Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тоталитарлық жүйе: сипаты, ерекшеліктері



ХХ ғасыр – революциялық сілкініс және қанды соғыстар, геноцид, демографиялық тоқырау мен экологиялық дағдарыстармен тарихта қалды. міне, біз ХХІ ғасырға аяқ бастық. Біздің Отанымыз – Қазақстан тарихы үш жүз жылға жуық уақыт Ресей империясы мен кеңес мемлекеті тарихының құрамдас бір бөлігі ретінде қаралып келді. Отанымыздың өткен тарихы бертінге дейін маркстік-лениндік теорияға, таптық партиялық методологияға сүйеніп жазылып, қазақ этносының көлеңкесінде қалдырылып келді.

Бүгінгі күні қазақ халқы өзінің тәуелсіздігін қайта жаңғыртқан тұста халық пен оның тарихына деген көзқарас та түбегейлі өзгеріске ұшырады. «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасында» егер бұрын Қазақстан тарихы біртұтас КСРО тарихының құрамдас бір бөлігі ретінде ғана ұғындырып келсе, енді оны әлем тарихының, Еуразия тарихының, Орталық Азия елдері тарихының аясында қарастыру жөнінде, Қазақстан тарихының әлемдік тарих легіндегі лайықты орын айқындауға ерекше көңіл бөлінген. Отан тарихындағы бүгінгі күн тұрғысынан қайта зерделеп, тың деректер негізінде теориялық және методологиялық жағынан тереңдете білім беруді қажет ететін өзекті мәселенің бірі – Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін тарихы.

Мәселенің мәні мен ақиқатын шынайы тарихи деректер арқылы айқындап, тұжырымдар жасауға болады. Біздің мамандық пәніне қатысты жасауға болады. Біздің мамандық пәніне қатысты Қазақстандық дерек көздеріне тоқталар болсақ. Бірінші осы жолдардың авторының ғылыми зерттеу жұмысы барысында жинаған мұрағат деректері, ғылыми басылымдарда, монографияларда жарияланған мұрағат материалдары. Екінші, мерзімді басылымдар деректері. Бұл қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани салалардағы қозғаушы күш қана емес, ол өткен уақыттың жылнамасы. Белгілі бір кезеңнің болмыс-бітімін тану үшін сол кезеңдегі бапасөзді терең зерттеу арқылы да орасан зор мәлімет алуға болады. ХХ ғасырдың басында, дәлірек айтсақ, 1917-1918 жылдары бағыт-бағдары, мақсат мен мазмұны «Айқап», «Қазақ» және басқа да ұлттық басылымдардан өзгеше большевиктік басылымдар пайда болды. Қазақстанда Кеңестер билігі орнағаннан кейінгі кезеңдерде ұлттық негіздегі мерзімді басылымдар біржола жабылды да, олардың орнын большевиктік басылымдар ұзақ уақытқа басты. Біз қарастырып отырған кезеңде шығып тұрған «Еңбекші қазақ», «Қызыл Қазақстан», «Социалды Қазақстан», «Қазақстан большевигі», «Народное хозяйство Казахстана», «Большевик Казахстана» және тағы басқа басылымдар қоғамда болып жатқан әр алуан, ірілі-ұсақты оқиғалардан халыққа ақпарат жеткізу міндетін атқарса, уақыт өте келе елімізде коммунистік диктатураның орнау, әкімшіл-әміршіңл жүйенің қалыптасу және орнығу тарихының құнды дерек көзіне айналды. Елімізде өтк күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүзеге асырылған ХХ ғасырдың 20-30 жывлдарындағы мерзімді басылым материалдарының негізгі бағыттарын шартты түрде бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші бағыт ол ұлттық мәселе, ұлттық мемлекет құруға көзқарас. Аталған бағыт Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және басқа алаш зиялылары мен сол жылдардағы Өлкелік партия Комитетінің бірінші хатшысы Ф.Голощекин «алаштың жас буыны» деп баға берген С.Сәдуақасов, Ы.Мұстамбаев, Ж.Сұлтанбеков, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев және «либерал-коммунист» Н.Нұрмақовтың баспасөз беттеріндегі мақалаларынан танылды. Ф.Голощекин алаш зиялылары жөнінде «оларды жұмысқа қосып, партияға ала тұрсақ та, олардың байшыл, ұлтшыл салт-санасына қарсы күресу керек» деген біржақты пікір ұстанды. Бұл пікір тек бірінші хатшының ғана емес, жалпы коммунистік партияның «ескі» интеллигенция туралы ұстанған бағыты болатын. Сол себепті де алаш зиялыларының қоғамда болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістерге, ұлт болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістерге, ұлт мәселесіне көзқарасы большевиктік басылым беттерінде толық мәселесіне көзқарасы большевиктік басылым беттерінде толық жария етілмеді.

