Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Еңбек қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігіне жалпылама түсініктеме



Еңбек жағдайының қауіпсіздігін және салауаттылығын қамтамасыз ету проблемасымен еңбек қорғау қызметі айналысады. Еңбек қорғау қызметі өндірісте мүмкін болатын оқыс оқиғалардың себептерін айқындайды және оқып біледі, өндірісте мүмкін болатын кәсіби аурулардың, апаттардың, жарылыстардың, өрттердің себептерімен танысып айқындайды, ол себептердің салдарын жою жөніндегі шаралар мен талаптар жүйесін жасайды, адам өміріне қауіпсіз және қолайлы еңбек шартын жасайды.

Еңбекті қорғау еңбек процестерінде адамның еңбекке жарамдылығын және денсаулығын сақтауды қауіпсіздікті қамтамасыз ететін заң және нормативті актілер негізіне сәйкес әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық, емдеу-профилактикалық шаралар мен құралдарды кешені.

Еңбекті қорғау пәні кешенді болып табылады және ол мынадай төрт бөлімнен тұрады:

· еңбекті қорғау заңы;

· өндірістік санитария;

· қауіпсіздік техникасы;

· өрт және жарылыс қауіпсіздігі.

Бірінші бөлімінде еңбек қорғаудың әлеуметтік –экономикалық,құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері оқытылады; екінші бөлімінде өндірістік санитария мен еңбек гигиенасының негіздері қарастырылады; үшінші бөлімінде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық мәселелер туралы сөз болып, техника қауіпсіздігінің инженерлік негіздері өтіледі; төртінші бөлімінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өрттің алдын алу шаралары қарастырылады.

Бұл оқу курсының негізгі ерекшелігі еңбек қорғаудың әлеуметтік- экономикалық және ұйымдастырушылық қағидаларын мемлекеттік тілде кеңінен баяндау болып табылады.

Еңбек қорғау курсының екінші бөлімінде:

· өндірістің зиянды факторларының (әсерінің);

· гигиеналық мөлшерлеу принциптерінің өндірістегі зиянды тұстарының;

· олардың адам өмірі мен денсаулығына кері әсерін болдырмау, жою немесе азайту жолдарын қарастырады.

Үшінші бөлімінде технологиялық процесстер мен өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қортынды түрде қарастырылынған, өйткені олардың көпшілігі арнайы пәндерде оқытылады. Бұл бөлімде қауіптілігі жоғары технологиялық жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптары толық баяндалады. Осылармен қатар қорғау қондырғыларына да қажетті көңіл аударылып отырады.

Төртінші бөлімнің материалын баяндау кезінде негізгі назар:

· студенттерді заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі көрсеткіштерімен таныстыруға;

· өрт пен жарылыстың өндірісте, тұрмыста орын алу себептерімен таныстыру қоғамның негізгі мақсаты;

· еңбекті адам өмірінің қажеттілігіне сай ұйымдастыру;

Бұл қажеттілік адам еңбегі аса қолайлы жағдайда өтетін болса, ол жағдай адамның барлық қабілетінің барынша дамуына мүмкіндік туғыза отырып,оның жоғары көңіл-күй мен еңбек өнімділігін арттыра отырып,ұзақ жылдар бойы ауырмай-сырқамай қызмет етуі мүмкін болған жағдайда орындалады.

Бұлардан басқа еңбек процесінде адамның ауырып,уланып қалмауына, жарақат алмауына қолайлы жағдай туғызылуы шарт.

Бірақ Халықаралық еңбекті ұйымдастыру ұжымының мәліметіне сүйенсек, әлемде жыл сайын 60 млн-нан аса оқыс оқиғалар орын алатыны белгілі болып отыр.

Қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайлары көп ретте техникалық тұрғыдан алға басушылықтың арқасында, өндірістің техника мен технологияның жетілдірілуі арқасында қамтамасыз етіледі. Алайда еңбек инспекциясы жүргізетін тексерістер еліміздің көптеген кәсіпорындарында қолданынылатын машиналардың, құрал-жабдықтың, тетіктердің және еңбек құралдарының техникалық күйі стандарттардың, нормалардың талаптарын және оларды пайдалану ережелеріне сай келмейді. Шектен тыс тозған негізгі өндірістік қорлар мен шектеулі инвестициялық мүмкіндіктер жағдайында техногенді факторлардың қоршаған орта мен халыққа тигізетін зиянды әсері күннен-күнге ұлғайып келеді. Бұл тұрғыдан аса үлкен алаңдаушылықты тау-кен металлургиясы саласының кәсіпорындары туғызады, себебі,мұндағы негізгі қорлардың 40 пайызға жуығы тозған. Өндірістік жарақаттануды, әсіресе жұмыскерлердің өліміне әкеліп соқтыратын жазатайым оқиғалардың ең жоғарғы деңгейі құрылыс саласында тіркеліп отыр. Биікте орындалатын және жер қазумен, көтергіш тетіктерді пайдаланумен байланысты жұмыстар жұмыскерлердің қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіреді. Көптеген жағдайларда объектілерде қажетті қауіпсіздік шаралары, жеке қорғану құралдары қолданылмайды. Ағымдағы жылы талқылауды және практикалық шараларды қолдануды қажет ететін өзекті мәселелер ретінде еңбекті қорғау мәдениетін қалыптастыру, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, авиациялық және автомобильдік көлік кәсіпорындарындағы еңбекті қорғау көзделіп отыр.

Мемлекет соңғы жылдары мемлекеттің экономикасын реформалау кезіндегі обьективтік және субьективтік қиындықтарға қарамастан, еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі бағдарламаларын іске асыру бойынша көп жұмыстар істеді.

Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс берушілер қатысқан барлық деңгейдегі мемлекеттік өкімет пен басқару органдары іс-қимылының бірлігін көздейді.





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 3753 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...