Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кіріспе. Мазмұны Педагогикалық тәжірибенің жеке жоспары



Мазмұны

  Педагогикалық тәжірибенің жеке жоспары..............................  
  Кіріспе................................................................................................. 4-5
1. Негізгі бөлім.......................................................................................  
1.1 Педагогикалық тәжірибе өткен кафедраның мінездемесі............. 7-8
1.2 Атқарылған жұмыс сипаттамасы...................................................  
1.3 А қосымшасы. Сабақ бөлігінің жоспар конспекті......................... 11-26
1.4 Б қосымшасы. Сабақты талдау.........................................................  
  В қосымшасы. Педагогикалық тәжірибені өту туралы магистранттың есебі...........................................................................  
  Қорытынды............................................................................................  

Педагогикалық тәжірибенің жеке жоспары

Жұмыс түрлері мен мазмұны Мерзімі
  Жоғарғы оқу орнындағы білім құрылымымен және оқытушылардың есептік құжаттар жүргізу ережелерімен танысу 10.11.2014 ж.
  Оқу үрдісін жүргізу ұйымымен, жалпы формаларымен, оқылатын курс мазмұнымен,ақпараттарымен танысу 11.11.2014 ж.
  Оқу дисциплинасы бойынша конспекттер мен жоспарларын өзіндік дайындау 11.11.2014 – 15.11.2014 ж.
  Оқу мақсатына, тақырыбына сай негізгі және қосымша әдебиеттер таңдау және талдау 11.11.2014 – 15.11.2014 ж.
  Оқу материалының қазіргі ғылыми-әдістемелік деңгейдегі жоспарын жасау және оқу үрдісінің түрлерін әдістемелік дұрыс жүргізу (дәріс, практикалық, семинарлық және лабороториялық сабақтар);   17.11.2014 – 29.11.2014 ж.
  Өткізілген сабақтарға ғылыми-әдістемелік талдауды жасау 17.11.2014 – 29.11.2014 ж.
  Есепті құру, құжаттарды безендіру, тәжірибенің қорытындысын жүргізу 29.11.2014 ж.

Кіріспе

Педагогикалық тәжірибе магистранттардың оқу үрдісінің маңызды компоненті және құрамдас бөлігі болып табылады. Тәжірибенің бұл түрі жалпы кәсіби даярлаудың магистранттарды ЖОО-дағы оқытушылық қызметіне даярлау бөлігінің қызметін атқарады.Сонымен қатар, тәжірибеде магистрант семинарлық және практикалық оқу үрдісін өзіндік жүргізу мен тәрбиелік жұмыстарды атқаруда тәжірибе жинақтауды үйренеді.

Педагогикалық тәжірибенің бағдарламасы әрбір магистрант үшін нақтыландырады және орындалатын жұмыстың сипаты мен ерекшелігіне байланысты толықтырылады және магистранттың жеке жоспарында көрсетіледі.

Тәжірибе үрдісінде магистрант кафедраның барлық ғылыми-педагогикалық және ұйымдастырушылық жұмыстарына қатысуы керек.

Педагогикалық тәжірибенің мазмұны магистранттың ғылыми жетекшісімен жоспарланады, магистрлерді даярлау бағдарламасының жетекшісімен келісіледі және магистранттың педагогикалық тәжірибені өту туралы есебінде көрсетіледі.

Магистранттардың педагогикалық тәжірибесінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

- магистерлік бағдарламаның пәндерін меңгеру үрдісінде алынған білімдер мен дағдыларды бекіту;

- сабақтарды өткізудің әртүрлі формаларын дайындау және жүргізу әдістемесін меңгеру;

- оқу сабақтарын талдау әдістемесін меңгеру;

- қазіргі заманғы білім берудің ақпараттық технологиялары туралы түсініктерді қалыптастыру;

- өзіндік білім алу және өзіндік жетілу дағдыларын қалыптастыру, магистрлердің ғылыми-педагогикалық қызметін қарқындыландыру.

Педагогикалық тәжірибе келесі жұмыстарды орындаудан тұрады:

- жоғары білім беру мекемесіндегі білім беру үрдісінің құрылымы мен оқытушының есептік құжаттаманы жүргізу ережелерімен танысу;

- оқылатын курс бағдарламасы мен мазмұнымен танысу;

- оқу сабақтарының барлық формаларын ұйымдастыру және жүргізумен танысу;

- оқу пәндері бойынша сабақтардың жоспарлары мен конспектілерін өзіндік дайындау;

- сабақтың тақырыбы мен мақсаттарына сәйкес негізгі және қосымша әдебиетті таңдау және талдау;

- қазіргі заманғы ғылыми-әдістемелік деңгейде оқу материалының мазмұнын дайындау;

- оқу сабақтарының әртүрлі формаларын (дәрістер, практикалық, семинарлық және зертханалық сабақтар) әдістемелік тұрғыдан дұрыс жүргізу;

- жүргізілген сабақтарға ғылыми-әдістемелік талдау жасау.

Біз, 2 жыл оқитын «Кадастр» мамандығының магистранттары С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ жерге орналастыру факультеті «кадастр» кафедрасында 2014 жылы қарашаның 10-29 аралығында педагогигалық тәжірибені өттік.

Педагогикалық тәжірибе келесі жұмыстарды орындаудан тұрады:

- жоғары білім беру мекемесіндегі білім беру үрдісінің құрылымы мен оқытушының есептік құжаттаманы жүргізу ережелерімен танысу;

- оқылатын курс бағдарламасы мен мазмұнымен танысу;

- оқу сабақтарының барлық формаларын ұйымдастыру және жүргізумен танысу;

- оқу пәндері бойынша сабақтардың жоспарлары мен конспектілерін өзіндік дайындау;

- сабақтың тақырыбы мен мақсаттарына сәйкес негізгі және қосымша әдебиетті таңдау және талдау;

- қазіргі заманғы ғылыми-әдістемелік деңгейде оқу материалының мазмұнын дайындау;

- оқу сабақтарының әртүрлі формаларын (дәрістер, практикалық, семинарлық және зертханалық сабақтар) әдістемелік тұрғыдан дұрыс жүргізу;

- жүргізілген сабақтарға ғылыми-әдістемелік талдау жасау.

Тәжірибе үрдісінде магистрант кафедраның барлық ғылыми-педагогикалық және ұйымдастырушылық жұмыстарына қатысуы керек.

Педагогикалық тәжірибенің мазмұны магистранттың ғылыми жетекшісімен жоспарланады, магистрлерді даярлау бағдарламасының жетекшісімен келісіледі және магистранттың педагогикалық тәжірибені өту туралы есебінде көрсетіледі.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1863 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...