Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Саяси жүйені зерттеу методологиясы. «Тоталитаризм», «қуғын-сүргін» (репрессия) ұғымдары



XX ғасыр көптеген қайғылы оқиғаларға толы болды. Оның ішінде: I – Дүниежүзілік соғыс, колониализм және интервенция, II – Дүниежүзілік соғыс т.б. Саясаттың әсерінен тек қана бұқара халық зардап шекті.

XX ғасырдың басында көптеген елдерде капиталистер байып, қара халық қысымшылық пен таршылық көрді. Капиталистер халықты қанады. Сондықтан көптеген мемлекеттерде капитализмге, бытыраңқылыққа және әділетсіздікке қарсы идеологиялық қозғалыстар пайда болды. Осындай идеологиялық козғалыстар нәтижесінде мемлекеттерде төңкерістер мен азамат соғыстары жаппай орын алды.

Жаңа билік формалары дүниеге келді. Жаңа режимдер пайда болды. Әртүрлі партиялар мен «көсемдер» «жаңа идеологиялар» арқылы халықты өз ырқына көндіріп, елде қатігез саясат жүргізді, ұлттарын басқа көрші елдерге қарсы көтеріп, соғыстар басталды. «Көсемдер» мен «партиялар» билікке келген елдерде халық одан әрі қаналды. Бірақ халық оны байқамады, өйткені ол идеологияның ықпалында болды. «Көсемдер» мен «партиялар» елдерде тоталитарлық режим орнатты...

Тоталитарлық режим (лат. totalis — бүкіл, тұтас, толық; лат. totalitas — тұтастық) —Адам және қоғам өмірінің барлық салаларын мемлекет қадағалайтын саяси режим. Тоталитарлық режим орнаған мемлекеттерде қандай да болсын оппозияның түрлері мемлекет тарапынан қудаланып, басып – жаншылады. «Тоталитарлы мемлекет» (итал. stato totalitario) деген тарихи ұғымды ең алғаш рет Джованни Амендола 1923 жылы Италиядағы Бенито Муссолинидің режимін сипаттау үшін қолданды. Муссолинидің өзі 1931 жылы «Фашизм доктринасы» деген еңбегінде «итал. Tutto nello Stato, niente al di fuori dello Stato, nulla contro lo Stato» (Адам өмірінің бүкіл аспекттері мемлекет билігіне бағындырылған) – деп жазады.

Батыста «сталинизм» мен «фашизмді» де тоталитаризмнің бір түріне жатқызады. Тоталитарлық режим дегенде біздің көз алдымызға Германиядағы - Адольф Гитлердің, КСРО – дағы Иосиф Сталиннің, Италиядағы – Бенито Муссолинидің режимдері елестейді. Көптеген авторлар тоталитарлық режимге – Испаниядағы генерал Франконың, Португалиядағы – Салазардың, Қытайдағы Мао Цзэдунның, Камбоджадағы – «Қызыл кхмерлердің», Ирандағы Хомейнидің, Солтүстік Кореядағы – Ким Ир Сен мен Ким Чен Ир, және де Ким Чен Ынның, Ирактағы – Саддам Хусейнның, Вьетнамдағы – Хо Ши Миннің, Никарагуадағы – Сомоссаның, Сауд Арабиясындағы – Аль – Саудтың және де Кубадағы - Фидель Кастроның режимдерін жатқызады. Тоталитарлық режимнің классикалық формасы ретінде Италиядағы Бенито Муссолинидің «итальяндық фашизмін» айтуға болады.

