Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы: Құқықтық және ұйымдастыру негіздері



Дәріс мақсаты: Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері.Еңбекті қорғау заңдарын бұзған тұлғалардың жауапкершілігі.

Негізгі терминдер мен анықтамалар:

ҚР Енбек кодексі бойынша еңбекті қорғау бұл әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық, гигиеналық, емдік-профилактикалық шаралар және қауіпсіздік қамтамасыз ету құралдар, денсаулықты және адамның жұмыс қабілеттін еңбек кезінде сақтау.

Еңбекті қорғау басқару ҚР үкіметімен және арнап даярланған мемлекеттік мекемелер және оның жергілікті шағын бөліктері өткізеді.

Мемлекеттік еңбекті қорғау басқару жасалады: ҚР-да ұлттық саясатты принциптарды жүзеге асыру, заң және нормативтық актілерін шығару, өндіріс құралдарының талаптары, технология, еңбекті ұымдастыру, мемлекеттік қадағалауды ұымдастыру, еңбекті қорғау жағдайларды тексеру, салааралық нормативтық актылерін, ережелерін өндеу және нығайту.

Мемлекеттік саясат қауіпсіздік және еңбекті сақтау аймағына бағытталады:

1) ҚР-ның нормативтық актылерін өндеу және қабылдау, мемлекеттік стандарттарын, ережелерін қауіпсіздік және еңбекті сақтау аймағында.

2) Мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларын қауіпсіздік және еңбекті сақтау аймағында өндеу.

3) Экономикалық жүйесін өндеу және жүзеге асыру, еңбек жағдайларың жақсарту, қауіпсіздік техникасың және технологиясын өндеу және нығайту, жұмыскерлерды жеке және ұжым қорғау.

4) Қауіпсіздік және еңбекті сақтау аймағында мониторингі.

5) Ғылыми зерттеулер қауіпсіздік және еңбекті сақтау аймағында өткізіледі.

6) Қайғылы оқиғалар және кәсіби ауруларды тіркеу.

7) Мемлекеттік қадағалау және бақылау, ҚР еңбек туралы заң шығарушылық талапты сақтау.

8) Қоғамдық бақылау еңбек туралы заң шығарушылық талапты және енбекшілердін мүддесін сақтау.

9) Жұмыскерлердін заңды мүддесіні және олардың жанұя мүшелеріне өндірістен зиян шеккендер және кәсіби аурулардан қорғау.

10) Жұмыскерлерге ауыр, зиянды және қауіпті жұмыс үшін компенсация белгіленеді.

11) Отандық және шетел тәжирибесін тарату.

12) Дайындау және қауіпсіздік және еңбекті қорғау мамандықтардың біліктілігін көтеру.

13) Жұмыс жағдайларың мемлекеттік статистикалық есебін ұйымдастыру және өндірістін жарақаттардың, кәсіби аурулардың салдарын.

14) Бірынғай ақпараттық жүйесіні қауіпсіздік және еңбекті қорғау аймағында қамтамасыз етуі.

15) Халықаралық қауіпсіздік және еңбекті қорғау аймағында ынтымақтастықты нығайту.

Қауіпсіздік техникасының заңдары және мөлшелер ағзаны жарақаттан және техникалық құралдардан сақтау назарына бейімделген.Өндірістін санитариясы және гигиена заңдары және мөлшелер ағзаны шаршатудан, химиялық, атмосфералық ықпалдан сақтауна бейімделген. Қауіпсіздік техникасының және өндірістін санитариясы заңдар және мөлшелер жоспарлау кезінде, өнеркәсіпті орнықты жүзінде сақтайды.

Азақстан Республикасының еңбекті қорғау саласындағы негіздемелік құқықтық заңнамалары мен нормативтік-техникалық актілері.

Еңбекті қорғау мәдениетіне барлық деңгейлерде жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына деген құқықтарын қамтамасыз ету кіреді. Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуді қалпына келтіру мен жандандыру, ғылымның өндіріске интеграциялануын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласыдағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мақсатында Республика Үкіметі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанында Республикалық еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институтын құрды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдар жаңа заңнамалық, нормативтік құқықтық база құруға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми- зерттеулердің көлемін кеңейтуді қамтамасыз етуге және олардың жетістіктерін өндіріске енгізуге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңнаманың сақталуынна бақылауды күшейтуге, өндірістік жарақаттану мен кәсіби аурулардың деңгейін 2-3 пайызға төмендетуге, санитарлық-гигиеналық нормативтердің талаптарына жауап бермейтін жағдайларда жұмыс істейтіндердің санын 5-6 пайызға азайтуға, өндірісте зардап шеккендерді емдеуге, оңалтуға және зиянды өтеу шығындарын 5-6 пайызға азайтуға, сондай-ақ бірқатар аса маңызды мәселерді шешуге мүмкіндік береді.

