Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Клиникалық жағдай



(жедел пневмониямен науқас)

Студентке арналған ақпарат: Сіз ЖДА қабылдауындағы жанұялық дәрігерсіз. Сізге 35 жастағы қызбаға, қақырықты жөтелге, кеуде клеткасындағы ауырсыну мен ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданатын науқас келді. Анамнезінен: жоғарыда аталған шағымдар 4-5 күннен бері мазалайды. Өкпе аускультациясын муляждан тыңдап, өз әрекетіңізді айтып отырыңыз. Алынған мәліметті бағалаңыз. Пациент мәселесін және осы патологияда жүргізілетін негізгі тексеру әдістерінің нәтижелерін қорытындылаңыз.

Экзаменаторға арналған ақпарат: Студентті төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

Бағалау критериилері Балл бойынша бағалау
1. Өкпе аускультациясы кезектілігін сақтады ма (кеуде клеткасының оң және сол жартысының симметриялы нүктелеріне фонендоскоп қойылады, алдымен алдынан және жоғары бұғана асты және бұғана үсті аймақтарынан төмен және екі жаққа, сосын артқа және қолтық астына қарай). 1,0 0,5  
2. Салыстырмалы аускультация тәсілімен негізгі тыныс шуларына баға бер.Науқасты мұрнымен дем алғанда тыңдау керектігін көрсетті ме. (Зақымданған өкпе учаскесі үстінде әлсіреген везикулярлы тыныс)) 1,0 0,5  
3. Қосымша тыныс шуларына баға берді ме. Науқастың аузымен терең тыныс алу керектігін айтты ма.(мысалы: екі өкпенің төменгі бөлімінде ұсақ және орта көпіршікті ылғалды сырылдар, сол жақтан плевра үйкеліс шуы) 1,0 0,5  
4. Шудың жақсы естілетін жағдайын көрсетті ме (бронхофония берілуін «р» әрпі бар сөздерді ақырын сыбырлап айту керек- дауыстың кеуде клеткасына өткізілуі зақымданған учаске үстінде күшейген) 1,0 0,5  
5. Алынған мәліметтер негізінде пациенттің мәселесін қортындылады ма.(екі жақ өкпенің төменгі бөлігінің жедел пневмониясының аускультативті көрінісі). 1,0 0,5  
6. Осы клиникалық жағдайда студент рентгенологиялық зерттеудегі мүмкін өзгерістерді сипаттай алды ма (екі өкпенің төменгі бөлімдерінің инфильтрациясы ошақтары). 1,0 0,5  
7. Осы клиникалық жағдайға тән қосымша мәліметтер бере алды ма(кеуде клеткасы жартысының қалуы мүмкін, күшейген дауыс дірілі пальпациялануы, бронхиалды тыныс естілуі және крепитация мүмкін) 1,0 0,5  

Өте жақсы - (90-100%) – 6-7 Жақсы – (75-89%) – 5-5,5

Қанағаттанарлық – (60-74%) – 4-4,5 Қанағаттанарлық емес - 3,5 және төмен





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 1337 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...