Тоталитарлық тәртіптің ерекшеліктері:

Барлық тоталитарлық тәртіптердегі спецификалық ерекшеліктері бар, олар барлық тоталитарлық мемлекеттерде жүзеге асады. Утопиялық идеал барлық тоталитарлық мемлекеттерге тән. СССР-де идеал болып коммунистік болашақ табылады. Ал Германияда мұндай идеал болып бақытты рейх табылады. Барлық тоталитарлық тәртіптің ерекшелігі – мақсатқа жету үшін барлық әдістер қолайлы. Қоғамның дамуының ең негізгі компоненті ретінде идеология болды. СССР үшін мұндай идеология Марксизм – Ленинизм болып табылады. Ал қалған идеологиялардың өмір сүруіне құқықтары болмады. Бұл идеялар патерналистік тұрғыдан қарастырылады. Басқарушы барлық мәселелерді шешті, адамдарға тек соны ғана орындау қалды. Бұл бұйрықтарды орындау жақсы нәтижеге жеткізеді және барлық мәселелерді шешеді.

Ақпараттар агенттігінің мемлекет монополиясы. Ақпарат агенттері тек мемлекетке тиісті. Мемлекетлауазымды ерекше қызметші болып барлық ақпараттарды басқарады. Ал басқарусыз тоталитарлы мемлекет үшін азаматтарды біріктіру мақсатында дұшпан бейнесі пайда болады. Бұл бейне мемлекеттің өз ішінде де, және халықаралық алаңда болды. СССР - өмір сүруінің соңғы жылдарында осындай дұшпан бейнесі болып – империализм саналды. Тоталитарлық тәртіп империализмде дұшпанда көріп, оған жоламауға тырысып, қашқақтады.

Бір ғана басқару партиясы бар саяси жүйе дамиды. Ол елдегі барлық басқаруды қолға алады. Бұл партия қоғамдағы нақты жинақталған түрлі игіліктерге құқығын береді.

Тоталитарлы тәртіп қоғамда жаңа адамды қалыптастыруға ұмтылады. Ол индивид өз идеяларына берілген үкіметке сөзсіз бағынатын адам болуы қажет.

Адамды күнделікті бақылау керек болса оның жеке өмірінде бақылау.

Авторитаризм.

Ол демократиялы емес тәртіптер қатарына жатады. Демократия мен тоталитаризм қоғам өмірінің көп сфераларын бақылауды байланыстырады. Ал адаммен тұлға өмірінің бақылаусыздығын байланыстырады.

Авторитаризм жеке адамның және топтың жеке басшылығы. Бірақ саяси сфералардан тыс өзінің және қоғамның автономиясын сақтайды. Біздің ғасырда авторитаризм тәртібі маңызды емес, көбіне бұл тәртіп тоталитарлы және демократиялы мемлекет болып кетеді.

Авторитарлық тәртіптің ерекшеліктері:

Үкіметті 1 адам немесе 1 топтың адамы (патша) басқарады, мемлекетте көп халық үкіметтен шектеледі. Халық мұндай мемлекеттерде үкіметтің саясаттың бір ғана объекті болып саналады. Бұл мемлекетте адам азамат емес, бағынушы болып есептеледі.

Басқарудың шексіздігі және ел адамның берілген басқаруды бақылай алмауы. Басқару қандай болсын белгілі заңдар бойынша өмір сүреді, бірақ бұл заңдар бағынушыларға міндетті болып табылады. Албасқарушы немесе үкімет үшін бұл заңдарды орындау міндетті емес, ол кез-келген сәтте бұл заңды жойып, басқа жаңа заңды шығаруы мүмкін.

Үкімет күшіне сену. Авторитарлық тәртіпте үкіметті немесе басқаруды қолдату үшін міндетті түрде күш қолданбайды, бірақ кез-келген сәтте күш қолдануы мүмкін.

Үкімет монополиясы және саяси оппозицияны болдырмау. Мұнда бір ғана партия бар, қалғандарына рұқсат жоқ, ал егер ондай болып қалса ол міндетті түрде монарх бақылауында болады. Әйтпесе мүлде болмайды.

Мемлекет тарапынан қоғамды тотальды бақылаудан бас тарту және саяси сфераға мүлде қатынаспау немесе шектеулі қатынасу.

Үкімет органдарына өкілді сайлау емес, тағайындау.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 2043 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2026 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.112 с)...