Тоталитарлық жүйе түрлері «ИТАЛЬЯНДЫҚ ФАШИЗМ»

Бенито Муссолинидің 1922 – 1943 жылдары Италияда жүргізген мемлекеттік капитализмнің ұлтшыл – тоталитарлық саясаты тарихта «итальяндық фашизм деген атпен белгілі.

«Фашизм» (латынша «fascio» - бума, одақ деген мағына береді). Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін Бенито Муссолини Рим Империясын жандандырмақ болып, өзінің фашистік партиясының «fasci di combattimento» символы ретінде фасцияны қабылдайды.

Итальяндық фашизмнің негізгі белгілеріне – көсемге бағыну, бірпартиялы жүйе, социалды дарвинизм, элитаризм, шовинизм жатады.

Итальяндық фашизмнің негізгі идеялары - Бенито Муссолинидің «Доктрина фашизма» деген еңбегінде және Джованни Джентиленің шығармаларында сипатталған. Доктрина адамзат қоғамы іс-әрекет жүзінде ғана өмір сүре алады – деп, баяндайды, «мәңгілік бейбітшілікті» фантастикалық құбылыс деп жоққа шығарады.Фашисттер адам да, адамзат та соғыссыз тіршілік ете алмайды деп айтады.

«ҰЛТШЫЛ – СОЦИАЛИЗМ»

Ұлтшыл - социали́зм (нем. National sozialismus, қысқаша – нацизм) – социализмді ұлтшылдықпен, нәсілшілдікпен, араластыратын қоғамдық құрылым. Ұлтшыл - социали́зм мемлекеттік идеология болған ел – Үшінші Рейх.

Германиядағы ұлтшыл – социализмнің негізгі элементтері – национализм, расизм, фашизм және антисемитизм. Ұлтшыл – социализмнің негізгі мақсаты – басып алынған территорияларда «арийлерді» қоныстандыру және де «мыңжылдық рейхті» орнату. Германиядағы ұлтшыл – социализм – тоталитаризмнің бір формасы.

Адольф Гитлер өзінің «Mein Kampfe» атты еңбегінде ұлтшыл – социализмді түсіндіру үшін былай деп жазады:

- Социализм – коғамдық игілікті іске асыратын құбылыс. Коммунизм – социализм емес. Марксизм – социализм емес. Марксистер бұл ұғымды ұрлап алып, оның мағынасын өзгертіп жіберген. Мен социализмді олардың қолдарынан жұлып аламын...

- Социализм – бұл ежелгі арийлік германдық дәстүр. Біздің аталарымыз жерді біріге отырып, қолданған. Олар қоғамдық игілік идеясын дамытты. Марксизмнің социализмнің артына жасырынуына құқысы жоқ. Марксизмге қарағанда, социализм жеке меншік пен адам даралығын жоққа шығармайды. Марксизмге қарағанда, социализм патриоттыққа толы....

- Біз өзімізді Либералдық партия деп атаушы едік. Бірақ біз өзімізді Ұлтшыл – социалисттер деп атауды шештік. Біз интернационалисттер емеспіз. Біздің социализм – ұлттық социализм. Біз үшін нәсіл мен мемлекет – бөлінбейтін тұтастық......

1920 – 1945 жылдары ұлтты біріктіру мақсатында ұлтшыл – социалистер өте эффективті лозунгты қолданды: «Бір халық, бір мемлекет, бір көсем» (Ein Volk, Ein Reich, Ein Führer).

«ИСПАНДЫҚ ФАЛАНГИЗМ»

Испа́ндық Фала́нга (исп. Falange Española) – Испаниядағы оңшыл саяси партия. 1933 жылы Хосе Антонио Примо де Ривераның басшылығымен құрылып, Франциско Франконың авторитарлық режимі кезінде (1936 – 1975 ж.) мемлекеттегі жалғыз заңды партия.

