Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Этнос және этникалық топтар саясаттың субьектілері



Дәріс мақсаты: Этнологиялық мектептердің негізгі териялары мен көрнекті өкілдерінің негізгі тұжырымдарымен таныстыру.

Негізгі түсініктер: функционализм, әлеуметтанулық мектеп, қоғамдық институттар, стуктурализм және т.б.

Дәріс сабағына арналған әдістемелік нұсқау: Дәріс сабақтарында тақырыпқа сай негізгі түсініктерді талдап, әдебиеттермен жұмыс жасай білуге дағдылану қажет. Тақырып бойынша оқытушы тарапынан берілген негізгі түсініктерді ғана емес, қосымша өз бетінше ізденіп, категориялық ғылыми аппаратты кеңейту ісімен айналысуы шарт.

Кез келген теориялық жүйеде оның негізгі ұғымдарына маңызды рөл беріледі. Сондықтан ұғымдық–терминологиялық ақпаратқа ерекше көңіл бөлу қажет.

Осы күні қолданылып жүрген этникалық терминологияның барлығы ежелгі гректің "этнос" деген сөзінен туындаған. Ежелгі гректерде бұл сөздің 10 шақты мағынасы болды: тайпа, топ, адамдар тобы, адамдар класы, шетел тайпасы, табын, ру тәрізді он шақты мағынада қолданыңды. Яғни: "кейбір жалпы ортақ қасиетке ие (әдет-ғұрып, қылықтар, т.б.) біркелкі жанды заттардың жиынтығы".

Бірақ бұл сөзді архаикалық кезеңдерде (Гомерден Аристотельге дейін) кебіне "топ, үйір" мағынасында қолданған болатын. Дегенмен, оның "тайпа, халық" мағыналары да кездескен. Ал біздің дәуірімізге дейінгі V–IV ғасырларда осы мағына үстемдік алды. Соңғы бірнеше ғасырларда терминнің "грек емес тайпа" мағынасын қолдануға бейімділік байқалды.

Орта ғасырларда бұл сез (кобінесе Библияларда) көпше "кісілер", "адамдар" мағынасында қолданылған.

XIX ғасырда ғалымдар іс жүзінде, халықтарды нақты зерттей отырып, ұлт, нәсіл, тайпа терминдерін пайдалаңды. Біртіндеп ғылыми әдебиеттерге "этнос", "этникалық" сөздері ене бастады.

Этнос теориясын талдауды орыс этнографиясында қолға алған Қиыр Шығыс университетінің оқытушысы С. М. Широкогоров (1887–1939) болды. Ол бұл мәселені "Место этнографии среди и классификация этносов" (Владивосток, 1922), "Этнос. Исследоввания основных принципов изменения этнических и этнографических явлений" (Шанхай, 1923), "О тунгусах" (Лондон, 1935), "Этнография и этнология" (Берлин, 1937) атгы еңбектеріне арқау етіп, этностың типологиялық белгілерін көрсетуге тырысты.

КСРО–да 1940–1950 жылдары көптомдық "Әлем халықтары" атты кітап шығаруға дайындық жүргізілді. Нәтижесінде этнос ұғымынан және одан туындаған категорияларды талдауға арналған бірсыпыра арнайы мақалалар жарық көрді.

Осы кезден бастап "этникалық" термині іс жүзінде еліміздегі (бүрынғы КСРО) ғылыми әдебиетке ене бастады. Бұл тұрғыда П.И. Кушнер, Л.Н. Гумилев, М.Н. Левин, Р.Ф. Итс, В.И. Козлов, Ю.В. Бромлей, С.А. Токарев, Н.Н. Чебоксаров, С.И. Бруктың еңбектерін атап айтуға болады.

