Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып№47: лексикалық мәселелер



Мазмұны: 1. Лексика

2. Лексикалық аударулар

3. Лексикалық трансформацияларды аударудың ерекшеліктері

Аудармада тілдік жүйенің әр деңгейінің (лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, синтаксистік) бір-бірімен тығыз байланысты екені ерекше көрінеді. Бір тілден екінші тілге аудару мәселесін қарастыруда басты назарды әр тілдің өзіне тән ерекшелігі бар грамматикалық,лексикалық құбылыстарға аудару керек. Дегенмен ортақ грамматикалық сипаттары бар тілдердің аударма тілден өзгеше лексикалық құрылымдарын аударма тілге қалай жеткізудің типтік жолын, мүмкіндігін табуға болады. Әрине, бұндайда әр тілдегі ерекшеліктердің көрінісін есепке алып отыру керек болады.Қазақ тілінің басқа тілдегі өзгеше грамматикалық құрылымдарды жеткізе білу мүмкіндігі, ол өзгешеліктерге белгілі бір сәйкес элементтерге сүйену керек. Аударманың жадында болатын бір нәрсе — ол сәйкестіктердің тек формалық қана сипатына сене бермеу. Мәселем, түпнұсқа тілдегі морфологиялық құралдар (жалғау, көмекші сөз, шылау т.с.с) арқылы берілген мағынаны бара-бар етіп аудару үшін лексикалық бірлік іздеуге немесе синтаксистік бірлікпен мағынаны толыққанды етіп беруге тура келуі мүмкін.Ешқандай теория, соның ішінде аударма теориясы да, типтік құбылыстарды жинақтаусыз іске аспайды. Алайда сол жинақтаулардың өзі де материалдың көлеміне, қандай тұсқа қолданылуына байланысты айқындалады, жіктеледі.

Лексика — тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады.

Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады.

Лексикалық аударулар. Бұл туралы негізгі мәселелер аударманың лексикалогиялық тұрғысына қатысты айтылды. Екі тілдегі сөздердің мағыналық ауқымы әр түрлі болады, соған байланысты түпнұсқа тіліндегі кең мағыналы сөздерді аударуда нақтыландыруға тура келеді немесе, керісінше, түпнұсқа тілдегі тар мағыналы сөзді аудармада кең мағыналы сөзбен береміз. Бұның бірінші тәсілін — нақтыландыру (конкретизация), екіншісін жалпыландыру (генерализация) деп атайды.

Аударма кезінде аудармашылардың неліктен лексикалық трансформацияларға жүгінулеріне тура келеді?

Олар екі тілдің семантикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Сөздердің мағыналық құрылымдары олардың қолданыстары, бір – бірімен сәйкес болу шарттары, әрбір тілдің сөздік қорлары-міне осы факторлар аудармашыға қиындықтар туғызуы мүмкін.

Аударманың трансформациялық теориясының мәні аударма үдерісі барысында ой-мазмұнды толыққанды беру мақсатында түпнұсқалық лексикалық бірліктің ішкі формасын түрлендіруде немесе оны аударма тілінің лексикалық бірлігімен ауыстыруда. Аударманың трансформациялық үлгісін жасауда аудармашы аударма үдерісі кезінде қиыншылық тудырған күрделі мәселені тауып, оның шешімін табу үшін аударманың басты мақсаты оның адекватты болуы екенін ескере отырып, қажетті аудармалық трансформацияларды жасауы тиіс.

Лексикалық трансформацияларды аударудың ерекшеліктері

Ағылшын тілінен қазақшаға аударуда лексикалық трансформациялардың қолдану ерекшеліктерін анықтау болады.

Аударма барысында келесі міндеттерді орындау керек:

Аударманың трансформациялық теориясын қарастыру;

Аудармадағы трансформацияның түрлерін анықтау;

Аудармадағы лексикалық трансформациялардың жіктемелерін қарастыру;

Лексикалық трансформация жасаудың тәсілдерін белгілеу;

Лексикалық трансформацияларға сипаттама беру;

Лексикалық трансформацияларға көркем әдебиеттен мысалдар қарастырып, оларды талдау.

Жоғарыда қойылған міндеттерді орындау барысында ғылыми зерттеу әдістерінің келесі түрлері болу керек:

Жалпылама таңдау әдісі;

Грамматикалық талдау;

Лексикалық талдау;

Синтаксистік талдау;

Семантикалық талдау;

Кешенді талдау әдісі;

Салыстырмалы анализ.

Қандай да бір қалыптағыдан тыс ерекше шарт қоятын контекстіде функционалдық қызметінен ауытқыған басқа бір бірліктер қолданылуы тиіс. Басқаша айтқанда, трансформация жасау қажет.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Лексика дегеніміз не?

2. Сөздің құрамын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?

3. Лексикалық аударулар қандай тәсілдермен жүзеге асады?

4. Аударма кезінде аудармашылардың неліктен лексикалық трансформацияларға жүгінуіне тура келеді?

5. Лексикалық трансформацияларды аударудың ерекшеліктері қандай?





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 4239 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...