматтары, зиялы қауым өкілдері республикадан алшаққа қуылды немесе басқа жаққа қызметке ауыстырылды.

1928 жылы Ф.Голощекиннің саяси жаулары саналған зиялылар –А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. алғаш рет қамауға алынды. 20-жылдардың соңында әлі де халық арасына ықпалы зор алаш зиялылары: М.Тынышпаев, Ж.Досмұхамедов, X.Досмұхамедов және басқалары тұтқындалды. Жалпы алғанда Қазақстандағы оппозицияның түбіне жеткен Ф.И.Голощекин сталиндік жаппай ұжымдастыру саясатын жүзеге асыра бастады.

Елдің болашағын ойлаған ұлт зиялылары қазақ мемлекеттігі мәселесіне ерекше мән берді. Әлихан Бөкейханов бастаған ұлт зиялылары Алаш автономиясын құрып, қазақ елі өз алдына отаутігіп отыруын мақсат етті.

«Заманына қарай амалы» демекші ұлт зиялылары заманның түріне қарап іс істеуге көшті. Ұлтына қызмет етуге ниет етті. 1917 жылы шілде айында өткен Бірінші Бүкілқазақтық құрылтайға қазақ зиялылары бауырлас түркі халықтарының зиялы қауым өкілдерін шақырыпы, түркі халықтарына ортақ мәселелер жөніндегі ортақ ойды ортаға салды.

1917 жылы желтоқсан айында екінші Бүкілқазақтық құрылтайда Алаш автономиясы, барлық саяси қозғалыстар мен партиялардың бүкілтүркістандық конгресінде Түркістан автономиясы құрылғаны жария етілді. Ғасыр басында Ресей мемлекетінің құрамында болған түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқы да Қазан төңкерісін теңдекке қолымыз жетер деген бір үміт, бір күдікпен қарсы алғаны белгілі. Большевиктік отаршыл саясаттың бет пердесі ашылып, болмыс-бітімі айқындалған сайын, түркі халықтары өз аты жоғалмай тарихи тегі мен ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалу жолында ұмтылыс жасады. Қазақ зиялылары отаршылдықтың шығудың жолы – түркі халықтарының тұтастығында деп соның бірлігін тіледі. Алаш зиялылары түркі халықтарымен достық, татулықты сақтай отырып Еуропалық өркениеттен қол үзбеу жағында болғанын да баса айту керек.

Тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылған Алаш автономиясы мен Түркістан автономиясы мен Түркістан автономиясын большевиктер қарулы күш қолданып жойды. 1919 жылы қарашаның 4-де Түркістан майданының революциялық соғыс кеңесі Кеңес үкіметіне тікелей жанама түрде қарсы күресіп барлық қазақтарға тиісті шарттар орындалған жағдайда толық кешірім жасау туралы қаулы қабалдады.

Қазақ автономиясы мәселесін тңғыш көтеріп, оны өзі іске асырған Әлихан Бөкейханов «Найзаның ұшымен, айбалтаның күшімен, жүзімен болған үкіметке» қызмет етуден бас тартты. Осы оппозициялық қылығы үшін 1920-1922 жылдары оған «буржуазыиялық ұлтшыл» деген жала жабылып қуғындалды.

Тұтас бір халықты құртып жіберу үшін жасалған саясатқа қазақ зиялылары қарсы тұрды. Ресейдің КСРО деп аталған жаңа отаршыл мемлекетінің және В.Ленин бастаған жаңа коммунистік партиясының әкімшілік, идеологиялық езгісінде қалған түрік халықтарын орыстандыру саясаты мен халық ретінде жойылып кету қаупінен қорғау ісін ұлт коммунистері татар Мірсаид Сұлтанғалиев, өзбектер Ф.Ходжаев, Акмал Икрамов, қазақтар Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сәдуақасов, Т.Рысқұлов, С.Қожанов сынды қайраткерлер өз қолдарына алуға күш салды. 1923 жылы 17-25 сәуір аралығында Мәскеу қаласында өткен РК(б)П он екінші съезінде ұлт саясаты туралы мәселеге баса назар аударылды.

