Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Коммунистік партияның Х съезі (1921 ж. 20 наурыз). Жаңа экономикалық саясатақа өту



1921 жылы 8-16 наурыз аралығында РКП(б) Х съезі болды. Съезден кейін Бүкіл Одақтық Орталық Атқару Комитеті (ВЦИК) жаңа экономикалық саясатқа көшу курсын бекітті.

«Әскери коммунизм» саясатының қатал шектеулерінен босату шаруалар мен кәсіпкерлердің белсенділігін оятып, халық шаруашылығының еңсесін көтеруіне әсер етті. Азық-түлік салғырытының орнына азық-түлік салығы енгізілді.

Жаңа экономикалық саясатқа көшу барысында мына мәселелерге мән беру ұсынылды:

Ÿ саяси-идеологиялық салада – қатал бір партиялық жүйе, кез келген оқшау ойлау мен оқшау әрекетке жол бермеу. Партия кадрларына коммунистік тәрбие беру, жат «буржуазиялық» идеологиядан сақтандыру мақсатында В.Ленин «Жауынгер материализмнің маңызы туралы» мақаласын жазды. Бұл мақала партия саясатына басқа бағытта ойлаушыларға қарсы күреске жұмылдырылды;

Ÿ экономика саласында - әкімшіл-нарықтық (административно-рыночную) шаруашылық жүйесін құру мақсат етілді. Азық-түлік салығын енгізу дегеніміз капитализмнің кейбір көріністерін жандандырып, жеке меншіктегі ұсақ кәсіпорындардың ашылуына жағдай жасайтын еді.

Жаңа экономикалық саясатты енгізумен мынадай мәселелер шешімін тапты: жерді жалға беру және алу, жалдамалы еңбек күшін пайдалану, ауыл шаруашылық, кредиттік, тұтыну, кооперациялары кеңейіп дамыды. «Әскери коммунизм» кезінде енгізілген еңбек етуге міндеттілік және еңбекке жұмылдыру тоқтатылды. Ұсақ кәсіпорындар жеке тұлғалар немесе кооперативтерге жалға берілді.

Қазақстанда өнеркәсіпті қалпына келтіру қиын жағдайда жүргізілді: шикізат пен отын, маман жұмысшы қолы жеткііксіз болды. Қабылданған жаңа экономикалық саясат жағдайында ел еңсесі біртіндеп көтерілгені байқалды. Республиканың ауыл шарушылығы саласы да ілгеріледі.

1921-1925 жылдары Қазақстанда Кеңестер жүзеге асырған экономикалық саясаттың қарама-қайшылықты жақтары да болды. Төңкерістің алғашқы жылдары ұлттық аймақтарға, алыс аудандарға көмек көрсету жөнінде көп айтылғанымен, орнығып келе жатқан жаңа жүйе бар мүмкіндіктерді Мәскеу қаласы мен Ресейдің егінді аудандарында Кеңес билігін нығайтуға жұмылдырды. Ұлттық аудандар мемлекеттің шет аймақтары саналды да, орыс емес ұлттардың мұң-мұқтажына сөз жүзінде болмаса, іс жүзінде айтарлықтай көңіл бөлмеді.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2523 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...