Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау



Соңғы жылдары жұмыс берушілер мен кәсіподақ өкілдерінің Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп жұмыс істеуі елде әрекет ететін әлеуметтік әріптестік институтының құрылуына себепші болды. Оның дамуына қатысты басым бағыттар ретінде әлеуметтік-еңбек қатынастарымен, еңбекті қорғаумен және денсаулықты сақтаумен, сондай-ақ еңбекшілердің әлеуметтік қорғаумен әрі оларға әлеуметтік кепілдік берумен байланысты мәселелер анықталды. Осының арқасында республикада еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеудің көп деңгейлі жүйесінің іргесі қаланды: «мемлекет-сала- аймақ- кәсіпорын».

Бас, салалық (тарифтік), аймақтық келісімдер (бұдан былай-келісім)- еңбек жағдайын жасау жұмыспен қамту және қызметкерлердің әлеуметтік кепілдігі бойынша тарптардың міндеттемелері анықталатын әлеуметтік әріптестік тараптары арасынды, республикалық, салалық және аймақтық деңгейлерде бекітілетін құқықтық акт.

Аймақтық келісім – бұл бекітілген жақты келісімнің аймақтық ерекшеліктерімен байланысты және аймақ кәсіпорындарында ұжымдық шартты бекіту барысында ескерілетін еңбекті қорғау мен еңбек жағдайын, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді белгілейтін жазбаша келісім түрінде ресімделген құқықтық акт. Келісім 7 негізгі тарауды қамтиды. Оның ішіндегі ең негізгілері мыналар: әлеуметтік – еңбек қатынастары, еңбекті қорғау мен денсаулықты сақтау; халықты әлеуметтік қорғау және осы заманғы әлеуметтік саясат;табыс, еңбекақы және халықтың өмір сүру деңгейі; бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 1594 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...