"Этнос" сөзінен туындаған сөздердің ішінде әсіресе айқын, кең аоалғаны – "этникалық ортақтық" ұғымы. Әдетте, "этаостың" мәні "халык," дегеннен гөрі, осы алдыңғы ұғымға кебірек келіңкірейді. Яғни, этностар немесе халықтар – адамзаттың этникалық жіктелуінін негізгі бірлігі деуге болады.

Ұлт сияқты тарихи құрылымдарды белгілеу үшін қогамдық–саяси әдебиеттерде әлеуметтік–этникалық ортақтастық ұғымы жиірек қолданыла бастады. 1970 жылы КСРО ҒА Хабаршысында жарық көрген "Этнос және этноәлеуметтік организм" мақаласында Ю В. Бромлей этнос ұғымының тар және кең мағынасын ажырату үшін "этникос" және "этноәлеуметтік организм" деген жаңа терминдер ұсынды.

Біздің әдебиеттерде сол сияқты "этникалық топ" термині пайдаланылады, баламалары: не этностың ішкі бөлегі, немесе – басқа жағдайларда – этностың "сынықтары".

"Этнос" сөзінің өзі және оның топтары бір мағынада қолданылмайды. Еліміздің әдебиеттерінде әуелден ол сез халық мағынасында ("әлем халықтары") қолданылды. Мұнда оның көп сандық мағына беретіні ескерілді.

Шет ел әдебиетінде көп уақыт бойы этникалық бірліктерді салыстырмалы түрде адамдардың шағын жиынтықтары деп түсінген көзқарас басым болды. Мұнда "этникалық топ" термині жиі қолданылды.

Ғылыми әдебиеттерден осыған ұқсас "этнисити" терминін де кездестіруге болады. Бұл термин кейде "этникалық топ" ұғымымен арақатынаста болады, тіпті кей кезде онымен бір мағыналас деп саналады. Шетел әдебиетінде ірі қоғамдар "ұлт" ретінде түсіндірілді. Жуырда ғана "этнотопқа" балама ретінде "этникалық популяция" термині ұсынылды.

Этникалық топтардың негізгі ерекшеліктерін аңықтағанда, олардың пайда болуының ортақ факторы баса айтылады. Әйтсе де, мұның астарында тарихи тағдырлардың ортақтығы деген түсінік жатқанын аңғару қиын емес.

Соңғы уақытта Л. Н. Гумилевтің этностар – биологиялық бірліктер, популяциялар немесе небір мутация салдарынан пайда оолатың жүйелер деген пікірі кепшілікке белгілі болды.

Алайда, жалпы алғанда, біздің мамандарымыздың арасында этносты әлеуметтік құбылыс ретінде түсінетін көзқарас көбірек аңгарылды. Сонымен бірге этностың басты белгілері мен құрылымдық бірлікгерінің арасында айырмашылықтар да аз емес. Мысалы этностың басты белгілері әр ғылыми еңбекте әр түрлі көрсетілген:

Кушнер: тіл және мәдениет;

Чебоксаров: тіл, мәдениет, аумақ;

Козлов: тіл, мәдениет, аумақ, этникалық сана–сезім;

Чистов: тіл, мәдениет, аумақ, этникалық сана–сезім, психикалық құрыныстың ерекшеліктері;

Шелепов: тіл, мәдениет, этникалық сана–сезім, психикалық құрылыстың ерекшеліктері, пайда болуының ортақтығы;

Токарев: тіл, мәдениет, аумақ, этникалық сана–сезім, психикалық құрылыстың ерекшеліктері, мемлекеттік бұйым. С. А. Токарев бұл белгілердің бірде–бірі міндетті емес деп ескертеді. Ю. В. Бромлей болса, этностарды әлеуметтік–экономикалық факторлармен тығыз байланысқан тұтас жүйелер деп санайды. Этникалық категорияларды анықтаудағы және сипаттаудағы шетелдің және біздің ғыными әдебиетіміздегі пікір алалығы қандай себептерден туындаған?

