Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Этнографиялық зерттеулердегі маршрутты тәсіл



Маршрутты зерттеу жүргізу экспедицияның қозғалысын «желілік» маршруттағы тәсілмен жүріп отыру немесе әр тоқтаған аялдамада екі-үш күн болып материалдар жинақтаумен жүргізіледі. Ал шоғырланған тәсіл, зерттеу барысында басты базалық пунктіні (белгілі бір елді мекен) негізгі зерттеу объектісіне алып, ал қалған көршілес ауылдарды сол жиналған материалдарды бекітіп, салыстырып алуға жеңіл-желпі қарастырылады.

Далалық этнографиялық тәжірибе қажетті материалдарды жинақтап, ғылыми-білімді молайту үшін келесідей тәсілдерді қолданады.

1. Байқау әдісі – халық тіршілігінің әр жақты қырларын көрсететін нақты материалдарды жинақтауға мүмкіндік береді. Оның ішінде өмір сүру жағдайы, жергілікті халықтың мінез-құлық ерекшеліктері, тұрмысы осының бәрі іскер этнограф үшін таптырмас материал болып табылады. Әрбір этнографтың далалық жазбаларда немесе басқа да құжаттарда ескерілмеген барлық байқаған дүниелері оның күнделігінде қамтылуы қажет.

2. Сұрақ-жауап әдісі – этнографтың тандап алынған ақпарат берушімен немесе жергілікті жердің тұрғыны беретін ақпаратты пайдалану арқылы жүргізілетін далалық зерттеудің маңызды тәсілі.

3. Эксперимент әдісі – сол жергілікті жердегі отбасының немесе қоғамның әлеуметтік ортасымен бірге мейрамдарда, әртүрлі оқиғалардың ішінде бірге болу. Бұл тәсіл салт-дәстүрлердің қандай ерекшеліктері, қалай жүргізілетіні, кімдер қатысатыны жөніңде көп мәліметті көзбен көруге мүмкіндік береді. Ал қажетті жағдайда жергілікті халықтан белгілі бір салт-дәстүрдің немесе қажетті оқиғаның қалай орындалатынын сұрап, өз көзінмен көруге болады, бірақ бұның жүргізілуі сақна түрінде емес табиғи (шын болып жатқандай) жүргізілуі қажет.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 674 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...