Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Гудвилл есебі



Кәсіпорын аукционда басқа кәсіпорынның активтерін (НҚ, материалдар, дайын өнімдер және басқалар) сатып алды, сондай-ақ пассивтер кәсіпорынның балансы бойынша 6 000,0 құрады. Активтерді сатуды бөлген жағдайда, олардың нақты бағасы бойынша құрылтайшы 6 000,0 түсім түсіреді. Кәсіпорынды аукционда немесе одан тыс жерде біртұтас түрінде сатқан кезде сатып алу құны 10 200,0 құраған. Активтің бөлініс бағасы мен кәсіпорынды біртұтас түрінде сатқан кезде алынған түсімнің арасындағы айырма сомасы «фирма бағасын» немесе гудвиллді құрайды.

Сатып алушы кәсіпорын активтердің шынайы құнынан артық 4 200,0 төледі. Дәлелдемесі мынадай:

1. Сатып алынған кәсіпорын өткізу нарқында монополияның қайсыбір нысанына ие болған.

2. Кәсіпорынды сатып алғанда сатып алушы фирма ішкі немесе сыртқы нарықтағы өз жағдайын нығайтады.

3. Сатып алушы фирма өндірісті бұрынғы атымен жүргізбек, өйткені оның тауарлары кеңінен танымал және сұранысқа ие.

4. Кәсіпорында білікті қызметкерлер бар.

5. Кәсіпорында пайда әкелгіш тауар белгілері, тауардың шығатын жері, лицензиялар бар.

6. Кәсіпорын сатып алынатын материалдық ресурстарды өткізу нарқына жақын орналасқан.

I нұсқа

Сатып алынған кәсіпорын заңды тұлға мәртебесін, дербес немесе жеке балансын сақтайды.

1. Сатып алынған кәсіпорынның активтерінің құны шегінде төленген толық баланстық құнына Д-т 3010 К-т 1040

2. Кәсіпорынды сатып алу құнының оның барлық активтерінің құнынан арту сомасына Д-т 2730 К-т 1040

3. 10 жыл ішінде, бірақ субъект қызметінің мерзімінен аспайтындай мерзімде МЕА тозуына есептеу жүргізіледі 4 200,0/120 ай = 35,0 (ай сайын) Д-т 8045/ негізгі өндіріс К-т 2740- 35,0

4. Егер қандай да бір себептерге байланысты гудвиллдың есептелген амортизация сомасы оның құнын жаппаса, онда айырма зиянға есептен шығарылады, бұл орайда Д-т 7210 К-т 2730 және жыл соңында Д-т 3010 К-т 7210

II нұсқа

Жұмыс істеп тұрған кезінде сатып алынған кәсіпорын заңды тұлға мәртебесін жоғалтады, оның активтері мен пассивтері сатып алушы фирманың балансына қосылады.

1. Баланста көрсетілген құнға Д-т 3010 К-т 1040- 6 000,0

2. Кәсіпорынды сатып алу құнының олардың барлық активтерінің құнынан арту сомасына Д-т 2730 К-т 1040- 4 200,0

3. Сатып алынған кәсіпорынның барлық активтері акт бойынша қабылданды Д-т 10, 12, 20, 22, 32, 33, 40, 44, 45 және т.б. бөлімшелер К-т 3010 – 6 000,0

4. Сатып алынған кәсіпорынның барлық пассивтері акт бойынша қабылданды Д-т 3010 К-т 11, 13, 50, 56, 60, 61, 63, 65, 66, 67, 68 және т.б. бөлімшелер – 6 000,0

5. 10 жыл бойынша ай сайын есептелген амортизация Д-т 8045 К-т 2740 – 35,0

6. 10 жылдан кейін гудвилдың есептен шығарылуы Д-т 2740 К-т 2730- 4 200, 0

Бедвилл жағдайында сатып алынған кәсіпорын құны 10 000,0,7 000,0 сатып алынған, бедвилл – 3 000,0

а) Д-т 3010 К-т 1040- 7 000,0

б) Д-т 3010 К-т 6160- 3 000,0

в) жыл соңында Д-т 727 К-т 571

Тауарлы – материалдық қорлардың есебі

1. Материалдық қорлар, оларды есепке алудың міндеті мен жіктемесі

Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар еңбек заттары да қатысады.

