Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Педагогикалық тәжірибе өткен кафедраның мінездемесі



С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ жерге орналастыру факультеті 1957 жылы құрылған.Қалыптастырылған дәстүр мен профессор-оқытушылық құрамының біліктілігі жоғары еліміздегі ескі жоғарғы оқу орны болып табылады, сонымен қатар факультет түлектеріне материалдық-техникалық және ғылыми-әдістемелік базасы жақсы білім алып, жоғары білікті маман болып шығуларына мүмкіндік берілген.50 жылдық оқу үрдісінде жерге орналастыру факультетінде 3500 мамандар даярланып шықты.Оның құрамында төрт кафедра жұмыс жасайды: жерге орналастыру, кадастр, бағалау, геодезия.

Факультетте бакалаврларды дайындайтын мамандықтар:5В090300 – «Жерге орналастыру», 5В90700 – «Кадастр», 5В090800 – «Бағалау».2008 жылы факультетте жаңа 5В091100 – «Геодезия және картография» мамандығы ашылды.Магистранттарды дайындайтын мамандықтар: 6М090300 – «Жерге орналастыру», 6М090700 – «Кадастр».

Жерге орналастыру факультетінде кадастр кафедрасы алғаш түлектерін шығаруы 1976 жылы басталды.Алғашқы кафедра меңгерушісі Желудов Михаил Павлович - доцент, экономика ғылымдарының кандидаты. Кейін оны жалғастырушылар Лаврентьев Ю.Л., Заводнов С.С., Пенясов Г.П., Слипченко А.А., Бедеубаев М.Б., Ткачук С.А., Мауль Я.Я. - профессор,экономика ғылымының докторы; Есеркепов Р.Т. - доцент, экономика ғылымдарының кандидаты. 1987 жылы «Кадастр» кафедрасы табиғатты қорғаумен бірігіп, кафедраның атауы «Жер мелиорациясы және табиғатты қорғау» деп ауыстырылды.

1995 жылы кафедра атауы – «Жер кадастры және экология» деп өзгертілді, ал 1999 жылы студенттердің аз түсуіне байланысты елдімекен жерлері мен аудандарды жоспарлау кафедрасына қосылды, ал 2002 жылы қайта бөлініп шықты. 1987-1996 жылдар аралығында кафедраны доцент, ғылым кандидаты - Чекаев М.Г., 1996 – 2001 жылдар аралығында - Помогалова В.М., 2001-2003 жылдар аралығында доцент, экономика ғылымдарының кандидаты Жуманазаров К.Б. басқарды.2003 жылдан бастап қазіргі кезге дейін кафедраны экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Курманова Гульнара Кенесовна басқарып отыр.

Кафедраның ғылыми зерттеу жұмыстары бағытталған:

- Зерттеу фундаменті рөлінің алға күшеюіне;

- Жаңа ғылыми бағыттарды ашуға қолғабыс жасауына;

- Ғылыми зерттеу жұмыстарына магистранттар мен студенттерді тартуына;

- Жас ғалымдарды қолдау ұйымына;

- Жаңа құралдармен кафедраны жабдықтауына;

- Халықаралық ғылыми жобаларға ғылыми коллективтерді және басқа да ғалымдарды қатыстыруына бағытталған.

Кафедраның оқытушылары жақын жердегі (Москва, Санкт Петербург, Харьков, Кишинев, Одесса, Пермь, Омск, Новосибирск) және шетелдегі (Германия, Болгария, Чехия) халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, сонымен қатар басқа да жоғарғы оқу орындарындағы конференцияларға белсенді араласады.

Кафедра бакалаврлар мен магистранттарды «Кадастр» мамандығы бойынша дайындайды.Кадастр бакалаврлары мен магистранттарының қызметі атқарады:

-Жер кадастрын автоматтандырылған ақпараттық жүйені қолдану арқылы жүргізу;

-Жылжымайтын мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу;

-Жерді сандық және сапалық есепке алу;

-Жерді бағалау;

-Жерді қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылау;

-Жер мониторингін жасау;

-Республикадағы жер заңдарына сәйкес жер кадастры жұмыстарын жүргізу.





Дата публикования: 2015-04-08; Прочитано: 1586 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...