Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ЭЕМ-нің элементтері мен түйіндері жайлы жазыңыз



ЭЕМ негізгі екі қызмет атқарады:

1. Ақпаратты өңдеу және сақтау

2. Сыртқы объекттермен ақпарат алмасу.

Бұл қызметтер ЭЕМ-нің екі компоненті арқылы орындалады: бағдарламалық қамтамасыз ету және аппараттық қамтамасыз ету. Аппараттық қамтамасыз ету келесі бөліктерден тұрады:

•Жүйелік блок;

•Ақпаратты енгізу құрылғылары (пернетақта);

•Ақпаратты шығару құрылғылары (монитор).

Төменде қазіргі ЭЕМ-нің құрамына кіретін негізгі құрауыштар аталған:

 Жүйелік тақша

 процессор

 жад (жедел жад)

 қатқыл диск

 CD-ROM, CD-R немесе DVR-ROM жинақтауышы

 Бейнеадаптер

Жүйелік блок - компьютердің ең негізгі құрылғысы болып табылады. Жүйелік блокта компьютердің барлық негізгі құрылғылары орналасқан.

Процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол- компьютердің ―миы‖. Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды.

Жүйелік жад көбінесе жедел жад немесе ерікті қатынасты жад деп аталады. Бұл онда процессор өңдеу кезінде пайдаланылатын барлық бағдарламалар мен деректер жазылатын негізгі жад.

ЭЕМ-нің функционалдық түйіндері. Компьютер – өзіне берілген бұйрықтарды орындау арқылы есептерді шығара алатын машина. Қандай да бір есепті шешу үшін берілген бұйрықтардың тізбегі программа деп аталады. Аппараттық жабдықтардың көмегімен орындалатын бұйрықтардың тілін машиналық деп атайды. Бірақ программаларды машиналық тілде жазу қиын. Бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы адамға ыңғайлы жаңа бұйрықтарды ойлап табу. Жаңа тілдің бұйрықтары машинаға түсінікті болу үшін оларды машиналық тілге ауыстыру жолдарын қарастыру қажет. Оны шешу үшін екі тех­нология белгілі: оның бірі трансляция деп аталатын алғашқы программа­ның орнына машина тілінде жазылған жаңа программаны орындау. Екіншісі алғашқы тілде жазылған бұйрықтарды енгізілетін берілгендер деп түсі­нетін және оларды кезекпен қарастыра отырып, машина тілінің экви­валентті бұйрықтарын орындайтын машина тілінде жазылған программа. Бұл технология жаңа программаны құрастыруды қажет етпейді және интерпретация, ал оны орындайтын программа интерпретатор деп ата­лады.

Екі әдісті де қолдану барысында компьютер берілген бұйрықтарға эквивалентті машина тілінде жазылған бұйрықтар тобын орындайды. Сонымен, бұйрықтарды аппараттық құрылымдарға түсінікті болатындай тілге ауыстыру процесі жайлы ойланбай-ақ машина тілі ретінде жаңадан құрылған тілді қабылдайтын қандай да бір виртуалды машинаның барлығын елестетуге болады. Мұндай машинаны 1-деңгейдегі виртуалды машина, ал машиналық тілді машинаны 0-деңгейдегі виртуалды машина деп атайды. Транцляциялау мен интерпретациялау өз деңгейінде орындалу үшін екі виртуалды машиналардың тілдері тым алшақ болмауы керек.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 3344 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...