Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып№49: Ырықсыз етіс аудармасының өзгешеліктері



Мазмұны: 1.Пассивтік құрылым

2.Ырықсыз етіс аудармасының өзгешелігі

Ағылшын тіліндегі пассивтік құрылым үлкен жүйелілікті көрсетеді. Жанама толықтауыш пассивтік құрылымның сақтаушысы бола алады. Ол септік жалғауларының жойылуының және бірнеше есімдіктер мен жалпы зат есім топтарының арасында формальді айырмашылықтың болмауының қорытындысы болып табылады. Мысалы: Mr. Winkle stooping forward with his body half doubled up, was being assisted over the ice by Mr. Weller. Бұл мысалда to assist баяндауышы жанама толықтауыш болып тұр. Уинкл мырза Уиллер мырзаның көмегімен жартылай еңкейіп, мұз үстімен жүріп өтті.

Аудармада пассивтік құрылымның сақталуы үшін лексикалық трансформацияларға көз жүгірту керек: In fact, being with here tonight was really an adventure, and somehow quite a wonderful adventure. But being an English adventure it was liable to be rained upon and at this very moment down the rain came. Шынымен де бүгінгі кеште олармен қауышу тамаша оқиға болды. Мұның барлығы Англияда орын алған алғандықтан әдеттегідей жаңбыр болу керек еді және жаңбыр сол мезетте құйып кетті. Бұл жағдайда пассивтік форма белсенді түрде аударылып тұр. Кейбір ағылшын етістіктері ауыспалы немесе тура түрде қолданылады. Мысалы, to flight етістігінің аудармасын пассивтік формада беру өте қиын. Original samples of Parisclothing have been flown toLondon to illustrate lectures to the fashion industry. — Ағылшын сән үлгілерінің өкілдеріне дәріс барысында көрсетілу үшін Париж әтірлерінің үлгілері Лондонға ұшақпен жеткізілді. Бұл мысал конверсия жолымен аударылған. Сөз құрудың бұл амалының өз баламасы жоқ, сондықтан етістің нақтылығын сақтап қалу үшін қосымша сөздер қосу керек: He was pitchforked into the post of Ministry of Health.- Оны күтпеген жерден Денсаулық сақтау министрінің орнына тағайындалды. Пассивтік форма фразеологиялық тіркестерде қолданылады.

Сөйлемдерде олардың лексикалық, грамматикалық өзгертілуі, орын басуы талап етіледі. Біз пассивтік құрылымды қазақ тілінде ырықсыз етістегі етістіктен жасалатын құрылымдар деп атаймыз. Бұл құрылымдар ағылшын тілінде көп таралған. Ол мынаған байланысты: ағылшын тіліндегі сөйлемнің бастауышы ырықты етістегі құрылымдардың тура толықтауышы ғана емес, көмектес септігі арқылы жасалуы мүмкін. Ырықсыз етістегі құрылымдардың тура толықтауышы пассивтік құрылымның көрінісі болады.: He was sent an invitation by the board- Оған кеңеспен шақыру жіберілді.

Ағылшын тіліндегі пассивтік құрылымдардың шығу тегі субъект емес, іс- әрекет объектісі белгілі болғанда ғана қолданылады. No conclusion was arrived-Ешқандай қорытынды шықпады. He is considered a good engineer-Ол жақсы инженер болып есептеледі. Анықталған іс- әрекет кімге бағытталғаны белгілі болғанда пассивтік құрылым жүзеге асады. Мысалы: The importance of new measure taken by the Government сөйлемінде ырықсыз етістегі баяндауышты көре аламыз. Көпше түрдің үшінші жағында етістік құрылымдары пассивтік құрылымдар арқылы беріледі. Мысалы: керек, қажет т.б есімшелерімен жасалады және контекст мағынасына байланысты аударылады. Мысалы: Бұл кемшіліктерді жою керек- These shortcomings must be eliminated.

