Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Атқарылған жұмыс сипаттамасы



С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ жерге орналастыру факультеті «Кадастр» кафедрасында 2014 жылдың 10-29 қараша аралығында педагогикалық тәжірибені өттік. Педагогикалық тәжірибеде менің жетекшім болып Мустафина Н.К. тағайындалды.

Педагогигалық тәжірибенің басында ұйымның оқу үрдістерімен, оқу есебі және жоспарлау формаларымен, кафедардағы оқу-әдістемелік және оқу-тәрбиелік жұмыстарымен таныстым.

Магистранттар тәжірибе кезінде келесі ғылыми педагогикалық жұмыстарын жүргізеді:

-Әртүрлі оқу үрдісіне байланысты кафедра оқытушыларының сабақтарына қатысу;

-Оқытушылардың оқу үрдісіне сәйкес сабақтарға талдау жасау;

-Оқытушылардың оқу үрдісіне сәйкес өзіндік сабақтарды жүргізу;

-Жеке оқу үрдісіне сәйкес дәріске конспекттер жасау;

-Таңдалған оқу үрдісі бойынша әдістемелік қорапты белгілі нысанға келтіру:таңдалған оу үрдісі тақырыбына сай әдебиеттерді қолдану арылы дәрістер, арнаулы тесттер дайындау.

Мен педагогикалық тәжірибенің жеке жоспарына сай Мустафина Н.К. Кадастр мамандығының 303 тобына жүргізетін «Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау» сабағынан бойынша дәрістік сабақтар мен машықтану және лабороториялық сабақтарға қатысып, жүргіздім.

Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау пәнінің мақсаты - төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады:

- жер заңнамасын орындау,

- ҚР-ның жер заңнамасының бұзуды айқындау мен жою;

- Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру;

- Жер учаскелерінің пайдалану тәртібін орындау;

- Жер кадастрын, жерге орналастыруды жүргізу дұрыстығын қамтамасыз ету;

- Жерді қорғау мен ұтымды пайдалану бойынша жүргізілетін іс-шаралар.

Пәннің міндеттері – меншік иесі және жер пайдаланушыларды жерді құнарсызданудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан, ауыл шаруашылығы жерін карантиндік зиянкестермен өсімдік ауруларынан жұқтырудан қорғауға, жерді сакқтау мен пайдалануға бағытталған іс-шаралар жүйесі әдістемесін игеру.

Студенттер «Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау» пәні бойынша жерді ұтымды пайдалану және қорғау мақсатындағы жер заңнамасын орындауға бағытталған іса-шаралар жүйесін оқып жатыр.

Лабороториялық сабақта студенттер жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершіліктер, жер заңдарын бұзу түрлері, жерді қорғау мен пайдаланудағы мемлекеттік бақылаудағы мемлекеттік инспектордың жұмыс тәртібін, жерді қорғау мен пайдаланудағы мемлекеттік бақылаудың жылдық есептік құжаттарын толтыруды білу қажет.

Студент білуі және істей-білуі қажет:

- Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мазмұны мен міндеттерін;

-Оны жүргізу принциптерін, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау құрылымы;

-жерді қорғау мен пайдалануға мемлекетік бақылауды жүргізетін мемлекеттік органдарды;

-жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі негізгі нормативтік актілерді

- жерді қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылау жүргізудегі жерге орналастыру қызметінің рөлі;

-жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершіліктерді;

-жер заңдарын бұзу түрлерін;

-жерді қорғау мен пайдаланудағы мемлекеттік бақылаудағы мемлекеттік инспектордың жұмыс тәртібін;

-жерді қорғау мен пайдаланудағы мемлекеттік бақылаудың жылдық есептік құжаттарын толтыруды білу қажет.

САБАҚ БӨЛІГІНІҢ





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1418 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...