Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кендер мен минералдар



Алюминий кендерде тотыққан минералдар, қос сульфаттар және силикаттар түрінде болады. Төменде алюминидің маңызды минералдары келтірілген (5.1-ші кесте).

5.1-ші кесте Алюминидің негізгі минералдары

Минерал Минерал формуласы Al2O3 мөлшері, %
Корунд Диаспор, бемит Гибсит (гидраргиллит) Нефелин Алунит Каолинит Кианит (андалузит, силлиманит)   Al2O3 AlООН Al(ОН)3 (Na,K)2О ·Al2O3·2SiO2 (К,Na)2SO4·Al2(SO4)3·4Al(OH)3 Al2O3·2SiO2·2Н2О   Al2O3·SiO2     65,4 32-36 37-39 39,5   63,2

Кен шикізатының негізгі түрі құрамында бемит немесе диаспор, гидраргиллит немесе гибсит және аздаған корунд және алюмосиликаттар бар тау жынысы. Бұл тау жыныстары бокситтер деп аталады. Бос тау жынысы гидратталған темір оксидтерінен, кальций және магнидің карбонаттарынан, әртүрлі сулы силикаттардан тұрады. Бокситтің ірі кен орындары Солтүстік Қазақстанда (Торғай) бар. Олардың құрамы: Al2O3 – 40-50%; SiO2 – 5-15%; Fe2O3 – 14-16%; TiO2 – 2-3%.

Құрамында нефелин бар жыныстардың өндірістік маңызы бар. Бұл кендердің сапасы ондағы Na2O: Al2O3 қатынасымен бағаланады, бұр көрсеткіш бірге жақын болғаны дұрыс. Оларда темір минималды мөлшерде болу керек. Кейде нефелин апатитпен [Са10Сl2(F2)(PO4)] бірге кездеседі. Апатит нефелиннен флотациялай бөлініп, тыңайтқыштар алуда қолданылады. Алынған нефелин концентратының құрамы: 30 % Al2O3, 20 % (Na2O+Ka2O) және 44% SiO2.

Алуниттерде натрий және калий алуниттерінің изоморфты қоспасы болғандықтан глинозем, поташ, сода және күкірт қышқылын алу шикізаты болуы мүмкін.

Балшықтарда каолинит бар. Егер балшықтарда Al2O3 30-32 %-дан кем болмаса, алюминий алудың шикізаты бола алады.

Жоғары глиноземды силикаттардан (андалузит, силлиманит, кианит) алюминий мен кремнидің қорытпасы – силуминдер алуға болады





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 933 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...