Орыс тілінде егер бастауыш немесе баяндауыш ырықсыз етісте жасалған кезде, ол ырықсыз етіс арқылы жасалады. Болымсыз мағынада қолданылып, инфинитивтен тұратын етістікте пайда болады: Дауыстар естілмейді- No voices to be heard. Қазақ тілінде ырықсыз етіс ағылшын тілінде де ырықсыз етісте жасалады. Мысалы: Хатқа қол қойылған жоқ- The letter has not been signed yet.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Пассивтік құрылымның сақтаушы қызметін қай сөйлем мүшесі атқарады?

2.Ырықсыз етістегі етістіктен жасалатын құрылымдар туралы не білесіз?

Тақырып№50: Сөздік ұйқастық

Мазмұны: 1.Сөздік ұйқастық дегеніміз

2.Үстеулік мағынасы бар етістіктерді аудару

Сөз аудармасы ең алдымен орыс тіліндегі мағынасы бойынша сәйкес келетін сөзді табудан басталады. Аударма теориясында, қандай да бір ағылшын сөзіне орыс сөзінің мағынасы бойынша жақын болуы – лексикалық немесе сөздік ұйқастық деп аталады. Ағылшын және орыс тілінің сөздік құрылымдары бірліктерін салыстыру кезінде, осы тілдердің сөздері арасындағы мағыналық қатынастардың екі негізгі түрлері анықталады. Ағылшын сөзінің мәні, толық орыс сөзінің мәніне сәйкес. Мұндай мәндердің ұйғаруы, барлығында дерлік жағдайларда, мәтінде ағылшын сөзінің қолданылуы аудармада осы орыс сөзі болып беріледі. Мұндай тұрақты тең бағалы сәйкестіктерді біз эквиваленттер деп атаймыз. Мысалға: London, Cypress, twenty, Monday, March – деген ағылшын сөздері орыс тілі эквивалентті сәйкестігінде: Лондон, Кипарис, понедельник, Март болады. Басқа тілдер эквивалентінде ұсынылған терминдер, жалқы есімдер, географиялық атаулар, сан есімдер, апта күндері атаулары мен ай атаулары т. с. с. Эквиваленттік сәйкестіктер тіл-тілде көп емес, себебі бірқатар сөздер – көп мағыналы. Жалпы, көп мағыналы сөздерді жеке мағынасынан ғана қарастырады. Мысалы: Ағылшын тіліндегі әр түрлі мағыналарға ие сөздердің үшінші тобына үстеулік мағынаға ие етістіктер жатады. Мұндай етістіктер екі мағына білдіреді: бірінші мағынасында іс — әрекетті білдірсе, екінші мағынасы сол іс — әрекетті сипаттайды. Бұл етістіктердің үстеулік мағынасы келесіден көрінеді: Яғни бұл етістіктердің мағыналары толықтауышпен, үстеумен, мекен пысықтауышпен білінеді. Мысалы: Over 500 london students yesterday roared their way through fleet Street through the heart of the City demanding that “Smith must go” - Лондондық 500 – ден астам студенттер көшеге»Смит жоғалсын» деген қатты айқалған дауыстарымен Флит – стриттан Ситидің орталығына дейін жүріп өтті. Мұнда to roar етістігі to roar one’s way through Fleet street құрылымында мағынасы бойынша айқайға ұласқан қозғалу етістігін қосып, ал to roar етістігінің мағынасын іс – қимыл пысықтауышымен жеткізуге тура келеді. Үстеулік мағынаға ие етістіктердің адекватты аудармасы әдетте аударманың грамматикалық трансформацияларын талап етеді, оның ішінде қосымша сөздерді қосу, сөз таптары мен сөйлем мүшелерінің орын басу әрекеттерін талап етеді. Мұндай үстеулік мағынаға ие етістіктердің көбісі тілге еніп үйреншікті тіркестерге айналып кетті. Мысалы: to bow somebody out of the room, the train steamed in to (out of) the station, the truck rumbled in to the town. Аударма кезінде олардың жеке мағынасын келтіріп аудару қиынға соғады, өйткені олар бір жағдайдан екінші жағдайға көшу іс-әрекетін, іс — әрекетке деген құлшынысты білдіреді. Сондықтан мағыналарының толықтығы әдетте бейнелеп аудару көмегімен көре аламыз. Мысалы: The crocodile shuttered home under hailstones and through the ugly streets – Салқыннан дірілдеп жауынның астында балалар үйінің тәрбиеленушілері ұзын сап құрап лас көшелер бойымен келе жатты. Бұл жерде үстеулік мағынасы бар to shutter етістігі және home үстеуі салқыннан дірілдеп, келе жатты деп аударылса, crocodile метафорасы да бейнелеп аудару көмегімен тәрбиеленушілер, ұзын can деп аударылады.