Фаланганың идеологиясы (ұлтшыл - синдикализм) итальяндық фашизмге тарихи тұрғыда өте жақын. Фаланга идеологиясының негізгі идеясы – Испанияда көсем басқаратын, партиясыз, корпоративті мемлекет құру, Испания империясын қайта жаңғырту. Бірақ негізінен Фаланганың ұлтшылдығы – этникалық сипатта емес, азаматтық – патриоттық тұрғыда болды. Фалангизм итальяндық фашизмге қарағанда барлық саяси партияларды жоққа шығарды және де оңшыл да, солшыл да қозғалыстарға қарсы шықты. Примо де Ривера тіпті фалангизмді фашизмнің тармағына жататындығын жоққа шығарды.

Фаланганың эмблемасы ретінде жебе мен ярмо алынды, бұның өзі жай кездейсоқтық емес. Жебе мен ярмо Изабелла Кастильская мен Фердинанд Арагонскийдің символы болып табылды. Фалангашылдар бір-бірін «жолдас» (camarada) деп атады.

«ТЕМІР ГВАРДИЯ»

«Темір Гвардия»«(рум. Garda de Fier) – 1927 -1943 жылдары Румынияда билікте болған ультра – оңшыл саяси партия. Партияның идеологиясы негізінде – ультра – ұлтшылдық, антикоммунизм, антикапитализм, антисемитизм жатты және де олар Румын православтық шіркеуін қолдап отырды. Корнелиу Зеля Кодряну құрған бұл ұйым алғашында «Архангел Михаил легионы» деп аталды. 1930 – жылдары Германиядағы нацистік режиммен байланыс орнатылды.

Легионның негізгі символикалық түсі жасыл түс, яғни қайта жандану, қайта жаңару деген мәні бар. Сондықтан да легионерлерді «жасыл жейделер» «(рум. Cămășile verzi) деп атады.

Легионның символы түрме торы формасындағы үш қырлы айқыш болды, немесе оны қысқаша «Архангел Михаилдың айқышы» (рум. Crucea Arhanghelului Mihail) деп аталды. Легионерлер бір – бірімен «Римдік салютпен» сәлемдескен.

Легион өзінің идеологиясы жағынан басқа европалық идеологиялардан қатты ерекшеленгені сонша, жапондық милитаризм идеологиясы оған жақынырақ болды.. Идеологияда қатаң тәртіп, еңбекқорлық, білім, намысшылдық, қолғабыс ету, мақсатқа жетуге ұмтылу қатты дәріптелді.

«Темір Гвардияның» идеологиясының негізінде антисемитизм жатты. Олар еврейлерді христиан әлемін құртушылар деп қудалады. Легионерлер франкомасоншылдықты, Зигмунд Фрейдтің идеяларын, марксизм мен большевизмді, атеизмді, фалангизм мен гомосексуализмді айыптап, олар қоғамды құртады деп ойлады.

«ЖАПОНДЫҚ МИЛИТАРИЗМ»

Милитари́зм (фр. militarisme, лат. militaris — әскери) – мемлекеттің әскери күшін ұдайы түрде өсіруді дәріптейтін идеология. Милитаристтер халықаралық және ішкі конфликттерді тек қана соғыс арқылы шешуге ұмтылады. Милитаризмге жаппай қару шығару жарысы, мемлекет бюджетінің едәуір бөлігінің әскери қажеттіліктерге жұмсалуы тән.

1927 жылдың 20 сәуірінен бастап Жапония премьер – министрі Вакацуки Вейдзироның орнына Гиити Танака келіп, бірінші күннен бастап – ақ «қан мен темір» саясатын жүргізе бастады.

Жапониядағы билікті фашистік билікке жатқызуға болмайды, өйткені фашизмге әдетте бірпартиялық жүйе мен диктатордың билігі тән. Керісінше, 1936 жылы Жапонияда фашистік қозғалыстар басталғанда император Хирохито Сева олардың барлығын да жаппай қырып тастады. Тіпті Жапонияда 1942 жылы фашизмге тән емес партияға бүкілхалықтық сайлау жүрді. Жапониядағы идеологияға негізінен императорды құдайдай дәріптеу, синтоизм, шовинизм, тоталитарлық идеялар және ұлтжандылық пен патриотизм тән.

Тарихшылар Жапониядағы милитаризмнің орнауын 1910 жылмен байланыстырады. Өйткені сол жылы жапондықтар Кореяны басып алды.

