Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі



Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады.

Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

- қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;

- жаңа кәсіпорындарды сатып алу;

- бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.


Кәсіпорындар инвестициялық салымдарды әр түрлі нысандарда жүзеге асыра алады, өйткені инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді. Инвестициялау объектілері 1.1- суретте көрстетілген.

Инвестицияларды әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Инвестициялардың жіктелу белгілері 1.2- суретте берілген.

 
 

Негізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері қарастырылады. Бұл белгісі бойынша инвестициялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық) болып бөлінеді.

Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз – бұл табыс алу мақсатында тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағаы өндірісті кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.

Қаржылық (қоржындық) инвестициялар – бұл табыс алу мақсатында құнды қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.

Инвестицияларды жіктеудің келесі белгісі – инвестициялау мерзімі. Аталған белгі бойынша инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.

Қысқа мерзімді инвестициялар – бұл бір жылға дейінгі мерзімге салынған ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді болып келеді.

Ұзақ мерзімді инвестицилар деп кәсіпорынға бір жылдан артық мерзімдер ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға салынған ақша қаражаттарын айтады. Ұзақ мерзімді инвестициялардың негізгі түріне кәсіпорынның негізгі құралдарын, өндіріс барысын кеңейтуге жұмсалған капитал салымдарын жатқызуға болады.

Кәсіпорынның инвестиция барысына қатысу сипатына қарай тікелей және тікелей емес инвестициялар болады. Тікелей инвестициялар жағдайында инвестор-кәсіпорынның капитал салу объектілерін таңдауда тікелей қатысуын түсінуге болады (өзге кәсіпорындардың жарғылық қорына, құнды қағаздардың кейбір түрлеріне капитал салу). Тікелей емес инвестициялар барысында инвестициялау объектілерін таңдау кезінде қаржылық дәнекершілер (брокерлік-дилерлік компаниялар) немесе инвестициялық қорлар қатыса алады.

Инвестицияланатын қаражаттардың меншік белгісіне қарай жеке және мемлекеттік инвестицияларды бөліп көрсетуге болады. Жеке инвестициялар жеке тұлғалар мен мемлекеттік меншік нысанындағы емес кәсіпорындардың капитал салымдарын сипаттайды. Мемлекеттік инвестициялар – бұл мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың капитал салымдары болып табылады.

Қазақстанның ұлттық экономикасындағы нвестициялық қызметінің





Дата публикования: 2015-04-10; Прочитано: 1471 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...