Өндірістік қорлар- бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.

Кәсіпорындағы тауарлы- материалдық қорлардың есебі №7 «Тауарлы- материалдық қорлардың есебі» БЕС-ына сәйкес ұйымдастырылады, онда мыналар белгіленген:

1. Стандарт әрекетінің аясы.

2. Тауарлы – материалдық қорлардың өлшемдері.

3. Тауарлы- материалдық қорлардың өзіндік құны.

4. Тауарлы- материалдық қорларды бағалау.

5. Шығысты тану.

6. Есеп берудің ашылуы.

Тауарлы – материалдық қорлар – бұл:

1. Шикізат қорлары, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен кешендік бұйымдар (тетіктер), отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және өндірісте немесе жұмыстарды, қызметтерді орындау кезінде пайдалануға арналған өзге материалдар;

2. Аяқталмаған өндіріс;

3. Субъектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім, тауар түріндегі актвитер.

Тауарлы – материалдық қорларды есепке алудың негізгі міндеттері мыналар:

1. Қорлардың уақтылы және толықтай кірістелуіне, олардың сақталу жеріндегі және қозғалысының барлық сатыларындағы сақталуына бақылау жасау;

2. Қорлардың қозғалысы жөніндегі барлық операцияларды уақтылы және толықтай құжаттау;

3. Көлік- әзірлеу шығындары (ауытқуы) мен әзірленген қорлардың нақты өзіндік құнын уақтылы және дұрыс анықтау;

4. Көлік - әзірлеу шығындарын айналым шығындарына біркелкі және дұрыс есептен шығарылуын бақылау;

5. Қойма қорларының жағдайына бақылау жасау;

6. Ішкі ресурстарды ұтқыр қолдану мақсатында субъектіге керек емес материалдық қорларды анықтау және сату;

7. Сақталатын жерлердегі қорлардың қалдықтары мен қозғалысы жайлы дәл мәліметтерді алу.

Материалдық құндылықтарға әрекеттік бақылаудың қажетті шарты болып табылатындар:

· жабдықталған қойма үй- жайларының болуы;

· материалдарды қоймалардың секциялары бойынша, ал олардың ішінде жекелеген топтар бойынша орналастыру;

· материалдық құндылықтарды қабылдау мен босатуға жауапты адамдар тобын белгілеу;

· тауарлы- материалдық құндылықтарды қабылдау мен босату құжаттарына қол қою құқы берілетін лауазымды адамдар тобын белгілеу.

Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қажеттісі:

1) материалдық тауардың бірегей номенклатурасын әзірлеу;

2) құжат айналымының айқын жүйесі және тауарлы – материалдық құндылықтарды кіріс ету және есептен шығару жөніндегі операцияларды ресімдеу тәртібін сақтау;

3) бастапқы құжаттардың есептік нысандарын біркелкі қалыпқа келтіру;

4) тауарлы – материалдық қорларға тұрақты түрде түгендеу жүргізу;

5) бухгалтериядағы материалдардың есебі учаскесін компьютерлендіру.

Өндірістік қорлар функционалдық бағыты бойынша былайша бөлінеді:

1. Шикізаттар мен материалдар – бұлөнім әзірленетін еңбек заттары. Олар өнімнің материалдық (заттық) негізін қалайды. Бұл орайда шикізат – бұл ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіптің өнімдері (астық, мақта, сүт, мұнай, кеніш, газ). Негізгі материалдар – бұл ұқсатушы өнеркәсіптің өнімдері (ұн, мата, қант, темір, былғары). Көмекші материалдар- бұл шығарылатын өнім құрамына енетін материалдар, бірақ негізгі материалдардан ерекшелігі - өнімнің заттық негізін қаламайды. Бұл материалдарды негізгі материалдарға қосымша ретінде өнімге қажетті сапа беру үшін қолданылады (желім, лак, бояулар).

2. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жиынтықтаушы бұйымдар – бұл белгілі бір өңдеу сатыларынан өткен, бірақ әлі дайын өнім болып табылмайтын шикізат пен материалдар. Әзірленген өнімде негізгі материалдар сияқты рөлді атқарады, яғни оның материалдық негізін құрайды (тоқыма өндірісінде иірілген жіп, машина жасаудағы моторлар, автомобиль жасаудағы дөңгелектер).

3. Отын- бұл мұнай өнімдері (мұнай, бензин, керосин, дизель отыны), қатты отын (көмір, фтор, ағаш отын) және газ тәрізділер. Отындар былайша бөлінеді:

а) технологиялық (технологиялық мақсат үшін);

б) қозғалтқыш (жанар май);

в) шаруашылық (жылу үшін).

4. Ыдыс және ыдыс материалдары – бұл әр түрлі материалдарды буып – түюге, тасымалдауға, сақтауға пайдаланылатын заттар (қаптар, жәшіктер, қораптар). Былайша бөлінеді:

а) қызмет мерзімі мен құнына байланысты НҚ немесе материалдардың құрамында ескерілетін инвентарлық ыдыс;

б) өндірістік қорлардың құрамында ескерілетін инвентарлық емес ыдыстар;

Жеткізу талаптарына сай ыдыстар қайтарымды (әдетте көп рет пайдаланылатын) немесе кепілді болуы мүмкін. Мұндай кезде жеткізуші сатып алушыдан кепіл алады, ал оны ыдыс тапсырылғаннан кейін қайтарады.

5. Қосалқы бөлшектер тозған тетіктер мен машиналық жабдықтарды жөндеуге және алмастыруға қызмет етеді.

6. Өзге материалдар – бұл өндіріс қалдықтары (сынықтар, кесінділер, ұнтақтар), түзелмейтін ақаудан қайтарылатын қалдықтар, НҚ шығарылуынан алынған материалдық құндылықтар.

7. Құрылыс материалдарын құрылысшы кәсіпорындар қолданады және құрылыс бұйымдарын әзірлеу, құрылыстарды көтеру және әрлеу, үйлер мен ғимараттар үшін бөліктер салу үшін құрылыс – монтаж жұмыстары кезінде тікелей пайдаланылады.

Материалдық қорлардың барлық түрлерінің есебі 20 – «Материалдар» бөлімшесінің негізгі, активтік, инвентарлық шоттарында жүргізіледі.

Материалдық емес активтердің амортизациясы (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте- бірте төмендету) субъектінің қызмет ету мерзімінен артпайды. Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасына неғұрлым жуық негізді жүйелі түрде бөлінеді.

Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу 6-«Негізгі құрал- жабдықтар есебі» БЕС- нда (Бухгалтерлік есеп стандарттары) белгіленген тәсілдер жолымен анықталады, бірақ қолданылатын тәсіл активті қолданудан түскен экономикалық пайданы тұтыну үлгісін көрсетеді. Егер экономикалық пайданы тұтыну үлгісін анықтау мүмкін болмаса, онда тіксызықты есептен шығару тәсілі қолданылады.

Амортизацияланатын құн- «бастапқы құн минус жойылу құны» болып айқындалады.

Жойылу құны нөлге тең есептеледі, егер:

1. Пайдалы қызмет ету мерзімі соңында оны сатып алу туралы үшінші жақтың келісімі болмаса.

2. Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін белсенді нарық болмаса:

а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мұндай нарықтың болуына.

ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса.

Нарық белсенді деп саналады, егер:

- нарықтағы тауарлар біртекті болса (компьютерлік бағдарламалар нарығы);

- мәмілеге келуге ниетті – сатушылар мен сатып алушыларды қай уақытта да табуға болатын болса;

- сатып алынатын және сатылатын тауарлар халыққа қолайлы, арзан бағаларда болса.

Материалдық емес амортизацияны есептегенде оларды қолдану орнына байланысты мынадай бухгалтерлік жазбалар жасалады:

8045 «Материалдық емес активтердің амортизациясы», 7110 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізу бойынша шығындар», 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар» шоттарының дебеті.

2740 «Материалдық емес активтердің тозуы» шоттарының кредиті.





Дата публикования: 2015-04-06; Прочитано: 1577 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...