Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып№46: Қазақ тілінен ағылшын тіліне поэзияны аудару



Мазмұны: 1. Қазақ тілінен ағылшын тіліне поэзияны аудару

2. Көркем шығармаларды аударудың ерекшелігі

Қазақстанда ағылшын тіл білімінің сан салалы теориялық ұстанымдарын бүгінгі таңда тілдік зерттеулердің бағыт-бағдарын анықтай отырып, көркем шығарманы аудару кезінде шығарманың мазмұнын сол қалпында және оқырманға әсерлі де мәнді етіп маңызды тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретіндіктен, олардың жалпы және жеке лингвистика шеңберіндегі өзіне тән белгілерін саралау, өзге ізденістер қатарында ағылшын тілінен көркем шығарманы аударудың алар орнын нақтылау қажеттілігі ғалымдардың алдына тың әрі көкейкесті мәселелер қойып отыр.

Көркем шығармаларды аударудың ерекшеліктері – лингвистика заңдылықтарына арқа сүйеу арқылы тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі. Көркем аударманың жемісі ретінде зерттеу қарастыратын көркем шығармаларды аударудың ерекшеліктері тәржімесі- алдымен әдебиеттану нысаны.

Аударманың адам қызметінің ең көне түрі екендігі даусыз. әуел бастан-ақ аударма тілі басқа адамдардың бір – бірімен араласуына мүмкіндік тудырып, аса маңызды әлеуметтік қызмет атқарды. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдениетімен танысуына кең жол ашып, басқа халықтардың мәдениетімен тұрмыс – тіршілігімен танысуына жол ашып, сол арқылы әлем әдебиеттері мен мәдениеттері араласып, баюына жағдай жасайды. Шетел тілін білу кітаптың түпнұсқасын сол тілде оқуға негіз бола алады, ал бір адамның кітаптарды әдеби тілдердің баршасында, тіпті көпшілігінде оқи алуы мүмкін емес. Рудаки мен Омар Хаямның, Шекспир мен Гетенің, Толстой мен Достаевскийдің, Абай мен Шәкәрімнің теңдесі жоқ шығармалары аударманың арқасында ғана күллі адамзаттың игілігіне айналды.

Бүгінгі таңда ағылшын тіл білімінде ерекше көңіл бөлініп, тыңғылықты зерттеулерді қажет етіп жүрген проблемалардың бірі және бірегейі – ағылшын тіл білімі теориясының қалыптасу тарихы, әртүрлі лингвистикалық салалар бойынша даму ерекшелігі, аударманың әлемдік деңгейде, алар орны мен қосар үлесі. Осы тұрғыдан келгенде, сан алуан тілдік тұжырымдардың орнығу «соқпақтарына» зер салу, олардың мазмұндық сипатын жан – жақты зерделеу аса маңызды. Өзге тілдердің қатарында ағылшын тілі де XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінен бастап зерттеушілердің нысанына ілікті. Аудармашы ғалымдардың зерттеулеріне сүйене ағылшын тіліндегі көркем шығармаларды қазақ тіліне аударудың ғажайып мүмкіндіктері, тазалығы, шешендік өнері сөз болып, халық қазынасына қосылды, соның нәтижесінде ағылшын тіліндегі шығармаларды оқып, білудің мүмкіндіктері туып отыр.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Көркем шығармаларды аударудың ерекшелігі неде?

2. Қандай ақын жазушылардың көркем шығармалары аударманың арқасында кеңінен тарады?

3. Қай кезеңдерде ағылшын тілі зерттеушілердің нысанына ілікті?





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 1652 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...