Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

СӨж рәсімделуі



Студентке берілген әрбір тапсырма жеке тапсырылады және белгіленген уақытта орындалады. Жазбаша тапсырмалар келесіде үлгіде орындалу ұсынылады: мәселенің зерттелу тарихы, деректер, берілген тақырыптың негізгі ережелері. Мұқаба бетінде факультет пен кафедра атауы мамандық, пән атауы, студенттің аты-жөні, тегі жазылады.

  1. Курсты оқыту барысында қолданылатын әдіснама (курсты оқыту барысында қолданылатын интерактивтік әдістер, тренингтер, диагностикалық әдістер және т.б.)
  1. Логикалық тапсырмалар.
  2. Топтық жұмыс түрлері.
  3. Дебат
  4. Лидер
  5. Тақырыпта немесе тарауында кездесетін анықтамаларды айқындау, қысқаша(0,5 беттен аспауы тиіс) эссе жазу
  6. Тақырып бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде қысқаша түсініктеме жазу (1-2 бет)
  7. Глоссарий - ұғымдар мен терминдер анықтамасын теріп жазу
  8. Презентация –таңдаған тақырыбы бойынша студенттің өз ойын – пікірін дүниетанымын білдіруі және оны қорғауы. Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтыруымен бағаланады. (8-10минут)
  9. Іскерлік ойын-болашақ мамандығына байланысты дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығына атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде топта ойнау (алдын-ала дайындалу керек)
  10. Айқындап жағдайды үйрену- нақты жағдайларда қойылатын сұрақтарға өз ойынша жауап беру немесе жауаптарды өзінше жобалау
  11. Топтық жоба- 4-5 студенттен құралған топтар, оқу материалы бойынша өз жобаларын жасап, оларды қорғайды. (КВН) түрінде өткізуге болады.
  12. Жеке жоба- маңызды және өте қызық ғылыми зерттеу нәтижелері, жетістіктерді қамтитын баяндамалар білім деңгейі жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады
  13. Тақырып бойынша өзін-өзі тексеру- сұрақтарына ауызша жауап беру (10-15 минут) Жауаптар тақырып қалай ашылғандығына және басқаларды қалай қызықтырғанына байланысты бағаланады.
  14. Жазба жұмыстары- рейтинг бақылау сұрақтарына жазба түрде жауап жазу.
  15. Тесттер- тақырып соңында студенттердің білім деңгейін анықтау үшін 5 минутта өткізілетін тест сұрақтары
  16. Рефераттар мен баяндамалар – студент немесе студенттер таңдауы бойынша пән тараулары тақырыптарын оқып үйреніп, талдау жасап, өзінше қорытындысын шығару.
  17. Пікір- студенттер бір-бірлерінің рефераттарына талдау жасап, өз пікірлерін жазу.

Студенттердің білім деңгейіне байланысты тапсырмаларды жеңілдету немесе күрделі етіп жоспарлану қажет. Мәселен, барлық студенттерге тиісті талдау тапсырылса, дайындығы жоғары студентке кейс жазуды тапсыруға болады.

Барлық СӨЖ тапсырмалары уақытылы тапсырылуы қажет; уақытында тапсырылмаған тапсырмалар төмендетіліп бағаланады. Интерактивті әдістер студенттің:

- Тыңдау және өзара қарым – қатынасын;

- Басқаға жанашырлық таныту, жанкүйерлік қабілетін дамытуды;

- Көзқарасын дамытуды және түсінуді;

- Белгісіз сұрақтарға жауап тауып, белгілі мәселелерді ұсыну.

СӨЖ бен СОӨЖ –ге әдістемелік нұсқау.

Тақырып бойынша шолу дайындау – яғни 1-2 параққа әдебиетке қысқа шолу жасау, оған Интернеттың ақпарат ресурстары және баспасөздің қосымша материалдары кіреді.

Глоссарий – қазақ және орыс тілдеріндегі терминдердің қысқа түсіндірілуі (шетел тілге аударылуы мүмкін); тапсырылған тақырып бойынша орындалады.

Семинар – сабақ ретінде студенттердің өздік жұмысының дәстүрлі түрі болып табылады және әр түрлі формаларда да болуы мүмкін, оқытушы оны жүргізу үшін өз авторлық идеясын құрастырады.

Реферат – СӨЖ ең көп кездесетін түрі, белгілі бір тақырып бойынша баяндама ретінде болады, оның ішіне әдебиеттің міндетті тізімі, ғылыми жұмыстың, кітаптың мазмұнының талқылануы кіреді. Одан да қызықты және шығармашылық жұмыс бұл рефератқа оппозиция жасау, яғни қарама-қарсы көзқарас ұсыну, оның барысында студенттерде анализдеу және дискуссияны жүргізу іскерліктері дамиды.

Коллоквиум берілген пән бойынша білім деңгейін және дайындылық деңгейін анықтау үшін көмектеседі, ол сұхбат түрінде болады.

Өздік жұмысқа арналған сұрақтар, оларға берілетін жауаптар терең анализ негізінде болуы керек. Эссені көбінесе үлкен курстарда оқитын студенттерге береді, бұл өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты өз ойларының айтылуы, ол әр түрлі сын жанрларда болады.

Презентация – студент өз презентациясына әр түрлі тақырыпты алуына болады және презентацияда көрсетілген аспектілерге өз көзқарасын білдіреді; презентация келесі критерийлер бойынша бағаланады: тақырыптың ашылуы, тыңдаушылардың қызығушылығын оятты ма, студент берілген мәселеге жауапкершілігімен ат салысты ма.

Нақты оқу жағдайлары – студенттерге көп жай және күрделі жағдайлар беріледі, олар бойынша студенттер сұрақтарға жауап беруі керек немесе мәселеге өз көзқарасын көрсетеді; жақсы дайындалған студенттер өз кейсін жазуы мүмкін.

Қызметтік ойындар студенттерде болашақ мамандықтың іскерліктеріне үйретеді; кейбір ойындарға үй дайындығы немесе кітапханаларда аяқталуы керек.

Топ жобасы топта 3-5 адамнан аспауы керек, әрбір топ өз проектын дайындауы керек.

Жеке жоба – жақсы дайындалған студенттер өз еркімен жасайды; жұмыс тақырыптың өзектілігімен, зерттеушілік сипатымен көзге көрінуі керек; проект қорытыныдысы студенттік конференцияда баяндалуы мүмкін





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 958 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...