Бұған жауапты мынадан іздеу керек: этникалық терминология көбінесе объективті шындықтың әр түрлі құбылыстарын көрсетуге пайдаланылады. Бір жағдайда ол биологиялық ортақтықты (популяциялар), екіншісінде биологиялық (несілдік) және әлеуметтік ортақтықты, үшіншісінде тек қана әлеуметтік ортақтықты білдіреді. Сонымен бірге үшінші жағдайда не өлемнің барлық халқы, немесе тек қана архаикалық даму сатысында тұрғандар деген ұғымды мегзейді. Біздің міндетіміз этностар иерахиясы мен оның негізгі формаларын аңықтау, яғни этностардың типологиясы болғандықтан, бұл проблеманың тағы бір ерекшелігімен танысуымыз қажет.

Адамзат бірыңғай, біртұтас биологиялық түр (Хомо сапиенс) болып, жалпы әлеуметтік зандар бойынша дами отырып, көптеген топтарға бөлінеді. Мұндай топтар, әдетте, адамдардың ортақтастыгы (бірлігі) деп аталады. Осы ортақтастықтардың қайсыбір категориясы этнос болып табылады.

Біз осы "ортақтастық" (бірлік) терминіне қандай мағына, мән береміз? Орыс және көптеген басқа тілдерде бұл сөз бір мағынамен шектелмейді:

1. Құбылыстардың бір немесе бірнеше белгі бойынша бірдейлігі, ұқсастығы.

2. Тығыз байланыс, тұтастық, бірлестік (одақ). Адамдардың ортақтастығын сипаттағанда мұны міндетті түрде есте үстау керек, өйткені жер шарында бүрын да болған, қазірде әр мөлшерде толып жатқан осындай құрылымдар жетерлік: екі адамнан бүкіл адамзатқа дейін. Және олардың жай жіктелуі іс жүзінде шексіз.

Өйткені адамдар арасындағы әр алуан байланыстарды еске алсақ, белгілі бір мезгілде бірнеше ортақтастықта болады. Ол ортақтастыктар ездерінің көлемімен де, сипат–мінөзімен де, байланыстарының қарқындылығымен де бір–біріне ұқсамайды:

– партия мүшесі;

– студент, 12–топ, Солтүстік Қазақстан мелшекеттікуниверситеті;

– Жұмабаев (отбасы, ру мүшесі);

– самолет жолаушысы;

– қазақ (украин);

– Қазақстанда тұрады (қазақстандық);

– ақсары (қараторы);

– археолог;

– оқытушы.

Яғни адамдар ортақтастығының негізгі түрлерін сипаттай отырып, мынадай ортақтастықтардың бар екенін көрсетуге болады:

– әлеуметтік;

– биологиялық;

– уақытша;

– тұрақты (орнықты);

– тұқым қуалаушылық;

– тығыз;

– бытырауық;

– шағын;

– үлкен (ірі).

Кейде әлеуметтік құрылымдардың ішіңде ерекше категория ретінде "тарихи ортақтастықтар" беліп көрсетіледі. Сонымен қатар, барлық елеуметтік құбылыстардың, соның ішінде әлеуметтік ортақ тастықтардың тарихи үрдістер барысында құрылатыны баршаға белгілі. Және халықтарды тарихи және тарихқа дейінгіге (прототарих) бөлу қисынсыз. Іс жүзіңде бұл "тарихи" халықты "тарихқа дейінгіге" Қарсы қою,

Қазіргі кезде жіктеудің мұндай варнанты тек шетел ғылымына тән делініп жүр. Жалпы ескеретін жай: популяция – иерархиялық құбьыыс. Бұл иерархияның негізі – үй, ал оНың жоғары дәрежесі – бүкіл адамзат кейде популяция – түр ретінде сипатгалады). Адамдар ортақтастығының бүкіл күрделі иерархиясында ерекше орынды этностар алады. Жоғарыңа айтқанымыздай, орыс тілінде "¥л ұғымға әлем халықтары деген ұғымда "халық" сөзі сәйкес келеді. Алайда өлем халықтары деген сөз тіркесі бірсыпыра адамдар ортақтастықтарын қамтиды. Және этнос термині бұл құрылымдардың жалпы "рулық" атауларына сәйкес келеді.