Синтоизм – милитаризм идеологиясының негізгі бөлшегіне айналды. Император – Аматэрасу құдайдың тікелей ұрпағы, оған бағынбау Құдайға бағынбаумен бірдей. Сондықтан да халық ұлтшылдық пен тоталитаризмнің орнауын қуана қарсы алды.

«ЧУЧХЕ ИДЕОЛОГИЯСЫ»

Чучхе́ (кор. 주체?, 主體) - корей революционері Ким Ир Сен қалыптастырған марксистік идеология. КХДР – да қалыптасқан идеология – бұл марксизм-ленинизм мен гармониялық тұрғыда байланысқан ежелгі корейлік философиялық ой. КХДР –да чучхе идеясы кейде – «кимирсенизм» деп аталды.

«Чучхе» иделогиясының негізгі постулаттары мыналар:

1. Қоғамдық іс-әрекеттін негізгі субьекті – халық бұқарасы;

2. Ұлттық абырой мен революциялық құндылықтарға ие ұлт – жеңілмейтін ұлт;

3. Әр мемлекеттін халқы агрессия мен құртып-жоюшылдыққа қарсы күресіп, империализм мен доминационизмнің алдын алуы керек.

4. Бүкілхалықтық және бүкілмемлекеттік қорғаныс жүйесін орнату үшін, барлық халық пен мемлекетті қаруландыру керек.

5. Революция – халық бұқарасының қажеттілігі мен дербестігін орнататын күрес;

6. Пайдаға кенелуге бағытталған капиталистік экономикаға қарағанда, социалистік экономика – мемлекет қажеттіліктері мен халықтың игілігін қанағаттандыратын экономика.

Философиялық принциптері:

1. Адам – әлемнің және өз тағдырының қожайыны;

2. Сана – адам миының жоғарғы функциясы;

3. Табиғат – адам еңбегінің объектісі және адам өмірінің материалды қайнар – көзі;

4. Құлдық санамен уланған адам, шындықты қате түрде қабылдай бастайды.

«ҚЫТАЙЛЫҚ МАОИЗМ»

Маои́зм (қыт. 毛泽东思想) – идеологиялық құрылымдарын Мао Цзэдун қалыптастырған саяси теория мен практика. Қазіргі таңда «Дэн Сяопин теориясымен» және де «Цзэн Цзэминнің үш өкілдігі идеясымен» қатар Қытай Коммунистік Партиясының негізгі идеологиясын құрайды.

Идеологияның негізгі принциптерін Мао Цзэдун қалыптастырды. Олар:

1. Философия облысында – қоршаған ортаны тануда қоғамдық практиканың рөлін;

2. Политэкономика облысында – социализмнің жоспарлық – тауарлық сипатын;

3. Ғылыми социализм облысында – «Жаңа демократия», «Қаланы ауылмен қоршау» және де «Қытайлық нұсқадағы саяси билікті дұрыс алу» стратегияларын қалыптастырды;

4. Экономика облысында – «Жаңадемократиялық революция» бағдарламасын, яғни қоғамдық-экономикалық параллельді дамудың формасын жасап шығарды;

5. Халықаралық қатынастарда – «үш әлем» теориясы, тәуелсіздік пен дербестік принциптері.

Маоизмде коммунистік идеялар ханьдік шовинизм және китаецентризммен араласқан.

«СТАЛИНДІК РЕЖИМ»

1920 – жылдардың аяғы мен 1950 жылдарға дейін КСРО саяси жүйесінде тоталитарлық режим орнады. Бұл режимді тарихта «сталинизм» деп атайды.

Сталинизмнің басқа режимдерден ерекшелігі – авторитаризм, мемлекеттің жазалау функцияларының күшеюі, қоғам өмірінің барлық салаларына қатаң тәртіп қою мен қолсұғушылық, жаппай репрессиялар мен депортациялар. Көптеген тарихшылардың ойынша – сталинизм тоталитаризмнің бір формасы.

Л. Троцкийдің пайымдауынша сталинизм – большевизмнің соңғы сатысы емес, оның «термидориандық жоққа шығарылымы», немесе «сатқындық».

Кейбір зерттеушілердің ойынша, Сталин сөз жүзінде ғана марксист болды, ал шындығында ол дәстүрлі орыс ұлтшылдығы мен империализмін қайта жандандырды.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 5509 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...