Шахта ісі», «Өнеркәсіп партиясы ісі» және оның Қазақстанға әсері, әр түрлі «саяси ауытқушылыққа» айыптау науқандары: барысы, салдарлары.

20-30 жылдары Сталин мемлекеттік және партиялық органдарда өзінің жеке дара билігінорнықтыру үшін күрес жүргізді. Ол өзінің іс-әрекетін «ленинизмді қорғау», «партияның бірлігі», «фракциямен күрес» тәрізді ұрандармен бүркемелеп отырды, оның бұл әрекеті оған бұқара халықтың қолдауын қамтамасыз етті. 1928-1932 жылдары КСРО-да, оның ішінде Қазақстан да елді индустриаландыру мен ұжымдастыруда жіберілген қателіктер мен асыра сілтеулер экономикалық қиыншылықтар туғызды. Сталин экономика саласында жіберілген қателіктерден сабақ алудың орнына қайта кінәліні іздей бастады.

20 жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында саяси сот процестері жүргізіле бастады. Солардың бірі – 1928 жылғы «Шахта ісі». Осы жылы Донбасстың Шахтинскауданында буржуазиялық бағыт ұстанған маман инженерлер мен техниктердің ірі «зиянкестік» ұйымы анықталды. Шахтинск «зиянкестері» бұрынғы орыс және шетел өнеркәсіп иелерімен, шетелдік әскери барлаушылармен байланыста болған деген жорамалдар жасалды. Оларды шахтада жарылыстар жасап, машина, желдеткіш тағы басқа мүліктерді бұзды және заводтарды, электростанцияларды өртемекші болды, техника қауіпсіздігін сақтамады деп айыптады.

1928 жылы жазда Мәскеу қаласында «Шахта ісіне» орай КСРО Жоғары Кеңесінің сот процесі өтті. Партияның Орталық Комитеті «шахта ісінен» сабақ алуға шақырды. «шахта ісі» ВКП(б) ОК-нің екі пленумында талқыланды. Сталин ескі бурзауазиялық мамандардың алдауы мен зиянкестік әрекеттерінен сақтануы үшін шаруашылық саласында жұмыс істейтін большевиктерді өнеркәсіп техникасы шеберлері болуға шақырды.Сталин «Шахта ісіне» ұқсас «қылмысты» әрекеттерді кеңестік шаруашылық аппараттырының бәрінен іздестіруді міндеттеді.

1930 жылы көктемде Украинада «Украинаны құтқрау одағы» («Союз вызволнения Украины») деген жалған ұйымға қатысты жаңа саяси процесс басталды. Олар бурзуазиялық-помещиктік Польшамен Украинаны КСРО-дан бөліп әкету туралы құпия одақ жасасты деп айыпталды.

1930 жылы қараша айының соңы мен желтоқсан айының басында Мәскеу қаласында жаңа саяси сот процесі басталды. Сот процесі «Өнеркәсіп партиясына» қатысты болды. Іс барысы мен өту ретін Сталиннің тапсырмасымен ГПУ және прокуратура органдары дайындады. Сот процесінің төрағасы сол баяғы А.В.Вышинский болды, мемлекеттік айыптаушы Н.К.Крыленко. Кейіннен өзі де сталиндік қуғын-сүргін құрбаны болды. Айыптау қорытындысында «Өнеркәсіп партиясы» басшылары өнеркәсіп және сауда министрі орынына бұрынғы ірі капиталист П.П.Рябушинскийдің отыруын қолдады, 1928 жылдың қазан айында П.П.Рябушинский мен Л.К.Рамзин кездесті деп жазылды.