Этносты адамдардың басқа ортақтастарының ортасынан қалай ажыратып алуға болады? Бұл орайда: жалпы немесе ортақ топтық айрықша белгілеріне сүйенеміз. Бұл туралы жоғарыда этностың анықтамасын бергенде айтгық және белгілі белгілерін көрсеттік:

Этнос дегеніміз – белгілі аумақта тарихи қалыптасқан, тілінде, мәдениетінде, психикасында, сана–сезіміңде тұқрақты ерекшеліктері бар адамдар жиынтығы.

Ең алдымен мынаған назар аударамыз: кез келген этнос (тайпа, жұрт, халық, ұлт) өзінің атын біледі. Атсыз, атаусыз этаос жоқ және болған емес. Бұл атау ғылым тілінде этноним (халықтар атауының жиынтығы) термині арқылы белгіленеді.

Этнонимдердің пайда болу мәселесіне келсек, біз ең алдымен "этнонимдер" және "экзоэтнонимдер" терминдерін қарастырамыз. Біріншілері, әдетте, әжептеуір тұқрақты, екіншілері, әр уақытта өзгеріп тұруы мүмкін. Мысалы: "дойч" эндоэтнонимі; экзоэтнонимдер: орысша – "немцы", французша – "алеман", ағылшынша – "джемен", итальянша – "тедеско", финше – "саксаляйнен", сербше – "шваб". Сөйлеу тілінде саяси немесе өкімшілік құрылымында тұратын адамдарды атау үшін атаудың басқа түрі – "полигонимдер" қолданылады. Мәселен, Бельгия халқы – "бельгийліктер", француз халқы – "француздар" (гаскоңдықтар, бреттер...) деп аталады.

Кейде топтың атауы өздері тұратын аумақтарға сәйкес туындайды. Бұл жағдайда ол топоним болады. Мысалы: ондүстіктер, солтүстік қазақстандықтар, семейліктер, қостанайлықтар, жамбылдықтар, еділдіктер, оралдықтар, шығыс еуропалықтар, сомалиліктер (мемлекет емес, жарты арал тұрғындары, этнос өкіліне жатпайды).

Этнонимдер, полигонимдер, топонимдер өздерінің тұқрақтылығымен ерекшеленеді. Мемлекет тұрғындары (азаматтары) одан сырт жерде өмір сүргенде, әдетте, өз полигонимін сақтамайды, екінші ұрпағында азаматгық мұрагерлік болмайды. Топонимдер де осындай: Сібірден көшіп келген орыс сібірліктердің балалары орыс деп аталады. Полигонимнің этаонимге және этнонимнің полигонимге айналатыны да болады.

Конфессионимдермен (дінге сәйкес) және лингвонимдармен (тілге байланысты халықтың атауы) шатастырмау керек. БіоаК олар өзара бірін–бірі ауыстыруы мүмкін. Мысалы: "праовославный" – орыс мағынасында пайдаланылады.

Сонымен, этнонимнің ерекше белгісі – тұқрақтылығы. Ал бұл турақтылық бір топ адамдардың белгілі тарихи даму жолын өтіп, белгілі бір атауға ие болғанын, ат, атау этнос мүшелерінің сана-сезімінің ескенін, олар ездерін халықтардың, тайпалардың бірі екенін сөзінгенін көрсетеді.

Әдебиеттер:

1. Садохин А.П., Грушевицкая Т.Г. Этнология. М., 2001.

2. Лурье С.В. Историческая этнология. М., 1997.

3. Чеснов Я.В. Лекции по исторической этнологии. М., 1998.

4. Этнология за рубежом: проблемы, поиски, решения. М., 1991.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 2514 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...