Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

В.Радлов және оның Орталық Азия халықтары туралы зерттеулері



Радлов Василий Васильевич (Фридрих Вильгельм) (5.1.1837, Берлин — 12.5.1918, Санкт-Питербург)[1] — Ресей шығыстанушысы, этнограф, археолог, Петербург Ғылым Академиясының академигі (1884). Полиция қызметкерінің отбасында дүниеге келген. Жасында гимназияда оқыған, Берлин университетін бітірген (1858). Осы тұста ол араб тілі, парсы тілі, түрік тілі, татар тілі, моңғол, манчжур, қытай тілі, т.б. тілдерді үйренді.

Көне ұйғыр жазбаларын, оның тарихын зерттеді, грамматикалық құрылысы жайында бағалы пікірлер айтты. Іұнды еңбектерінің бірі — “Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы” деп аталды. Ол ғылыми еңбектерінде түркологияның барлық саласын қарастырды: лексикография мен диалектология, салыстырмалы-тарихи фонетика мен текстология, көне түркі, ұйғыр және араб ескерткіштері, түркі халықтарының фольклоры, этнографиясы, тарихы мен археологиясына байланысты түбегейлі зерттеулер қалдырды. Оның тарих пен этнография саласындағы еңбектері: а) Сібір мен Орта Азия түркі тілдес халықтарының этнографиясын; ә) олардың көне тарихы; археологиясы, мәдени даму жолдарын; б) аңшылық пен көшпелі халықтардың даму ерекшеліктерін, әсіресе түркі халықтарының рулық құрамын анықтау мәселелерін қамтыды. Радловты аса көрнекті фольклортанушы ретінде танытқан “Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері” aтты 10 томдық еңбегі болды. Оның 1-кітабы (1866) алтай, құманды татарлары, шор, саян, 2-кітабы (1868) шұлым, түрік, хакас, 3-кітабы (1870) қазақ, 4-кітабы (1872) барабы, тобыл, түмен татарларының фольклорына арналды. Қазақ фольклоры үшін аса қымбат қазына болып табылатын 3-томдағы ел аузынан дәлме-дәл жазып алынған шығармалар, ақын-жыршыларға берген мінездеме, халық ауыз әдебиетінің жанрлық құрамын белгілеуі, халық шығармаларының тіл және стиль ерекшеліктерін анықтауы күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқаласы Радлов жинаған фольклор үлгілері “Халық өлеңдері” (жеке шумақтар, бата сөз, жоқтау, бақсы сөзі, өтірік өлең), “Ертегілер”, “Батырлар жыры” (“Ер Көкше”, “Ер Тарғын”, “Сайын батыр”) болып жіктелген. Сонымен бірге ғашықтық, тарихи жырлар, аңыз, қисса-дастан, айтыс үлгілері мен ақын-жыраулар мұрасы да қамтылған. Радловтың Сібір қазақтарының этнографиясы туралы құнды еңбегі “Сібірден” деген атпен шықты. Ол қырғыз эпосы “Манасты” жазып алып, бастырып шығарды. Радлов салыстырмалы тарихи зерттеудің нәтижесінде Орта Азия, Қазақстан және Сібірдегі түркі халықтары фольклорының төркіні ортақ екенін дәлелдеді. Радлов көптеген ғылыми еңбектерімен түркология ғылымының дамуына зор еңбек сіңірді, өзінің мектебін қалыптастырды. Оның ісін шәкірттері Б.Я. Владимирцев, Н.Ф. Катанов, С.Е. Малов, П.М. Мелиоранский, А.Н. Самойлович, т.б. жалғастырды, олар Радловтың ғылыми мұрасы жайлы құнды пікірлер қалдырды. Соңғы уақытта Радловтың шығарм. шеберханасы жайлы жазылған М.Шоқай жазбалары да ғылыми айналымға енді.[2][3]




Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 969 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...