Үстеулік мағыналары бар етістіктерді аударудың өзіндік екі заңдылықтары бар:

Егер үстеулік мағынасы бар етістік қозғалыс пен оның сипаттамасын білдірсе, ол әдетте белгілі бір пысықтауыштық сөз қосылған етістікпен аударылады, яғни пысықтауышта тұрған сөз сол іс — әрекетті сипаттайды. Мысалы: The train whistled out of the station – Поезд жүру қоңырауын беріп станциядан қозғалды.

Егер үстеулік мағынасы бар етістік бір жағдайдан екінші жағдайға көшуді, іс әрекеттің себебі немесе нәтижесін білдірсе ол екі етістікпен яғни бағыныңқы сөйлеммен және мақсатты инфинитив көмегімен аударылады. Әдетте сөз таптаорының орын басу амалы немесе қосымша сөздер қосу амалы орындалады. Мысалы: He had an elder brother who had flunked out of law school – Оның емтихандарды тапсыра алмай және сол үшін заң факультетінен шығарылып жіберілген ағасы болды.

Бір ағылшын сөзінің мағынасына, бірнеше орыс сөздерінің ұқсас болуы мүмкін, яғни берілген сөздің орыс тілінде бірнеше аналогтың сәйкестігі болады. Бұл ұқсастықтың түрі – варианттық немесе нұсқалық ұқсастық деп аталады.

Аударма жасағанда, аудармашының ең басты мақсаты – контекстте берілген мәтіндегі сөздерді мағынасына қарай бірнеше лексикалық ұқсастықтардың арасынан бір ғана контекстке сай келетін сөзді тауып аудару. Мысалы: “Anti-war sentiment was high among the delegates”. Сөздік бойынша “sentiment” деген сөздің төрт мағынасы берілген: 1) Сана-сезім, қатынас, көңіл-күй, пікір 2) Сентименттер 3) ой 4) тост. Берілген төрт нұсқаудың біреуі ғана үйлесімді. Осыған орай, аудармашыға дәл ұйқасатын нұсқаудың бірін таңдауы қажет. Мүмкін ол не «қатынас», не «көңіл-күй» болуы мүмкін, осыған таянып, аудармашы бұл сөйлемді былай аударуы мүмкін: «Анти соғыстық көңіл-күй делегаттардың арасында өте жоғары болды». Бірақ, бұл сөйлемнің структурасын өзгертіп, өзгеше де жеткізуге болады: «Делегаттар соғысты тұжырымдап, талқылады».

Көбіне, сөздікте берілген кейбір лексикалық нұсқаулы ұйқастықтар, аудармашыны қанағаттандырмайды. Яғни, аудармашы олармеен қолдана алмайды, мысалға, стилистикалық себептер үшін. Контекстуалды мағынаны көрсету қиын, өйткені сөздік – тек бағытын ғана айтып береді, ал аудармашы өзі керекті сөзді табуы тиіс.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Сөздік ұйқастық дегеніміз не?

2.Үстеулік мағынаға ие етістіктердің адекватты аудармасы нені талап етеді?

3.Үстеулік мағынаға ие етістіктердің аудару заңдылықтары қандай?

4.Нұсқалық ұқсастық дегеніміз не?





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 3310 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...