Мәскеу процестері 1937 жылы Қазақстанда «халық жауларына» арналған сот процестерін ұйымдастыруға түрткі болды. Олар – Қарағандыда, Үржарда және Солтүстік Қазақстанның Преснов ауданында болған сот процестері еді. Бұл процестерідің соңы жаппай қуғын-сүргінге ұласты. Тоталитарлық жүйе қалыптасқан елдерде билік басындағы партия мемлекеттің негізгі ядросы болып табылады. Қалыптасқан келе жатқан тоталитарлық жүйе жеке тұлғалардың құқығы мен еріктілігін сақтауға талпыныс та жасаған жоқ. Жекелеген адамдар партияның мақсатқа жету жолындағы құралына айналды.

Мемлекеттің күштеу мен зорлық-зомбылықтарға бару себебінің бірі – орнығып келе жатқан қоғамдық-саяси жүйенің қажеттілігіне адамдардың көзін жеткізер дәлелдердің жеткіліксіздігінен болды.

Негізгі әдебиеттер:

1. Төлентаева К. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. – Алматы: «Зият Пресс», 2006. 168 бет.

2Адамбеков Б.К. ХХ ғасырдағы Ресей империясы, Кеңес мемлекеті және ТМД тарихы: Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. -344 бет.

2. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы: Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық / Б.Ғ.Аяғанның жалпы редакциясымен. –Алматы: Раритет, 2010. - 448 бет.

3. Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін: Бес том­дық. 3-том. – Ал­ма­ты: «Атамұра», 2002. -768 бет.

4. Қазақстан тарихы көне заманнан бү­гін­ге дейін (Очерк): Оқу құралы. – Алматы: Дәуір, 1994. – 446 бет.

5. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 4-том. - Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет.

6. Қандық Е.С. Қазақстан тарихы (Кеңес дәуірі және тәуелсіз Қазақстан) Оқулық. –Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. -512 бет.

7. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.С. Қаражан. - Алматы: Заң әдебиеті, 2009.

8. Қазақстан тарихы: Оқулық /Жұмақаева Б.Д. – Алматы, -ТОО «Издательство LЕМ», 2010.

9. Қазақстан. Фотошежіре. Казахстан. Фотолетопись. Том 1. -Алматы: RUAN, 20057 -128 бет.

10. Қазақтар, казахи: Тоғыз томдық анықтама. – Алматы, 1998.

11. Новейшая история Казахстана. Сб. документов и материалов. Т.1 (1917-1939 гг.). Сост. Каражанов К.С., Такенов А.С. -Алматы: Санат, 1998.

12. Садыков Т.С., Кеңестік тоталитарлық саясат және Қазақстан қасіреті. Оқу құралы. – Алматы: Эверо. 2014.

Қосымша әдебиеттер:

1. Прімбетова Ә.Ө. Қазақ елінің тарихы: Оқу құралы. - Алматы, 2003.

2. Тәтімов М. Қазақ әлемі. - Алматы: Атамұра, 1993.

3. Козыбаев М.К. История и современность. - Алматы, 1991.

4. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Замана асуы). 1-кітап. - Алматы, 1998.

5. Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы, оқу құралы. – Алматы: «Қарасай», 2009.

6. Голод в Казахской степи. Сб. документов. - Алма-Ата, 1991.

Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары тізімі:

1. Өскембаев Қ.С. Қазақстан тарихы (1917-1991 жылдар). Электрондық оқулық. ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы тізімдегі. № 1511 (2013 жыл 12 қараша).

Интернет көздері:

1.История Казахстана. // http://ru.wikipedia.org/wiki

2. История Казахстана. // http://www. encyclopedia.kz/wiki/

3. История Казахстана, Информация об истории Казахского народа. Исторический очерк о 4. Казахстане. // http://www.kazakhstan.orexca.com/rus/ kazakhstan_history.shtml

5. Культура Казахстана 19 века. // http://www.panasia.ru/main/kazakhstan/culture/1.html





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 5512 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...