Еңбек қорғау жөніндегі заңдар дегеніміз – бұл өзара бір-бірімен тығыз байланысқан заң актілерінің жүйелері, яғни:

· мемлекеттік маңызы бар;

· салалық маңызы бар;

· кәсіпорын көлемінде әрекет жасайтын заң актісі.
Мемлекеттік маңызы бар актілер:

· шаруашылықтың барлық салаларындағы еңбек қорғаудың саясатын анықтайды.

Бұл акті:

· өнеркәсіпті және басқа қызметтері әртүрлі объектілерді жобалау, салу және пайдалану кезінде міндетті түрде орындау үшін құқықтық және мөлшерлік база болып табылады.

Салалық актілер:

· мемлекеттік негізде жасалынады және кейбір салалардың еңбек қорғау облысындағы ерекшеліктері ескеріледі. Кәсіпорын көлемінде әрекет жасайтын заң актілері мемлекеттік және салалық заң актілерінің талаптарына байланысты дайындалынады және кейбір кәсіпорындардағы, өндірістердегі, цехтардығы, бригадалардағы, жұмыс орындарындағы еңбек қорғаудың ерекшеліктері бейнеленіледі.

Еңбекті қорғау қызметтері екіге бөлінеді:

· салалы;

· кәсіпорынды.

Бұлардың негізгі міндеттері:

· үздіксіз, бір жақты және жан-жақты еңбек жағдайын жақсарту;

· салаларда істейтін жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін
жоғарылату,

Еңбек қорғауды материалдармен және техникалармен қамтамасыз ету арқылы шешуге:

· еңбек қорғау мәселелерін жоспарлау және кәсіпорын аулаларын салу мәселелерін шешу;

· еңбек қорғау мәселелерін өнеркәсіп ғимараттарын салу кезінде шешу;

· еңбек қорғау мәселелерін өнеркәсіп жабдықтарын құрастыру кезінде шешу;

· еңбек қорғау мәселелерін технологиялық процестерді дайындау осының негізінде жасалынған толассыз және автоматикалык жүйелердің орналасуы мен қызмет жасауын шешу;

· еңбек корғау мәселелерін ұжымдық қорғау құралдарын енгізу арқылы шешу;

· еңбек қорғау мәселелерін, жұмысшыларды жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету арқылы шешу мәселелері кіргізілген;

Еңбек қорғауды санитарлық-гигиеналық көмек көрсету
арқылы шешу
төмендегі мәселелерді қамтиды:

· санитарлық эпидемиялогиялық станциялар;

· медициналық-санитарлық бөліктер мен денсаулық сақтау пункттері;

· емделу-сауықтыру және денсаулықты жақсарту нысандары;

· санитарлык-тұрмыстық жайлар;

· санитарлық-курорттық емделу орындары;

· емделу-профилактикалық және тамақтану орындары.

Негізгі міндеттері:

· еңбек жағдайын жүйелі түрде бақылау;

· жұмыскерлердің денсаулық жағдайын жүйелі түрде бақылау;

· жұмыскерлердің денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау;

· жұмыскерлердің денсаулығын қалпына келтіру үшін жағдай жасау;

· жұмыскерлердің денсаулығын күшейту үшін жағдай жасау;

· мезгілсіз қажуды ескерту;

· өндірістің зиянды факторларының әсеріне адам организмінің төзімділігін арттыру және басқа дәрігерлік көмек беру мәселелері.

Еңбек қорғаудың талаптарын сақтау жөніндегі қадағалаулар мен бақылаулар. Бұл мәселе үш бағыт бойынша іске асырылады:

· мемлекеттік;

· әкімшілдік;

· қоғамдық.
Негізгі міндеттері:

· еңбек жағдайын қадағалау мен бақылау;

· еңбек қорғау жөніндегі заңдылықтарды сақтау;

· өндірісте еңбек қорғау ережелері мен мөлшерлерді сақтау.

Еңбек қорғау жөніндегі заңдар мен нормативтік-техникалық құжаттар.

Қазақстан Республикасында еңбек қорғау жөніндегі заңдары мен нормативтік-техникалық құжаттар:

· Қазақстан Республикасының Конституциясына;

· Қазакстан Республикасының еңбек туралы заңына;

· Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау заңына;

· Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары мен
кодексіне;

· Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету заңына;

· Қазақстан Республикасының еңбек қорғау заңына негізделінген.

Құқықтық қатынастарды реттейтін негізгі құжат Қазақстан Республикасының конституциясы болып табылады. Онда әрбір азаматтың демалуға, еңбек етуге, денсаулығын сақтауға, зейнетақы алуға, тегін мединицалық көмек алуға құқығы бар делінген. Барлық заңнамалар еңбек туралы заңда көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007 жылы 15 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді. Ол 6 бөлім, 40 тарау, 341 баптан тұрады.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 3686 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...