Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Алғысөз



«Қылмыстық іс жүргізу» оқу пәні мамандықтың негізгі кәсіби бағдарламасының құрылымындағы жалпы кәсіби пән болып табылады.

Пәнді оқып-үйрену барысында студент тиіс:

Мағұлмат алуға:

- қылмыстық іс жүргізу құқығының ҚР құқық жүйесіндегі орны мен маңызы туралы;

- қылмыстық іс жүргізу құқығының және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының өзекті мәселелері туралы;

- оны жетілдіру мен дамытудың жолдары туралы.

білуге:

- сот әділдігін жүзеге асырудың қағидаларын;

- қылмыстық іс бойынша өндірісті болдырмайтын мән-жайларды;

- ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексін;

- тергеу және сот амалдарын орындауға қойылатын талаптарды;

- алдын ала тергеу және сот тергеуін жүргізудің мерзімдерін;

орындай білуге:

- қылмыстық іс жүргізушілік қатынастар өрісіндегі заңи мәселелерді талдауды және шешуді;

- қылмыстық іс жүргізу құжаттарын жасақтауды.

«Қылмыстық іс жүргізу» пәнінің оқу бағдарламасы күндізгі оқу нысанындағы кәсіптік білім берудің базалық деңгейі үшін 62 сағатқа есептелген (олардың 15 – тәжірибелік жаттығулар).

«Қылмысты іс жүргізу» пәні «Мемлекет және құқық теориясы», «Конституциялық құқық», «Қылмыстық құқық» және өзге де пәндермен тығыз байланысты.

Қылмыстық іс жүргізу қолданбалық құқықтық пәндердің бірі болып табылады, сондықтан студенттерді жекелеген теориялық мәселелерді тәжірибе түрінде шеше білуге дайындаудың маңызы зор.

Оқу пәнін меңгеру оның барысында студент өзінің теориялық білімдерін бекітуін және тереңдетуін көздейтін тәжірибелік жаттығулар кезінде тараулар мен тақырыптарды практикалық тұрғыдан қорытуын қарастырады. Берілген пән бойынша оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізу барысында дәрістік-семинарлық, тәжірибелік жатығуларды, өндірістік жағдайларды талдауды, нормативтік және анықтамалық құжаттармен жұмыс жасауды үйлестіреген тиімді.

Әдістемелік құрал құқықтану мамандықтары бойынша бітірушілерді дайындаудың мемлекеттік талаптарын орындауды жүзеге асыруға арналған.

«Қылмыстық іс жүргізу» пәні бойынша оқу жоспарымен практикалық жаттығулар үшін 15 сағат бөлінген.

Берілген әдістемелік нұсқауда олар бойынша тәжірибелік жаттығулар өткізуге кеңес берілетін тақырыптардың үлгілік тізбесі келтірілген. Әрбір жаттығу үшін 2-сағат ішінде орындалуы тиіс тапсырмалар және бақылау сұрақтары кірістірілген инструкциялық қарталар жасақталған.

Инструкциялық карталарға тапсырмаларды жасақтау барысында іс жүргізу құжаттарын жасақтау бойынша іс-тәжірибелік тәлімдерді қалыптастыру бағытына басымдық берілген. Бұл «Қылмыстық іс жүргізу» пәнін оқып-үйрену үрдісінде студенттерді мамандықтың бейіні бойынша тәжірибеге және оқу жоспарында қарастырылған тағылымдамаға дайындаудың жүргізілуімен байланысты. Теориялық оқыту барысында іс жүргізу құжаттарын жасақтауға қатысты алынған тәлімдер, оларға өздерінің білімдері мен шеберліктерін практикалық оқыту үрдісіндегі өндірісте қолдануға көмек береді.

Әрбір инструкциялық карта үшін оларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар жасақталған, олардың мазмұнына студентке тиісті құжатты жасақтауға көмек бере алатын нақты іс жүргізу құжаттарының үлгілері және оларды толтырудың мысалдары кірістірілген. Кейбір инструкциялық карталарда тапсырма ретінде теориялық білімдерді және заңнамалық базаны қолдана отырып шешуді қажет ететін есеп тапсырмалары мен өндірістік жағдайлар қарастырылған.

Нақты инструкциялық картада қарастырылған тапсырманы шешуге кірісе отырып, студент ең алдымен, өзі толтыруы тиіс болатын іс жүргізу құжаттарының бланкаларымен және сондай құжаттардың толтырылған нұсқаларымен танысуы тиіс. Одан бөлек, нұсқауларда (қосымшаларды қараңыз) көрсетілген ескертпелерді ескере отырып, студент құжаттардың бланкаларын толтырулары тиіс болатын нақты қылмыстардың фабулалары қарастырылған. Егер істің фабуласында көрсетілген ақпарат әлдеқандай құжатты жасақтауға жеткіліксіз болатын болса, онда студент іске қатысты мән-жайларды өз бетінше толықтыра алады.

Құжаттарды толтырудың кезектілігі қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізудің үрдісіне сәйкес келе бермейді, сондықтан студенттер соңғы тәжірибелік жаттығудың барысында процесуалдық құжаттарды заңмен бекітілген кезіктілігі бойынша орналастырып, қылмыстық істі жасақтаулары тиіс.

Қылмыстық іс жүргізу бойынша емтихан тапсырғанға дейін студент тәжірибелік жаттығулар бойынша тапсырмаларды орындап, өткізуі тиіс. Бұл үшін тігіліп, әр беті номерленген қылмыстық істі оқытушыға тапсыруға міндетті.

Әдістемелік нұсқаулық 5В030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша мамандарды дайындауға қойылатын Мемлекеттік талаптардың мазмұнына және деңгейіне сәйкес жасақталған.

Берілген әдістемелік құрал оқытушыларға және құқықтану мамандығының студенттеріне арналған.





Дата публикования: 2015-04-07; Прочитано: 591 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...