Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Клиникалық жағдай



(жүрек ақаулары кезінде жүрек аускультациясын жүргізу)

Студентке арналған ақпарат: Сіз ЖДА қабылдауындағы жанұялық дәрігерсіз. Сізге 28 жастағы аздаған физикалық күш түскенде ентігуге, жүрек тұсында шаншып ауруға, жүрек жұмысындағы ырғақ бұзылуына шағымданатын науқас келді. Анамнезінен: жүрек ауруымен бала кезінен ауырады. Жүрек аускультациясын муляждан тыңдап, өз әрекетіңізді айтып отырыңыз. Алынған мәліметті бағалаңыз. Пациент мәселесін және осы патологияда жүргізілетін негізгі тексеру әдістерінің нәтижелерін қорытындылаңыз.

Экзаменаторға арналған ақпарат: Студентті төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

Бағалау критериилері Балл бойынша бағалау
1. Жүрек аускультациясы кезектілігін сақтады ма (митралды клапан-жүрек ұшында, қолқа қақпақшасы төстің оң жағында 2-ші қабырға аралығында, өкпе бағаны- төстің сол жақ 2-ші қ/а. Үш ашпалы қақпақша-төстің семсер тәрізді өсіндісінің негізінде, қолқа қақпақшасы- Боткин-Эрба нүктесінде). 1,0 0,5  
2. І және ІІ тондарға сипаттама берді ме (әлсіреу және күшеюі, ІІ тон акценті, екіге бөліну, екі еселенуі). І және ІІ тондардың ең жақсы естілетін нүктелерін, қосымша тондардың болуын көрсетті ме. 1,0 0,5  
3. Жүректегі шуларға сипаттама берді берді ме: - систолалық н/е диастолалық; - шудың белгілері (сипаты, күші, ұзақтығы) - шудың орналасуы (ең жақсы естілетін нүкте) - шудың таралу бағыты (иррадиация) 1,0 0,5  
4. Шудың жақсы естілетін жағдайын көрсетті ме 1,0 0,5  
5. Алынған мәліметтер негізінде пациенттің мәселесін қортындылады ма 1,0 0,5  
6. Осы клиникалық жағдайда студент пульс пен артериалды қысымның мүмкін өзгерістерін сипаттай алды ма. 1,0 0,5  
7. Осы клиникалық жағдайда студент рентгенологиялық зерттеудегі мүмкін өзгерістерді сипаттай алды ма. 1,0 0,5  
8. Осы клиникалық жағдайда студент электрокардиологиялық зерттеудегі мүмкін өзгерістерді сипаттай алды ма. 1,0 0,5  
9. Осы клиникалық жағдайда студент эхокардиологиялық зерттеудегі мүмкін өзгерістерді сипаттай алды ма. 1,0 0,5  
10. Осы клиникалық жағдайға тән қосымша мәліметтер бере алды ма. 1,0 0,5  

Өте жақсы - (90-100%) - 9-10 Жақсы – (75-89%) - 7,5-8,5

Қанағаттанарлық – (60-74%) - 6-7 Қанағаттанарлық емес- 5,5 және төмен

Станция бойынша максималды балл- 10





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 1286 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...