Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Клиникалық жағдай



(муляжда өкпе аускультациясын жүргізу)

Студентке арналған ақпарат: Сіз ЖДА қабылдауындағы жанұялық дәрігерсіз. Сізге 35 жастағы ентігуге, жөтелге, жүрек тұсындағы жайсыздыққа, әлсіздікке шағымданатын науқас келді. Анамнезінен: өкпе ауруымен бала кезінен ауырады, кейбір өсімдіктер мен шаңға аллергиясы бар. Өкпе аускультациясын муляждан тыңдап, өз әрекетіңізді айтып отырыңыз. Алынған мәліметті бағалаңыз. Пациент мәселесін және осы патологияда жүргізілетін негізгі тексеру әдістерінің нәтижелерін қорытындылаңыз.

Экзаменаторға арналған ақпарат: Студентті төменде көрсетілген әр пункт бойынша баллмен бағалаңыз.

Бағалау критериилері Балл бойынша бағалау
1. Өкпе аускультациясы кезектілігін сақтады ма (кеуде клеткасының оң және сол жартысының симметриялы нүктелеріне фонендоскоп қойылады, алдымен алдынан және жоғары бұғана асты және бұғана үсті аймақтарынан төмен және екі жаққа, сосын артқа және қолтық астына қарай). 1,0 0,5  
2. Салыстырмалы аускультация тәсілімен негізгі тыныс шуларына баға бер(науқасты мұрнымен дем алғанда тыңдау керектігін көрсетті ме, везикулярлы тыныс тембрі жағынан «ф» әрпін еске түсіреді, тыныс алу және шығару фазаларының ара қатынасы везикулярлы тыныс алу кезінде 2:1) 1,0 0,5  
3. Қосымша тыныс шуларына баға берді ме (науқастың аузымен терең тыныс алу керектігін айтты ма) 1,0 0,5  
4. Шудың жақсы естілетін жағдайын көрсетті ме (бронхофония берілуін «р» әрпі бар сөздерді ақырын сыбырлап айту керек) 1,0 0,5  
5. Алынған мәліметтер негізінде пациенттің мәселесін қортындылады ма. 1,0 0,5  
6. Осы клиникалық жағдайда студент рентгенологиялық зерттеудегі мүмкін өзгерістерді сипаттай алды ма (өкпе тінінің мөлдірлігінің өзгеруін, өкпеде қуыс н/е тығыздану ошағының болуын, плевралды қуыста сұйық н/е ауа болуын, т.б. патологиялық өзгерістер болуы). 1,0 0,5  
7. Осы клиникалық жағдайға тән қосымша мәліметтер бере алды ма 1,0 0,5  

Өте жақсы - (90-100%) – 6-7 Жақсы – (75-89%) – 5-5,5

Қанағаттанарлық – (60-74%) – 4-4,5 Қанағаттанарлық емес - 3,5 және төмен

Станция бойынша максималды балл- 7





Дата публикования: 2015-06-12; Прочитано: 1103 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...