Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері



млн. теңге

Көрсеткіштер 2000-жыл 2001-жыл 2002-жыл 2003-жыл 2004-жыл
Меншікті қаражаттар 492 683,0 751 801,0 792 909,0 917 061,0 1 080 000
үлесі, % 64,3 62,5 58,6 59,5 61,0
Тартылған қаражаттар: 273 182,7 451 503,3 559 202,4 625 207,4 690 131,0
Банктік несиелер 39 683,0 115 889,0 103 768,0 129 237,0 139 000,0
үлесі, % 14,5 25,7 18,6 20,7 20,1
Шет елдік инвестициялар 169 594,0 197 949,0 281 716,0 239 594,0 246 500,0
үлесі, % 62,1 43,8 50,4 38,3 35,7
Бюджеттік қаражаттар 45 517,0 76 267,0 104 501,0 164 982,0 185 000,0
үлесі, % 16,7 16,9 18,7 26,4 26,8
Өзге инвестиция көздері 18 388,8 61 388,3 69 217,4 91 394,4 119 631,0
үлесі, % 6,7 13,6 12,4 14,6 17,3
Жалпы инвестициялар 765 867,0 1 203 304 1 352 111 1 542 268 1 770 131

Кестеден байқайтынымыз, өндірісті инвестициялауға салынған меншікті қаражаттардың үлесі 2000-жылы 64,3% құраса, 2004-жылы бұл көрсеткіш 61,0% дейін төмендеген. Сәйкесінше, инвестициялауға тартылған қарыз қаражаттардың үлесі 35,7%-дан 39,0%-ға жетіп жығылған. Сонымен қатар, меншікті қаражаттардың абсолюттік өсімі 1999-2004 жылдары 209% құраған.

Кәсіпорындардың инвестициялық қаражаттар тарту құрылымы да көңіл аудартады. Әдетте, қарыз қаражаттар тарту экономиканың қаржы институттары жүйесі – банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, лизингтік компаниялар, шағын несие ұйымдары. Қаражаттар тартудың нысандары алуан түрлі болады.

Тартылған қаражаттардың құрылымында банктік несиелердің үлесі артып келеді. Айталық, 2000-жылы тартылған қаражаттардың құрылымында банктік несиелердің үлесі 14,5% болса, 2004-жылы бұл көрсеткіш 20,1% жеткен.

Өзге инвестиция көздерінің құрылымында лизингтік несиелердің ерекше орын алатынын айта кету керек. Негізгі құралдарға салынған инвестициялардың құрамында лизингтік несиелердің үлесі дамыған елдерде 20-30% құрайды, дамушы елдерде 10-20% дейінгі шамамен сипатталады. Қазақстанда аталған көрсеткіш 2003-жылы небәрі 1% құраса, 2004жылы 2% жеткен. Көршіміз Ресейде бұл көрсеткіш 5% құрайды. Бұл, әрине, отандың тауар өндірушілердің негізгі қорларын жандандыру мәселесіне қажетті көмек бере алмайтындығының куәсі.

Бүкіләлемдік банктің мәліметтері бойынша, кәсіпорындарға шағын несиелер берумен айналысатын ұйымдар екі миллионнан астам кәсіпорындарға қызмет көрсетеді, ал олардың несиелерінің жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал шағын несиелердің жалпы экономикадағы несиелердегі үлесі дамыған елдерде 20% құрайды. Біздің елімізде шағын несиелердің үлесі небәрі 2% ғана жетеді.

Қазақстан экономикасының негізі болып саналатын шағын бизнес субъектілеріне тоқталар болсақ, олар үшін инвестициялық қаражаттар тарту қазіргі таңда ең көкейтесті мәселе болып отырғаны анық. Олар үшін бүгінде инвестицияларды қаржыландырудың бірден-бір көзі – банктік несиелер болып отыр. Шағын несие ұйымдары мен лизингтік компаниялар елімізде енді ғана қалыптасу үстінде. Шағын кәсіпорындарға берілетін банктік несиелердің үлесі де жыл санап азайып келеді (3.2-кесте).

Келесі кестенің мәліметтеріне сүйенсек, банктік мекемелердің шағын бизнес субъектілерін қаржыландыруға жұмсаған қаражаттары соңғы жылдары абсолюттік көрсеткіші бойынша динамикалық түрде артып келеді. Айталық, аталған секторға берілген несиелер 1999-жылы 39,9 млрд. теңгені құраса, 2003-жылы бұл көрсеткіш 196,2 млрд. теңгеге жеткен, яғни, бір көзбен қарағанда, соңғы бес жыл ішінде шағын кәсіпорындарға берілген банктік несиелердің сомасы 5 есе өскен.





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 1299 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...